Балжан Сұлтанқызы Шумекеева
№ 19 орта мектеп
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МІНДЕТТЕРІН ІСКЕ
АСЫРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мен 2014 жылдың қаңтар айында Ақтау қаласында «Қазақстанда
инклюзивті білім беру»тақырыбында облыстық семинарға және маусым айында
Алматы қаласында "Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып
оқушыларын түзете-дамыта оқытудың мазмұны мен ұйымдастырылуы"
тақырыбында
курсқа
қатыстым.Курста
инклюзивті
білім
берудің
638
әдістері,субьектілері, нормативті-құқықтық базасы,міндеттерді іске асырудың
технологиялық мүмкіндіктері,жүзеге асыру шарттары туралы мол мағлұмат
алдым.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға
айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған
негізгі міндет – олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоғамдағы
толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.
Инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде
белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық
дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқушының эмоционалдық және
психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі болғандықтан білім
алуда өз ерекшеліктері бар.Десек те, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға
ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.
Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді
қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту
сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы
мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға
жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып
ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа
кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды.Екіншіден,
олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына
сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден, білім беру бағдарламасының әртүрлілігі.
Төртіншіден, мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы
педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды
оқытудың бірінші сатысынан-ақ қиыншылықтарға тап болады.
Инклюзивті
білім берудің
мақсаты: даму
мүмкіндігі
шектеулі
балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру,яғни,сау балалармен бірге
жалпы білім беру мектептерде немесе арнайы құрастырған топтарда,
сыныптарда дамуда мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту,адамның
жынысына,дініне,шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім
беру жүйесі болып табылады.Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың
жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту
процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады
.
Инклюзивті
білім беру-жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды
бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады.Кемтар
балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға
немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын
мектептерге ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарлама
бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер,
балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың
деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер
инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн.
639
Мемлекетіміз алғашқы қадам жасай отырып, Мемлекетік білім беруді
дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет
инклюзивті білім беруді дамытуды қосқан болатын.
Бүгінгі таңда іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, елімізге мүмкіндігі
шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасын жасау қажет.
Қазақстанда
мүмкіндігі
шектеулі
балалар
арнайы
мекемелерде
оқытылатындықтан, олар өзге балалардан бөлектенген.Бұл мекемелерде
көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Қазақстанда қазір оларда бір
жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан олардың да дені сау екендігін
түсіндіріп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу керек. Тек
олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу
бағдарламасына кіріктірген жөн.Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық
реформа жүргізу керек.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі
артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл
баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен
қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады.Оқытудың бұл
түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан
алшақтамай,яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай,
тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан
бейімделеді.Ата–анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене
қатысып,жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
Инклюзивті оқыту - мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік
береді,олардың оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады,адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік
алады,өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге үйренеді.
Кемтар балалардың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп
интернаттарға,
психологиялық-педагогикалық
түзеу
кабинеттері
мен
сыныптарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің ұсынысы бойынша
жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Жалпы мектептер
мен балабақшалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің
қорытындысы
бойынша
көрсетілген,яғни,баланың
деңгейіне
қарай
жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті
оқытуға дайын болғандары жөн. Бірақ кейінгі кезде жалпы инклюзивті білім
беру тұрғысында кейбір түйткілді мәселелер бар екенін жасыруға болмайды.
Солардың бірі – осы бағытта оқытатын педагогтардың жетіспеушілігі.
Екіншіден, мүгедек балалардың барлығын бірден партаға отырғызып, оқытып
кетудің мүмкін еместігі. Үшіншіден, оқытқанның өзінде көпшілік ата-аналар
тарапынан кеңінен қолдау таппай отырғандығы. Өйткені, «неге менің дені сау
балам мүгедек баламен сыныптас болуы керек?» деген теріс көзқарастың да бой
көрсетіп қалатындығы. Бұл – қате түсінік. Неге десеңіз, ол бала мүгедек болға-
нымен, бас еркі өзіндегі азамат. Қайда, қай мектепте оқимын десе де хақы
640
бар.Оларды ата-аналары көмекші не арнаулы мектептер мен мектеп
интернаттарға,
психологиялық-педагогикалық
түзеу
кабинеттері
мен
сыныптарға бергісі келмесе, жалпы балалар оқитын мектептерге жеңілдетілген
бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Сондықтан, қазір бұл жүйе
мектепке дейінгі мекемелерде де біртіндеп қолға алынуы тиісті.
Инклюзивті
білім
беру
саласында
әлеуметтік
педагогтың,
психологтың,дефектолог маманның ролі ерекше.Бұл саладағы оқушылар
ерекше
назарда
болады.Даму
мүмкінділігі
шектеулі
балалардың
кейбіреулерінде өзіндік қабілет,ерекшелік бар.Мысалы:кейбіреулері би
билеуге,спортқа,сурет
салуға
қызығады,осындай
қызығушылығы
мол
балаларды әрі қарай дамыту әлеуметтік педагог пен әрбір мұғалімнің міндеті.
Инклюзивті
оқытуға
жалпы
мектептерде
арнайы(психолог,әлеуметтік
педагог,олигофренолог,логопед)мұғалімдер
болмаған
жағдайда,
тәрбиешілерді,бастауыш сыныптың мұғалімдерін,әртүрлі пән мұғалімдерін
мүмкіндігі шектелген, кемтар,мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курстарына
оқытып алулары керек.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы даму
мүмкінділігі шектеулі балаларға арналған Аймақтық психологиялық-
медициналық-педагогикалық концультация мемлекеттік мекемесінің арнайы
балабақшасында мүмкіндігі шектеулі әртүрлі категориядағы 59 бүлдіршін
тәрбиеленсе,арнайы мектебінде 123 бала білім алуда. Ал қаладағы 21 мектепте
оқитын 61 даму мүмкінділігі шектеулі балалардың 46-сы арнайы сынып
бағдарламасымен үйде оқыса,15-і дені сау балалармен қатар мектепте
оқиды.Біздің қалада инклюзивті оқыту саласы әлі жолға қойылмаған.Бірақ
жалпы білім беретін орта мектепте оқитын даму мүмкінділігі шектеулі 15
оқушы барлық балалармен бірдей тең дәрежеде оқып жүр.Олар мектепте тек
білім алып қана қоймай, мектеп өмірінде болып жатқан қоғамдық
жұмыстарға,түрлі байқаулар мен танымдық сайыстарға қатысуда.
Даму мүмкінділігі шектеулі балаларға жалпы білім беретін орта мектепте
инклюзивті білім беру үшін алдымен төмендегі жағдайларды шешіп алған
дұрыс деп ойлаймын:
- мүмкіндігі шектеулі балалардың өзгелермен бірдей білім алуын толық
қамтамасыз
ету
үшін
арнайы
педагог(психолог,әлеуметтік
педагог,сурдопедагог,тифлопедагог,логопед) мамандар қажет;
- сабақтан тыс уақытта мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке-дара жұмыс
жүргізетін бос оқу бөлмелері болса;
-
бұл
топтағы
балалармен
сабақ
барысында
тренингтер,ойындар,жеке,топтық
жұмыстар,сергіту
сәттері
жиі
ұйымдастырылса;
- бұл топтағы балаларды шығармашылыққа,яғни,сурет салуға,қолөнер
бұйымдарын жасауға,ән айтып,би билеуге,ақындық өнерге баулуға және түрлі
сайыстар мен байқауларға қатыстыруға мамандар тарапынан қолдау көрсету;
- дені сау балалар тарапынан ауру балаларға дөрекі қарым-
қатынас,немқұрайлылық болмауын мұғалімдер қатаң бақылауға алуы тиіс;
641
- жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды
қашықтықтан оқытуға жағдай жасау керек;
-
мектепті арнайы қажетті әдебиеттермен,көрнекілік-әдістемелік
құралдармен,ақпараттық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету қажет;
- облыстық,қалалық пікір алмасу,тәжірибе бөлісу семинарларын,шеберлік
сыныптарын жиі өткізіп тұру керек.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі сапалы
нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолдары-жаңа технологияны игеріп,
компьютерді,электрондық оқулықтарды,интерактивті тақтаны пайдалану,
дидактикалық
ойындарды
ойнату.
Компьютерді
пайдалану
арқылы
оқушылардың дидактикалық мүмкіндіктерін дамытуға, логикалық ойлау
жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.
Компьютерлік технология терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін өзара
іс-қимылды қабілетті қамтамасыз етудің, қоршаған ортамен қатынас
жасаудың,баланы оқыту қызметін ынталандырудың таптырмас құралы. Оқыту
құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке,
сыныппен болғаны дұрыс.Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар
кеңінен беріліп түсіндіріледі.
Баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының,
қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек
қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді
қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың
тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын
дамыту үшін қазіргі таңда қолданылатын «Сағат тілі», «Тостақшы», «Барабан»
сияқты көптеген дамыту жаттығуларын пайдалануға болады. Ең бастысы
мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне
жағдай жасауымыз керек.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын
қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды
қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі
болып табылады. Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім
бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі төмен және
мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Әр
оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай
жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік
дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.
Менің сыныбымда өткен оқу жылында осындай топқа жататын 2 оқушы
оқыды. 1-сынып болғандықтан дидактикалық ойындар ойнату арқылы
олардың ойлау қабілетін дамытумызға болады. Ойын түрлеріне тоқталсақ:
Ойын:«Бірдей пішіндерді сана».
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол
қимылын жаттықтыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішінді суреттер.
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі.
Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау керек.
642
Ойын: «Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды
сәйкес пішіндермен толтырту.
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды
сәйкес пішіндермен толтырады.
Ойын: «Қандай пішін жетіспейді».
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін
жетіспейтінін тапқызу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер (қораптан алу).
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді
жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін
табады.
Сондай-ақ, инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде
компютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті
жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі
шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмақ емес.
Жалпы білім беретін мектептердің жанынан инклюзивті сыныптарды
ашудың артықшылығы - онда даму мүмкінділігі шектеулі балалар өздерін
басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінеді,
үлкендермен, достарымен, ұстаздармен, жалпы айналамен қарым-қатынасы
жақсарады, оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды уақытында
жеңіп,сапалы білімге қол жеткізеді.
Мен курсқа барып келген соң кері байланыс есебінде мектепте осы оқу
жылында мұғалімдер арасында «Инклюзивті білім беру міндеттерін іске асыру
жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізген болатынмын.Мұғалімдерге
инклюзивті білім берудің мақсаттары,принциптері,технологиялары жөнінде
бейнероликтер,сызбалар,әдіс-тәсілдер арқылы түсінік бердім.
Шеберлік сыныбы
Достарыңызбен бөлісу: |