Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет217/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   250
Оқушының  оқу сауаттылығын дамытуға   арналған жаттығулар. 

Оқушының  қабілет  деңгейін  байқауға  және  ойлауын  дамытуға  арналған 

мұндай  жаттығулардың  орны  ерекше.  Сабақта  тек  тақырыпқа  байланысты 

жаттығуларды  ғана  меңгертіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оқи  отырып, 

ойлауын арттыратын жаттығуларды пайдаланған жөн. Мұндай тапсырмаларды 

жаңа  сабақты  сыныптастарынан  бұрын  игеріп  отырған  дарынды  балаларға  да 

беру  өте  қолайлы.  Қазақ    тілі  дұрыс  жазу,  сөйлеу  ережесі  үшін  ғана  емес, 

сонымен  бірге  логикалық  ойлауды  дамыту  үшін  де  қажет.  Өйткені  сөздердің 

өзара  байланысуы,  өрістеуі  оқушының  ойлау  логикасына  байланысты.  Өз 

заманында  «Логикалық  ойлау  –  логикалық  сөйлеудің  негізі,  ал  мұны  – 

логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс»,-деп көрсеткен болатын 

К.Д.Ушинский. 

1. Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал-мәтел, нақыл сөздер жазу 

тапсырмасы. 

2. Сөз туынды шешу, артық сөзді алып таста. 

3. Буынды тап. 

4. Мағыналас сөздер.  

5. Сөз тізбектерін жазу (ассоциация) 

6. «Үзіп оқу», «Болжап оқу», «Ойды жалғастырып баянда». 

7. «Сөйлемді толықтыр» танымдық жаттығуы.     

8. «Сөйлем ойла, тез ойла» әдістемелік жаттығуы.   



637 

 

    Мұндай  сабақтарда  игерілген  білімдерінің  бала  бойында  75%      дейін 



қалатындығы,  оқу  белсенділігін  арттыруға,  білімді  игеруіне,  өз-өздерін 

жетілдіруге, дамытуға жұмыс атқаратындығы белгілі болды. 

     Қазақ  тілі  сабақтары  –  баланы  тілге  үйрету  мен  тәрбиелеуде  оның 

патриот тұлға ретінде  дамуына жағдай жасайтын негізгі сала. Қазіргі таңдағы 

мұғалім  оқушы  үшін  «дайын»  білім  көзі  болмай,  керісінше  мектеп 

оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі 

бола  білуі  қажет.  Сондықтан,  ұсынылған  практикалық  жаттығулар    қазақ 

тіліміздің мемлекеттік мәртебе дәрежесінде үйретілуіне, өзге тілді мектептерде  

қазақ  тілінің  еркін  сөйлесу  тілі  деңгейіне  жеткізілуіне  септігі  тиер  деп 

ойлаймын.     

   Ұлттық  жоспарды  іске  асыруға  мен  өз  үлесімді  қоссам,    болашақта   

оқушылардың функционалдық сауаттылық моделін төмендегідей көре аламын:   

1. Әрбір түлек мемлекеттік тілді білетін

2. Халықтың салт-дәстүрін сыйлайтын; 

3. Білімді; 

4. Функционалды сауатты

5. Ақпараттық жағынан жетік білімді;  

6. Қазіргі заманға сай өзін қоғамда ұстай алатын

7. Өзін қоғамға пайдалы ете алатын

8. Өз  әрекеттеріне  сыни  қарай  алатын  азамат  болып  қалыптасады.  

  

Библиографиялық сілтемелер 



1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 48 бет, 2б. 

2. Карта 

разума, 

http://www.12manage.com/methods 

_mind_mapping_ru.html 

3. Сын  тұрғысынан  ойлау,  детальдау,  http://bcetyt.ru/house/family/home- 

life/tehnika-vizualizacii-kljuchik-k-ispolneniju-zhelanij.html  

4. Широкова  Т.В.  Топтық  жұмыстарды  ұйымдастыру  -  оқытудың 

белсенді әдіс-тәсілдерінің бірі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет