Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет115/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   250
Роза Нсангалиевна Куракова 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» 

АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 

Қазақстан, Атырау 

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 



ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Мақалада  жеке  тұлғаның  өзгермелі  ортада    қарым-қатынасқа  түсе  алу 



қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алу деңгейінің көрсеткіші ретінде 

функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі туралы баяндалады. Сол 

арқылыбаланың  табиғи  күштері  мен  мүмкіншіліктерінің  өзіндік  ашылуына 

қолайлы  жағдай  жасап,  өзінің  бар  мүмкіндігін  жұмсайтын  ұстаз  еңбегі 

сипатталады.  

 

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, 



қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай». 

Сократ 

Қазіргі  қоғамдағы  қайта  құрулар, ғылым  мен  техниканың  қарыштап  өсуі, 

қоғамның  ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы-білім  беруге  жаңаша  талаптар  

қоюда. 


Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық 

тұрғысында  қарастырады.  Сондықтан  білім  сапасының  мәселесі  жеке  тұлғаны 

дамытуға,  өзгермелі  ортаға  бейімделуге,  оның  жоғары  адамгершілік  пен 

кәсібилікке  ұмтылысын  қалыптастыруға  бағытталған  міндеттер  кешенін  шешуге 

байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. 

Білім    берудегі    жаңашылдық    сыртқы    және  ішкі    факторлардың  әсерінен  

туындап    отырады.  Сыртқы    факторлар  саяси  әлеуметтік,  экономикалық  

өзгерістер,  әлемдік    деңгейдегі      білім    берудің    жаңа    үрдістері    десек,  ал    ішкі  

факторлар – білім  беру  жүйесінің өзіне  тән  ішкі жағдайымен  анықталады.  



325 

 

Қазіргі  кездегі  білім  мен  тәрбие  берудегі  негізгі  мақсат  -  жан  -  жақты  білімді, 



өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім, білік дағдысын қолдана алатын, іскер, өзіндік 

ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсат функционалдық 

сауаттылықты дамытуды көздейді. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы 

ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе 

алуы  мен  қарым-қатынас  жасай  алу  деңгейінің  көрсеткіші.  Білім  беруді  жаңарту 

ұстаздың  білімін  ғана  емес,  оларды  қолдану  дағдыларын,  атап  айтқанда, 

функционалдық  сауаттылығын  немесе  құзыреттілігін  дамыту  болып  табылады. 

Ұстаз  тарапынан  оқушылардың  бойында  өзіндік  білім  алу,  талдау,  құрастыру, 

қоғамдық  өмірде  өзін-өзі  жан-жақты  таныту  үшін  алған  білімін  тиімді  пайдалана 

білу  дағдыларын  қалыптастыру  және  қоғамға  пайда  келтіру  маңызды  әрі  күрделі 

мәселе  болып  табылады.  Функционалдық  сауаттылық  -  оқушының  оқу  әрекетіне 

байланысты  проблемаларды,  өмір  сүру  барысында  туындайтын  стандарттық 

проблемаларды,  құндылықтар  жүйесінде  бейімдеуге  қатысты  проблемаларды, 

кәсіби  білімге  дайындалу  барысында  туындайтын  проблемаларды  шеше  алу 

қабілеті. 

Қазіргі  өзгермелі  әлемде  функционалдық  сауаттылық  әлеуметтік,  мәдениет, 

саяси және экономикалық іс-әрекетке және өмір бойы оқуға адамдардың белсенді 

қатысуына  ықпал  етуші  негізгі  фактор  болып  табылады.  Функционалдық 

сауаттылық  адамның  мамандығына,  жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп 

отыруы.  

Мұндағы  басшылыққа  алынатын  функционалдық  сапалар:  белсенділік, 

шығармашылық  тұрғыда  ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  өз  кәсібін  дұрыс  таңдай 

алуға қабілеттілік тағыы басқа. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан 

Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын 

қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін 

қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 

Бұл жерде мұғалімге оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты 

өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес 

келетіндігін  білетін,  оқушылардың  игерген  білімі  мен  оқушылар  мойындаған 

«Бұдан әрі неге қол жеткізу керек?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не 

істеу  керек?» деген  сияқты  табыстылық  өлшемдері  арасындағы  алшақтықты жою 

үшін не істеу керек екенін біле алуы қажеттігі туады. 

Заман ағымына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары зерделі, жан- жақты 

дамыған  маман-уақыт  талабы.  Кеше  ғана  көк  туын  желбіретіп  шаңырақ  көтерген 

егемен  елімізді  өркениетке  жетелейтін  білім  бастауында  мектеп,  ал  оның 

көшбасында  жас  ұрпақтың  бойына  білім  негізінің  мәңгілік  іргетасын  қалаушы  

ұстаз тұрады. 

Бұған  дәлел  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  Г.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық  университетінде  оқыған  дәрісінде:  «...білім  беру  ұғымының  өзі  өзгеруде 

және  кеңеюде.  Жеке  тұлғаны  функционалдық  әзірлеу  тұжырымдамасынан  жеке 

тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшудеміз. Жаңа тұжырымдама білім берудің 

даралық  сипатын  көздейді,  ол  әрбір  нақты  адамның  мүмкіндіктерін  және  оның 

өзін-өзі  іске  асыруы  мен  өзін  –  өзі  дамытуға  қабілеттілігін  ескеруге  мүмкіндік 



326 

 

береді» - деп көрсетті. 



Сапалы  білім  алған,  танымдылығы  жоғары,  құзыретті,  бәсекелестіктің  қайсыбір 

мықты  тегеурініне  төтеп  бере  алатын  оқушылар  ғана  болашақтың  кілтін  аша 

алады. 

Қазақстаннның  халықаралық  салыстырмалы  зерттеулерге  қатысуы  елдегі 

білім  сапасын  арттыруда  стратегиялық  маңызы  зор.  Зерттеулер  нәтижесінде 

алынған  мәліметтер  әлемдік  білім  беру  жүйесінде  қазақстандық  білім  сапасын 

анықтауға  қатысты  болжамдар  жасауға  бағыттайды.  Осыны  ескерсек    болашақта 

пән мұғалімдері мына жағдайларға назар аударғаны дұрыс: 

  халықаралық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін білу;  

  өткізу стандарты мен нәтижесінің бағалануын ажырату; 

  зерттеу сауалнамаларына жауап бере білу

  тапсырмаларды талдай білу;  

  оқушылардың  функционалдық  жаратылыстану  –  ғылыми  сауаттылығын 

дамыту және бағалау жолдарын білу;  

  оқушылардың  оқу  барысында  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік 

жағдайларда қолдана білу жолдарын  үйрету;  

  PISA бағдарламасы емтихандарына қалай дайындауды үйрету; 

  оқушылардың сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту;  

  мәтінмен жұмыс жасау, талдау, берілетін сұрақтарды классификациялау;  

  белсенді оқыту әдістерімен өзара тәжірибе алмасу; 

  жаңа  білім  жүйесінің  қызметкеріне  қойылатын  бүгінгі  күннің    өзгерген   

талабын талдай алуы. 

Болашақтың 

келбеті-бүгінгі 

жастардың 

білімі, 


өнері, 

мәдениеті, 

шығармашылығы арқылы жүзеге асады. Демек, кешегі, бүгінгі, ертеңгі, бір сөзбен 

айтқанда,  қай  кездегі  болмасын  білім  берудің  көздеген  басты  нысанасы  -жан-

жақты жетілген, білімді де, саналы, еліне, жұртына адал қызмет ете алатын өрелі 

ұрпақ тәрбиелеу. 

Бұл  орайда  негізгі  мақсат-баланың  табиғи  күштері  мен  мүмкіншіліктерінің 

өзіндік  ашылуына  қолайлы  жағдай  жасап,  өзінің  бар  мүмкіндігін  жұмсайтын 

шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.  

Ол үшін: 

 

білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара 



тұлғаға бағытталуы; 

 

әр  баланың  білім  алудағы  өз  қабілеті  мен  ынтасына  сай  туындаған 



сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту; 

 

оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке баулу арқылы өз 



мүмкіндігін сезінуге, өз бетімен білімін толықтыруға үйрету; 

 

баланың  қызығушылығы  мен  ынтасына  сай  білім  сұранысын 



қанағаттандыру үрдісін өзіне лайық кәсіби бағдар алумен ұштастыру керек. 

Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасауды іске асыруда: 

 мұғалімнің міндеті - танымдық іс- әрекетті ұйымдастырушы

 негізгі талабы – оқушының ойын дамыту; 

 қызметі – кеңес беру, бағыттап отыру; 



327 

 

 оқыту әдісі – ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру. 



Мұғалім-оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан алуан жолынан адаспай 

өтуде  оған бағыт  беріп,  жөн  сілтеуші,  баланы  адамгершілікке,  еңбек  сүйгіштікке, 

адалдыққа баулитын жан. 

Кәдімгі  бал  арасы  бір  шай  қасықтай  ғана  бал  жинау  үшін  жүз  мыңдаған 

гүлдерден  шырын  сорып,  гүл  мен  ұясының  арасында  сан  мыңдаған  шақырым 

аралықты  ұшып  өтеді.  Сол  бір  бармақ  басындай  ғана  балдың  қаншама  еңбекпен 

келетінін  көп  ретте  пайымдай  бермейміз.  Ұстаз  еңбегі  де  тап  бір  бал  арасының 

еңбегі іспетті. 

Ұстаз  ұлағатын  шәкірті  ешқашан  ұмытпайды.  Бала  кезден  оқушының 

бойындағы  алғырлық  пен  талантты  ұштай  білетін,  барлық  тәлім  мен  тәрбиесін 

аямайтын  «ұлағатты  ұстаз»  деген  атқа  ие  болу  кез  келген  жанның  қолынан  келе 

бермейтін іс.  

Ұлы ғұлама Летурноның сөзімен айтқанда: «Егер сен тәнді шынықтыру, ерік-

жігерді  шыңдау,  жүректі  ізгілендіру,  ақыл-ойды  жетілдіру  және  сана-  сезімді 

теңестіру әдістерін білетін болсаң- онда сен нағыз ұстаз, тәрбиешісің». 

Еліміздегі  оң  өзгерістерді,  әлемдік  тәжірибелерді  ескере  отырып,  білімнің  басты 

күш  екенін  ескергеніміз  абзал.  Сол  арқылы  білім  мазмұнын  жаңартуға  қол 

жеткізуге  болады.  Оны  жүзеге  асыруда  мақсатты  түрде  мұғалімнің  деңгейінің 

үздіксіз  өсуіне  жағдай  жасау,  көмек  көрсету,  шығармашылығын  табысты 

дамытудағы жауапкершілікті, сезінушілікті ұйымдастыруға ықпал жасау, үніне үн 

қосу білім мекемесі басшыларының бірден-бір міндеті. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай:  «Ертеңін  ойлайтын,  болашағына  үмітпен 

қарайтын көшпелі ел, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне, шәкірт біліміне ерекше назар 

аударады,  қандай  байлық  болмасын,  оның  түбі  бір  сарқылатыны  хақ. 

Сарқылмайтын,  терең  бойлаған  сайын,  керісінше  еселеп  арта  беретін  бір  байлық 

бар, ол - білім». 

Демек,  еліміздегі  оң  өзгерістерді,  әлемдік  тәжірибелерді  ескере  отырып, 

білімнің  басты  күш  екенін  ескергеніміз  абзал.  Сол  арқылы  білім  мазмұнын 

жаңартуға қол жеткізуге болады. 

Әрі  қиын,  әрі  қызық,  әрі  тиімді  білім  –  өзің  іздеп,  өзің  тауып,  өзің  зерттеп, 

өзің қорытып тапқан білім.  

Ұстаз алдында тұрған міндет-талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып, оны 

өсіріп  шығару.  Жеке  тұлғаға  жету  үшін  әр  оқушының  қабілетін  танып,  біліп, 

дамытып,  шыңдап,  жол  сілтеп  Адам  дәрежесіне  жеткізу  керек.  Ол  үшін  оқыту 

мазмұнын, білім беру технологиясын өзгерту, яғни баланың талантына, дарынына, 

талап – тілегіне қарай жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. 

Ұлы  педагог  Я.А.Каменский:  «Педагог-мәңгі  нұрдың    қызметшісі,  ол  барлық  ой  

мен  қимыл-әрекетіне ақылдың  дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын 

иесі»,-деуі  үнемі    шығармашылық  ізденісте  болып,  өз  білімі  мен  біліктілігін 

жетілдіруге жұмыстанушы ұстаз мәртебесін айқындайтын ой екенін ұғынған жөн. 

Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық 

үрдістің  бірізділігін  және  оқу  мен  тәрбиенің  біртұтастығын  сақтай  отырып, 

оқушының  рухани  өсуіне  жағдай  туғыза  алатын,  жаңалықтарды  қабылдауға 



328 

 

ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де 



даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі    2012-

2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары. 

(Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  25  маусымдағы  №832 

Қаулысы) 

2. 2012  жылғы  5  қыркүйекте  Назарбаев  Университетіндегі  Қазақстан 

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интерактивті дәрісі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет