екінші
тетігі
(механизмі) – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің
оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып
жазылып, оны оқытумен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни интербелсенді
әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары
теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар анна тілінің
келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функциональдық сауаттылықтың үшінші
тетігі (механизімі) – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни
бағалау жүйесі функциональдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей
бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау–оқу пәні бойынша оқыту сапасын
диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне
сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау–әрбір деңгейд іаяқтау
бойынша білім алу шының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ,
ОЖСБ жәнет.б.), сондай-ақ халқаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және
PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы
бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне
білім алушыларға қатысты. Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі
бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы
жүзеге асырылады. Біздің тәжірибемізде, осы аталған білім алушының бағалау
жүйесі ұлттық төлтехнологиямыз«Сатылай кешенді талдауда» қолданылып
келеді. Бұл жоғарыдағы аталған басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік,
әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, пәндік құзыреттіліктерді білім алушы бойына
дарытады. Оның дәлелі«Сатылай кешенді талдау» технологиясымен білім алып
отырған оқушылармен оларға білім беруші мектеп мұғалімдерінің жыл
сайынғы жетіп отырған жетістіктері, бастауыш сыныптан бастап, орта, жоғары
буын сыныптарынан оқушылардың олимпиядаларға қатысып, жүлделі
орындарға ие болуы.
Ал функциональдық сауаттылықтың төртінші тетігіне (механизіміне)
тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен
қамтуды жатқызады. Шынтуайтына келгенде, бұл мәселе бізде толық жүзеге
асып отырмағандығы белгілі. Себебі, әлі күнге дейін стандарт пен оқулықтарға
айтылған сын түзелмей отырған кезеңде мұндай қосымша білім
423
функциональдық сауаттылық өз деңгейінде жүзеге асып отыр дегенді айта
алмаймыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың мына
бір қағидасын басшылыққа алсақ, функциональдық сауаттылықтың төртінші
механизмі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: «Балаға ең қымбат, ең жылы,
жақын нәрсе–туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық.
Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды
баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады,
бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп,
жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен
шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір
жүзінде пайдаланатын болады.
... Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін
үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда
кәсібімен,
қатынасу
жолдарымен
таныстырып,
жергілікті
тарихи
ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат
нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,–деп бүгінгі заманда білім
беру талабына сай функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен
айтпаса да, терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егер де біз
қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды
басшылыққ ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын
болсақ, онда функциональдық сауаттылықтың төртінші механизімі өз
дәрежесінде жүзеге асады.
Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі (механизмі) –
мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу
жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру
жүйесінде жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды
балаларға арналған мектептер бар. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу
бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын
оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап
етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.
Алтыншы тетігі (механизмі) – барлық мүдделі тараптармен
әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы.Бұл
мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс–мектеп пен жоғары оқу орындары, түрл
іғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісім шартқа отырып, мектеп
оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда
әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары
оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін,
қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын
жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-
міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына
мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.
Функциональдық сауаттылықтың жетінші механизімі – ата-аналардың
балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-
ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір
424
сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық
сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдері мен олардың тығыз байланыс жасап,
екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың
баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын
беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды
қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін
функциональдық сауаттылықа та -ана бойында да болуға тиіс. Бұл жағынан біз,
қытай халқының балатәрбиесіндегі өнегесін алуымыз керек. Олар баланың
біліміне, тәрбиесіне мектепті емес ата-ананың өзін жауапты етеді. Егер баласы
үй тапсырмасын мезгілінде және дұрыс орындамаса, оған тікелей ата-ана
жауапты. Осы мәселе шектен шығатын болса, мектеп басшысы баланы ол
мектепке қабылдамауға толық құқылы. Сондай-ақ ата-ана өзі қызмет ететін
орында бала тәрбиесіне тікелей жауап беруге мәжбүр болады. Бұдан
байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.
Қорыта келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
мақсатында құрылған жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар,
бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-
тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды.
Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шаралар
да алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі
бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары үнем
ібасшылыққа алуынуы қажет.
Библиографиялық сілтемелер
1. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
2. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы,
Ғылым, 1998ж – 437 бет.
3. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы,
Ғылым, 1999ж – 301 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |