Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет150/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

  Сыни  тұрғыдан  ойлау 

–  бақылаудың,  тәжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың 

нәтижесінде  алынған  ақпаратты  ойлауға,  бағалауға, 

талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. 

Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни 

тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, 

ойлау  және  іс-әрекетімізге  жаңа  немесе  түрлендірілген  тәсілдерді  енгізуге 

дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни 

тұрғыдан  ойлауға  баулуды  білдіреді.

  Сыни  тұрғыдан  ойлау  оқушылардың 

білімін, логикалық ойлау қабілеттерін, таным мүмкіндіктерін, дүниеге ғылыми 

көзқарасын 

дамыта 

отырып, 


тапсырмалар 

арқылы 


оқушылардың 

қызығушылықтарын  арттырып,  сапалы  білімді  терең  меңгертуіне  өмірде 

кездесетін жағдаяттардан шығуда жол табуына бағыт береді. 



427 

 

Өз  сабағымның  барлық  кезеңдерінде  оқушыны  сыни  ойланта  отырып,  яғни 



меңгерген  теориялық  білімдерін  көру,  қолмен  ұстау  (компьютерде  жұмыс 

жасау)  арқылы оқушының  білімге  құштарлығы  мен  шынайы  қызығушылығын 

арттырамын.  Сонымен қатар  СТО стратегияларын қолдана отырып, оқушыны 

сыни  тұрғыдан  ойлантамын.  Сонымен,  қорыта  айтқанда,  ойлаумен  ұштастыра 

білім  алуды  бағыттайтын  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  екендігіне  көзім 

жетті. 


Бағалау  –  одан  арғы  оқу  туралы  шешімді  қабылдау 

мақсатымен  оқытудың  нәтижелерін  жүйелі  түрде 

жиынтықтауға  бағытталған  қызметті  белгілеу  үшін 

қолданылатын  термин.  Критериалды  бағалау  – 

оқушылардың  білім  жетістіктерін  ұжыммен  келісілген, 

оқу  үрдісіне  қатысушыларға  алдын-ала  белгілі, 

оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына 

жағдай  жасайтын,  білім  берудің  мақсаты  мен 

мазмұнына  сәйкес  нақты  анықталған  критерийлер  бойынша    салыстыруға 

негізделген. 

Критериалды бағалау артықшылықтары: 

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;  

Оқушының  жұмысы  дұрыс  орындалған  жұмыс  үлгісімен  (эталон) 

салыстырылады;  

Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;  

Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;  

Білім берудің сапасы артады;  

Оқушылар  дәстүрлі  әдістер  сияқты  мұғалімнің  бағалауына  да 

қалыптасқан. Мен оқушыларға бірін-бірі, өзін-өзі бағалау әдістерін қолдандым. 

Оқушыларда  дағды  қалыптаспағандықтан  критерий  бойынша  бағалау  қиынға 

соқты.  Сонымен  қатар  сабақ  барысында  байқағаным,  жиынтық  бағалауға 

қарағанда  белсенділігі  төмен  оқушыларға  формативті  бағалаудың  оң  әсер 

бергенін байқадым. Себебі оқушыға қолпаштау сөздерін айтқанда алдыға деген 

ұмтылыс пайда болатындығын байқадым. Формативтік (оқыту үшін) бағалау  - 

оқу  үдерісіне  өзгерістер  енгізу    мақсатында    оқушылардың  дамуын    бағалау. 

Сонымен қатар формативтік бағалау оқушылардың мұғалімнің көмегімен өзін - 

өзі тану және  бақылау арқылы болашақта жеке дамуын   жоспарлауға  алғашқы 

қадамдар  жасауға  мүмкіндік  береді.  Формативті  бағалаудың  мақсаты  -  оқу 

материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпаратты алу, білім алушының  

кемшіліктерін  дер  кезінде  анықтау,  оқушы  мен  мұғалім    арасындағы  кері 

байланысты  орнату.  Формативті  бағалаудың  тағы  бір  түрі    «Екі  жұлдыз,  бір 

тілек» әдісі де сабақ барысында  қолданылады. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  дамуы  білімді  бағалау 

және  пайымдау  жүйесін  уақтылы  өзгертіп  отыруды  талап  етеді.  Қазіргі  кезде 

оқу  процесінде  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  мәні  көптеген 

факторлармен айқындалады: 

- жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау



428 

 

- оқу материалының көлемін арттыруға мүмкіндік жасау; 



- оқу  процесіне  ақпараттық  технологияларды,  қазіргі  телекоммуникациялық 

құралдарды енгізу. 

Оқу 

үрдісінде 



инновациялық 

технологияларды 

пайдаланудың 

оқушылардың білімін көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы зор. Осыған 

байланысты  оқытуда  қолданылатын  әдіс-тәсілдер,  әдістемелер,  технологиялар 

жаңартылып  отырады.  АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және 

олардың  қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімдерге 

сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Сондықтан оқыту 

барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.  

Талантты  және  дарынды  оқушыларды  анықтау,  олардың  деңгейіне  сай 

тапсырмалар  беру,  қарапайым  оқушыны  дарынды  және  талантты  деңгейге 

жеткізу бүгінгі қоғамның басты мәселесі болып отыр. Кез-келген мұғалім әрбір 

оқушыға  сапалы  білім  беріп,  олардың  жоғарғы  жетістіктерге  қол  жеткізгенін 

көргісі  келеді.  Дегенмен,  мұндай  өзекті  мәселе  үлкен  еңбек  пен  жоғары 

ойлауды  қажет  етеді.  Мысалы,  күнделікті  сабақта  көп  араласпай,  сабаққа 

селқостық танытатын оқушылар кейде ойламаған жерден бір ғана пәннен емес, 

бірнеше  академиялық  пәндерден  күтпеген  жоғары  деңгей  көрсетуі  мүмкін: 

мәселен,  әртістік,  спорттық,  музыкалық  және  басқа  таланттарымен  танылуы 

мүмкін.  Сонымен  қатар  олар  бір  салада  дарынды  болса,  басқа  салаларда 

қиындыққа тап болуы мүмкін: олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, 

келесі  кезеңдерде  қабілетін  танытпауы  мүмкін.  Бұл  дарындылық  пен 

қабілеттіктерді  мұғалімдер,  ата-аналар,  топтың  басқа  да  мүшелері  айқындай 

алады. 

Осы  белгілерді  анықтау  оқу  үдерісінің  барысында  оқушыларды  мұқият 

бақылауды  талап  етеді.  «Талантты  және  дарынды  балаларға  білім  беру» 

модулінің  идеяларын  кіріктіре  отырып  жоспарланған  сабақтың  нәтижесі  мен 

әсері  молырақ  болатынын  анық  байқадым  десем  болады.  Бұрынғы 

сабақтарымда оқушылары ұяңдық танытып, ойларын ашық айтудан қысылатын 

болса,  осындай  модульдердің  идеяларын  қолданып  өткізгенде,  оқушыларда 

еркіндік,  өз  ойын  анық  айту,  өнерлерін  ортаға  салуға  деген  құлшыныс  басым 

болатынын  байқадым.  Ал,  оқушыларымның  осындай  керемет  дарыны  мен 

талантына  тәнті  болып  тұрған  өзім  де  балаларыма  деген  шексіз 

сүйіспеншілігім,  оларға  деген  ризалық  сезімімді,  мадақтау  сөздерді  көп 

қолданатынымды  байқадым.  Британдық  оқыту  және  білім  беру  академиясы 

«талантты  және  дарынды  балаларды  анықтау»  жөнінде  кей-стади  ойлап 

шығарып  анықтаса,  менің  ойымша,  осындай  дарындылық  пен  таланттылықты 

анықтау  мақсатында  бізде  де  осындай  тренингтер  ұйымдастырылса,  бізде  де 

осындай  ерекшелікке  ие  оқушылар  ерте  анықталып,  оларға  арналған 

кеңейтілген жұмыстың түрлерін ойлап енгізуге болар еді. 

Танымдық даму  мен  жас ерекшелік  – баланың оқу  және проблемаларды 

шешу  қабілеті.  Дәлірек  айтқанда,  танымдық  даму  оқуға  деген  қабілеттік, 

сондай-ақ  зейін,  сөз  сөйлеу  дағдылары,  ойлау,  негіздеу  және  шығармашылық 

зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты.  



429 

 

Оқыту  сияқты  көшбасшылық  та  адамның  тұрақты  дамуға  жетелейтін 



негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық 

пен  келіспеушілік  тудыруы  ықтимал.  Мұндай  кезде  өзгеріс  үдерісін  басқару 

оңай  емес.Мұғалім  ретінде,  біз  кейде  өзіміздің  әрекет  ету  мүмкіндігіміз  бен 

күш-қайратымызды  жоғалтып  жатқанымызды  сеземіз.  Бірақ,  тәжірибе 

көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері 

мен  адамгершілік  сенімдерін  қолданып,  адамдарға  әсер  етуге  болады. 

Оптимистік  көзқарас  –  мұғалім  көшбасшылығының  міндетті  қыры  болып 

табылады. 

Осы  технология    арқылы    көздеген  мақсатқа  жетуге  болады.  Оқыту 

үдерісін  ұйымдастыру  мен  жоспарлауда  қолдануға  тиімді,тың  идеялы 

педагогикалық  әдіс-тәсілдердің    көп  түрлілігін  игеру  келешек  ұрпақтың,  яғни 

жеке тұлғаның сана-сезімі, білімі, тәрбиесі шектелмей дамуына, қалыптасуына 

оң  әсерін  тигізетіне  көз  жеткізеді.Сондықтан  да  білім  беруде  енген 

жаңалықтарға  тез  бейімделіп,  жүзеге  асыруға,  әсіресе  ұстаздардың  жастар 

қауымы  асқан  жауапкершілікпен  мақсат  қойса,  басталған  аталмыш  жоба  өз 

жалғасын тауып, өрісі кеңейеді деген сенім көңілге ұялайды. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  (АКТ)  дамуы  білімді 

бағалау  және  пайдалану  жүйесінде  уақтылы  өзгертіп  отыруды  талап  етеді. 

Осыған  байланысты  білім  беруде  қолданылатын  әдіс-тәсілдер,  әдістемелер, 

технологиялар  жаңартылып  отырады.  Мысалы,  Ұлыбританияда  мұғалім 

мамандығын  таңдап  алған  бүгінгі  жастардың,  өздерінің  болашақ  оқушылар 

сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының 

барлық  аспектілерінде  жаңа  технологияның  бар  мүкіндіктерін  пайдалана 

отырып,  сандық  технологиялармен  үнемі  өзара  әрекеттесетін  ұрпақ  өкіліне 

жатады.  АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың 

қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде 

көмектесетін  маңызды  құрал  болып  отыр.  Сондықтан,  оқыту  барысында  осы 

технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. (МАН 61). 

Ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдана отырып, төмендегідей 

нәтижеге жетуге болады: 

  Сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына 

қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, 

қорытынды жасауға машықтанады. 

  Оқушының 

ақыл-ойын 

дамытып, 

өзіндік 

дүниетанымын 

қалыптастырып, сабаққа ынтасын арттыру. 

  Тапсырманы 

орындау 

барысында 

жіберілген 

қателер 


мен 

кемшіліктерді  уақытында анықтап түзетуге мүмкінідік беру. 

Мен  өз  сабағымды  ұйымдастыру  барысында  10-шы  сыныпқа  «Power  

Point және  презентация» тақырыбында сабақ өткіздім. 

Менің  қолымда  алдын  ала  жасалған,  сабақтың  әр  кезеңін  анықтайтын 

жаңаша  сабақ  жоспары  және  сабақта  қолдану  үшін  жасалған  презентация 

болды.  



430 

 

Бұл  сыныпта  бұрын  топпен  бөліп  сабақ  беріп  көрмегендіктен, 



ұйымдастыру  сәтінде,  сәлемдесіп,  оқушыларды  түгендеген  соң,  сыныпта 

оқушылармен  жақсы  психологиялық  ахуал  қалыптастыру  мақсатында  топқа 

бөлмей  тұрып,  сыныптың  ынтмақтастық  атмосферасын  қалыптастыруды 

ұйғардым.  Оқушыларға  алдағы  уақыттарда  әрдайым  енді  жаңа  методика 

бойынша сабақ жүргізлетіндігін түсіндірдім. 

Алдымен  оқушыларға  ой  қозғау  сұрақтарын  қойдым.  «Power    Point» 

бағдарламасы  туралы  не  білесіңдер?  деген  сұрақ  қойған  кезде,  Айнұр  есімді 

оқушы «Power Point» бағдарламасында фотоальбом жасауға болады деп жауап 

берді.  Осы  сұраққа  Бағжан  деген  оқушы  «Оны  мұғалімдер  сабақты  түсіндіру 

үшін  қолданылады»  десе,  «Бір  сабақта  осы  бағдарламамен  тест  сұрақтарына 

жауап  бергенбіз»  деп  Бұлбұл  жауап  берді.  Ал    үйінде  компьютерлері    жоқ 

балалар  бұл  сұраққа  жауап  таппай,  тосылып  қалды.  Осы  арада  топ  мүшелері 

арасында  біраз  тартыс  орын  алды.  Бұл  пікірталастың  соңынан  мен  бүгінгі 

сабағымыздың  тақырыбы  қалай  деп  ойлайтындығы  туралы  сұрақ  қойдым. 

Балалардың жауабын құптап, жаңа сабақты жалғастырдым. 

Ендеше  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы:  «Power    Point  және  

презентация»  екендігін  айтып,  интерактивті  тақтадағы  сабақтың  мақсатымен 

танысты: 

Сабақтың мақсаты: Microsoft Power Point бағдарламасы және презентация 

негізі туралы түсінік беру, іс- тәжірибеде қолдануға үйрету. 

Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  мен  Power    Point      презентацияны  

дайындау  және  өткізудің  ең  жақсы  бағдарламаларының  бірі екенін айттым.  

Ол    қайда  қолданылатындығын,  мысалы:  Power    Point      презентацияны  

жоспарлауға  жасауға  және  көрсетуге  мүмкіндік  беретіндігін, пайдаланушыға  

шаблондардың  модификацияланатын  жиынтығы,  слайдтар  редакторы,  схема  

құру    құралы    ұсынылатындығын,    Power    Point      презентацияның    барлық  

құрауыштарын    экранға    шығаруға    немесе    басуға    және    презентацияларды  

кейін  басып  шығаруға,  сақтауға  мүмкіндік  беретіндігін түсіндірдім.  

Біз  презентация  деген  кезде  оның  техникалық  жағын,  яғни  белгілі  бір 

тақырыпқа байланысты слайдтардың  сатылы жиынтығын түсіндірдім. «Слайд» 

деп  көзге  көрінетін  күрделі  объектіні    айтамыз.  Оның  құрамына  тақырыптар, 

мәтін,  кестелер,  графикалық  кескіндемелер,  ұйымдастыру  схемалары,  дыбыс 

үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Слайд-фильмдерді жасап 

шығаруға  арналған  арнайы  құралдар  –  графикалық  пакеттер  де  бар  екендігін 

айтып, оқушылардың қызығушылығын оята отырып түсіндірдім. Осының бәрін 

түрлі слайдтар арқылы Power  Point және  презентация туралы мағлұмат бердім. 

Осы  сабақтың  қаншалықты  түсінгендерін  байқау  үшін 

өзіндік жүмыс істетім. Ең алдымен оқушыларды 1-ші және 2-

ші деп санау арқылы 2 топқа бөлдім. Бастапқы кезде топпен 

жұмыс 


істеуге 

дағдыланбағандықтан, 

тапсырмаларды 

орындау барысында бірлесіп жұмыс істей алмады. Әр топ өз 

ережелерін құрарда, шуласып кетті. Топ ережесін құрған кезде, топтың ішінен 

оқушыларды  ұйымдастырып  отырған  екі  топтан  көшбасшыларды  анықтадым. 




431 

 

Осы  топтар  ішіндегі  көшбасшылардың  басқа  оқушылардан  айырмашылығы  – 



ұйымшылдығы жоғары, топ ішінде белсенді, ойы жинақы болды.  

2 топқа бірдей мынадай тапсырма бердім: әр топ өз құрған 

ережелерін  бір  слайдқа  жазып,  интерактивтік  тақтада 

қорғау  керек  болды.  Топ  басшылары  тайсалмастан  Power  

Point  бағдарламасын  іске  қосып  жіберіп  тез  арада 

ережелерін  слайдқа  салып,  итерактивтік  тақтада  қорғап 

шықты.

        


 

Сабақ  соңында  оқушыларға  жаңа  материалды  қаншалықты 

меңгергендігін  анықтау  үшін  бүгінгі  сабақта  не  үйрендің?, 

не білдің? «кері байланыс» алдым.  

2-ші  сабағымның  тақырыбы  «Экрандық    интерфейс  және  Power  Point 

терезесінің интерфейсі, өзгертулері» 

Мақсаты: Power Point программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен 

жұмысты бастауды үйрету. 

Жаңа сабағымда Power Point программасының қалай қолданылу керектігін, оны 

іске  қосу  мен  жұмысты  бастауды  үйреттім.  Сабақты  интерактивтік  тақта 

арқылы түсіндірдім, бұл оқушылардың сабақты меңгеруіне  өте қолайлы болды.  

3-ші  сабағымда  «Миға  шабылу»  жасай  отырып  үй  тапсырмасын  слайдтағы 

жасырын  сұрақтар  арқылы  сұраумен  бастадым.  Үй  тапсырмасын  сұрауда 

электрондық  оқулықтың  пайдаландым.  Электрондық  оқулықтын  1  және  5 

тапсырмаларын  орындатым.  Тапсырма  «керегін  тап»,  онда  сұрақ  және  үш 

жауап  болды.  Тапсырма  негізінен  презентация  не  үшін  керектігін,  қандай 

бағдарлама  көрмелерді  жоспарлауға,  жасауға    және  өңдеуге  арналғанын.  2-ші 

тапсырмада терезе элементтеімен. 3-ші тапсырмадан стандартты үстел құрамын 

сұрай отырып,  оқушыны  сыни  тұрғыдан ойлаттым.  Жаңа  сабақты интерактвті 

тақтаның сенсорлық режимін қолдана отырып меңгерттім. Сабқтын тақырыбы: 

«Презентция  құру,  слайдтарды  безендіру».  Мақсаты:  Power  Point 

мүмкіндіктерін  пайдаланып  презентация  құрастыруды  үйрету,  өзіндік 

жұмыстар  арқылы  білімдерін  дамыту.  АКТ-ның  интерактивтік  технологиясын 

қолдана  отырып,  презентация  құрудың  жолдарын  және  слайдта  анимация 

жасауды  түсіндірдім.  Сабағымның  келесі  кезеңінде  өзіндік  тапсырма  істетім. 

Өзіндік  тапсырманы    екі  топқа  жеке  берілді.  1    топ  «Қазақстан  2030»,  2  топ 

«Менің  -Асанам»  тақырыбына  3  слайдтан 

тұратын  презетация  жасау,  оның  объектілеріне 

анимация  жасау  керектіг  айтым.  Тапсырманы 

интерактвтік 

тақтада 

қорғау 


керек, 

шығармашылығы 

және 

жасалу 


жолдары 

қаралады.  Осы  тапсырманы  қорғау  барысында 

белсенділігі төмен оқушым Әбен Әбілқайыр, топ 

ішінде  өздігінен  сұрана  отырып,  тапсырманы  қорғауға  шықты.  Ол  өз  ойын 

ашық  жүйелі  түрде,  қалай  істегендігіне  шекті  айтып  берді.  Бұдан,  жаңа 

технология  арқылы  балардын  қызығушылғы  арта  түскендігін  байқадым. 

Оқушылар  жұмыстарын  қорғап  болған  соң,  сабақты  бекітуде  арнайы  тестрда 



432 

 

жасалған тестпен кері байланыс жүргіздім. Тестрдын 



ұтымдылығы 

оқушының 

берген 

жауабына 

байланысты бағасын көрсетеді. 

4-ші  сабағымның  тақырыбы:  Презентция  құру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет