Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет193/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Репродуктивтік  білім.  Білімнің  бұл  түрі  ырықсыз,  бәсеңді  (пассив 

түрдегі)  түйсінуді  (қабылдауды)  білдіреді;  мұнда  үйренушінің  субъективтік 

және  өзіндік  түсінігіне  жол  берілмейді:  репродуктивтік  білім  «түрлендірусіз, 

еш  өзгертусіз  қайталау»  деген  ұғымды  меңзейді.  Ол  дегеніміз  әр  оқушының 

жеке  сұранысы  ескерілмейді  деген  сөз,  яғни  мұғалім  қалай  сабақты 

ұйымдастырғысы  келсе,  солай  құрып  шығады,  солай  жоспарлайды.  Сонымен 

қатар,  оқушы  пікірінен  гөрі  өзінің  пайымдауы  бірінші  орында  тұрады.  

Репродуктивтік  білім  есте  сақтау  және  қайталауға  негізделеді,  мұнда 

қарастырылатын  мәлімет  білім  алушы  тұрғысынан  аз  мөлшерде  өзгертіліп, 

интерпретацияланады. 

Репродуктивтік  білімде  бағдарлама  (оқытудың,  пәннің  бағдарламасы, 

оқулық)  негізгі рөл  атқарады,  өйткені мұндай  білім  шәкірттің  жеке  тұлғасына 

бағытталмай,  жоғары  жақтан  белгіленген  оқытудың  бағдарламасына  арқа 

сүйейді:  «бағдарламада  қалай  келтірілсе,  солай  оқыту  керек»  деген  қағиданы 

ұстанады. 

Репродуктивтік білімде басты тұлға – үйретуші («ұстазцентристік» білім), 

өйткені  ол  білім  алушының  мүдделерін  ескермей,  үйретушіге  (ұстазға) 

бағытталады. Ұстаз тұлғасы  – негізгі тұлға. Сабақты ұйымдастырушы да, оны 

соңына  жеткізіп  жүргізу  де  тек  мұғалімге  байланысты.  Бұл  жерде  көбінесе 

мұғалім оқушыдан нені күтеді, соны сұрайды. 

Репродуктивтік білімнің түрлері: 

1) Сипаттаушы білім 

- қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады; 

- негізгі сипаты: көрнекілік; 

2) Түсіндіруші білім 

- объективтік дәлелдемеге ұмтылады; 

- негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу). 

Конструктивтік білім. Конструктивтік білімде басты назар «пән» немесе 

«бағдарламаға» емес, үйренуші (шәкірт) тұлғасына аударылады, ал ұсынылған 

білім  тұлғаны  өзгерістерге  ынталандырады:  шәкірт  алған  білімді  (ақпаратты, 

мәліметті,  ұғымды,  т.с.с.)  өзіндік  тұрғыдан  өзгертсе,  оның  үйренген  білімі 

шәкірт тұлғасын да өзгертеді (дамытады, өсіреді). 



565 

 

Сол  себепті  де  конструктивтік  білімді  кейде  түрлендіруші  білім  деп  те 



атайды. 

Неліктен «конструктивтік» деп аталады? Себебі: 

-  білім  алушы  өздігінен  ақпарат,  фактілер,  ережелер  мен  қағидалардан 

дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады; 

- конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі 

«түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге  ынталандырады; 

- конструктивтік білім тұлғаға  өзін-өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын 

да анық мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды 

тұлғаның тұла бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады. 

Неліктен  конструктивтік  білім  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  болып 

табылады? 

Сипаттаушы  және  түсіндіруші  білімдер  қаншалықты  қажетті  болса  да 

олар  әлемді  өзгерте  алмайды,  өйткені  әлем  тек  адамның  түрлендіруші 

әрекеттері  арқылы  өзгере  алады,  яғни  оқытуда  басты  назарды  тұлғаның  жеке 

қасиеттері  мен  оның  белсенді  әрекеттеріне,  оның  қолынан  келетін  істерге 

аудару қажет [2]. 

Ал коструктивті білім беруді жүзеге асырудың тетігі интербелсенді әдіс-

тәсілдер екені сөзсіз. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Генке И. Активные методы.- Москва, 2011.- 160 с. 

2. Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістерді  ЖОО-да  қолдану.  Оқу  құралы.- 

Алматы, 2012-360 б.  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет