Әсел Жеңісқызы Ықыласова
«М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ
ШҚО, Бородулиха ауданы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары
сөз етілген. Функционалдық сауаттылықты дамыту бүгінгі заман талабы болса,
педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып
сабақ өтуі заман талабынан туындап отырған мәселе болып табылатындығы
айтылады. Осы ретте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің
644
маңызы зор екендігі көрсетіліп, оқушылардың оқу материалының мән-
мағынасын терең түсінуін, алған білімін өмірде пайдалана алуын қамтамасыз
ететін әдіс-тәсілдер көрсетіледі.
Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, интербелсенді әдіс-тәсілдер,
шығармашыл тұлға.
Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары,
адамдардың бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай
ілесіп, білімін, мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат
- оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде пайдалана білуге, тиімді
қолдануға үйрету.
«Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз? Біз бұны
қалай істейміз? Содан кейін ғана біз сыныпта не істеуіміз керек?» (Sinek,2009).
Иә, қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер бүгінгі таңда оқушылардың қалай
оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелуәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікіркөзқарастары жүйелі
дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде
қалыптасуын қамтиды. Осы мақсатты көздейтін ұлт мақтанышы болған
ұлағатты ұстаз Қ.Бітібаеваның тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру
жүйесіне тарату жаңа форматтағы мұғалімнің мәртебелі міндеті деп түсінемін,
өйткені тәжірибемізде қатып қалған жаттандылық, жабық сұрақтар,
репродуктивтік әдістер ұстаз тәжірибесінде, еңбегінде кездеспейді. Ол кісі
оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады.
Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігін қолдай отырып, білімді оқушы-
ның өз еңбегімен алуына жағдай жасайды. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту
ұстанымы ой салу, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Бұл ретте
әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты
өнімді әдіс-тәсілдерді ұсынады. Қ.Бітібаеваның жаңа сабақ түсіндіру
технологиясы пікірлесу, сұхбат әдістерімен қатар, оқушылардың өз бетімен
ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды
өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттайды.
Әр әдебиет пәні мұғалімі сабақтарында Қ.Бітібаева тәжірибесін
басшылыққа алып, түрлендіріп, дамытып, оқушыларды ғылым негізімен
таныстыра отырып, олардың адами қасиеттерін дұрыс қалыптастыруды естен
шығармастан, жас өспірімдердің жан-жақты дамуына негіз қалауды ойластыру
қажет. Өйткені қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының оқырман ретіндегі
өзіндік көзқарасы, жеке тұлға ретіндегі дүниетанымдық ұстанымдары
қалыптасуына және олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тұрғыдан
мемлекет тәуелсіздігін ардақ тұтатын болмысына лайық болуын қамтамасыз
ету – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Сондықтан
сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, ұжымдық іс-
әрекетке тәрбиелейтін, жан-жақты іздендіретін, өз ойын еркін жеткізетін, еркін
ойлауға мүмкіндік беріп, тіл байлығын молайтатын тапсырмалар беруде оқыту
645
мен оқудың 7 модулін басшылыққа ала отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап
алу керекпіз. Ондай әдіс-тәсілдер қатарына ізденіс әдісін, интербелсенді
әдістерді, шығармашылық әдістерді (бейнелі суреттеме әдісі, жанама өлең әдісі,
модель жасау, Бононың алты қалпағы т.б) жатқызуға болады. Бұл әдістердің,
яғни ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпараттардың сыни
ойлауға, бағалауға, талдауға, жинақтауға және өз шешімдерін айтуға ықпал
ететіні белгілі. Оқушыларын сыни ойлату үшін, ең алдымен, мұғалімдердің өзі
сыни ойлау керек, өйткені сын тұрғысынан ойлауға үйретуде мұғалім жақсы
жұмыс жасағанда ғана баланың танымдық белсенділігі және өз бетінше білім
алуы мен шығармашылығы артады. Сонымен қатар сабақ құрылымы бастан-аяқ
жүйелі, сабақтас, бірізді болуы шарт.
Сабақ басында ой қозғау үшін дұрыс таңдалынып алынған әдістер -
сабақтың кейінгі кезеңдерінің сәтті болуының кепілі. Оқушылардың ойын
қозғау, қызығушылығын ояту мақсатында түрлі әдістер қолдануға болады.
Мәселен, Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін өткен кезде интербелсенді тақтаға
ирек сызықтың суретін салып, ол суреттің қатысушыларға қандай ой салғанын
сұрауға болады.
1-оқушы «көз алдыма шеті-шегі жоқ шексіздік елестеді» деп жауап берсе,
екіншісі толқындаған қара шашқа, енді бірі өмір белесіне, бірі асқар тауға, сыр
бүккен төбелерге теңейді. Тағы бір оқушы «Толқындаған өзен көз алдыма
елестеді» деп ұшқырлығын танытады. Осы бір ирек сызықтың өзінен әр оқушы
өзінше ой түйіп, түрлі қызықты пікірлер айтады.
Сондай-ақ «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятындағы Бақтығұл бейнесін
өтуде қолдануға болады. Тақтаға шым-шытырық сызықтар сызу керек. «Шым-
шытырық сызылған сызықтар қандай ой салды? Осы сызықтарды көргенде
қандай ой туды?» деген сауал тастап, оқушылардың ойлануына мұрсат беру
қажет. Олар Бақтығұлдың өмірімен байланыстырып тамаша жауаптар береді.
Мәселен, 1 оқушы «Бұл сызықтар маған Бақтығұлдың көрген қорлығын
елестетті» деп жауап берсе, екіншісі «Бақтығұлдың арпалыспен өткен өмірін
есіме салды» деп жауап қайырады. Енді бірі Бақтығұл өмірінің шым-шытырық
шиеленісті оқиғаларға толғанын, бірі азапты қорлыққа толы өмірін
елестеткенін айтады.
Бұл әдісті оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятуда қолдануға
болатын өте тиімді әдіс деп санаймын.
646
Оқушының интеллектуалдық дамуын, ойлау және сөйлеу, жазу
шеберлігін қалыптастыруда үлкен орын алатын әдістердің бірі - ізденіс әдісі.
Бұл әдіс мектеп оқушысының жас болса да ғылыми талдаулар жасауға
ұмтылысын және оның жемісін татуға қолын жеткізуі арқылы оның білімге
деген құлшынысын ғана емес, шабытын да оятатын ерекше күші бар әдіс деп
бағаланады.
Ізденіс әдісін қолданудың бір үлгісі ретінде Ш.Мұртазаның «Қызыл
жебе» романынан алынған «Тұтқын бала» үзіндісін оқыту үдерісін алуға
болады. Осы ретте оқушыларға басты кейіпкер Тұрар Рысқұлов туралы нақты
тарихи деректерді іздестіру туралы тапсырма берген дұрыс. Мұғалім ізденіс
әдісін қолданып, оқушыларға Тұрар Рысқұлов туралы тарихи деректер мен
жазушы шығармасындағы көркем кейіпкердің іс-әрекетін, сөзін салыстырта
отырып, сол арқылы оқушылардың санасында кейіпкер жайында өшпес із
қалдырады.
Интербелсенді әдістер – оқушының әдеби шығармаларды оқып-меңгеруі
барысындағы жаңашылдыққа ұмтылысын ынталандыратын, өзгеріске толы
заманның ағымында тез бағдар таба алатын, проблеманы көре алатын және оны
шешуге қорықпай, шешім жолын іздеп таба алатын, шығармашылыққа толы
идеяларды табуына ықпалын тигізетін әдістер. Бұндай әдістерді қолдану
арқылы оқушылардың ойлау ұтқырлығын жетілдіруге болады. Ол үшін мұғалім
көркем шығарманың мазмұнындағы негізгі және тарамдала таралған
проблемалық жағдаяттарды іріктеп, оқушыларға ұсына алу керек немесе бір-
екеуін көрсетіп, шығарманың мазмұнынан сондай проблемалық жағдаяттарды
оқушылардың өздері табуын тапсыруы қажет.
Проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың логикалық
ойлауы бірізділікпен қалыптасады; оқушыны өз бетімен білім іздеуге
ынталандыруға болады. Продуктивтік әдісті қолданудың бір жолын
М.Өтемісұлының өлеңдерін талдау арқылы көрсетуге болады деп ойлаймын.
Мәселен, оқушыларға «Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі, құндылығы неде
деп ойлайсың?» деген проблемалы сұрақты қою одан әрі өз бетімен
ізденулеріне, ойлануларына, ойларын дәлелді жеткізулеріне түрткі болады.
Сондай-ақ М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятын өткен кезде Венн
диаграммасы
арқылы
Бақтығұл
өмірін
«Көксерек»
шығармасымен
байланыстырта отырып, Көксерек пен Бақтығұл өмірінің ұқсастығын,
айырмашылығын салыстырту арқылы оқушы шығармашылығын, терең
ойлауын арттыруға болады.
Шығармашылық әдістер – әдебиетті оқыту барысында шығармашылық
тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың креативтік қабілеттерін
дамытуға арналған әдіс түрлері. Шығармашылық тапсырмаларды жүйелілікпен,
жеке тұлғаны қалыптастыру бағытында бірізділікпен қолдану арқылы мұғалім
оқушылардың танымдық, қайта жаңғыртушылық қабілеттерін дамытуды
кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Әдеби шығармаларды оқыту барысында мұғалім шығармашылық
әдістердің мынадай түрлерін қолдануына болады. Мәселен, бейнелі суреттеме
647
әдісі. Бұл әдісті қолдану арқылы мұғалім оқушыға сөздің суреттеу құдыретін
таныту мүмкіндігі үлкен. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең
табылады?» әңгімесін не Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасын оқытуда
белгіленген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсініп, оқушыларға сурет
түрінде салу тапсырылады. Бұл – оқушылардың тұйықтан сәтті шығу жолын
іздеп табуына дағдыландыратын шығармашылық амал.
1-сурет. Бейнелі суреттеме әдіс бойынша жасалынған оқушы жұмыстары
Өлең мәтінін талдаудағы ұтымды әдістердің бірі - гиперболизациялау
немесе жанама өлең әдісі. Мұғалім көркем шығармадан бір нысанды немесе
кейіпкерді оқушылармен біріге отырып таңдап алып, оның қасиеттерін, сын-
сипатын алдымен тым үлкейтуді, сосын өте кішірейтуді тапсырады. Мәселен,
Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңін талдау үлгісін келтірейін.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.
...
Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Тапсырма. Асты сызылған сөздерді біресе мағынасын аса кішірейтіп,
біресе аса зорайтып көрсететін сөздерді қолданып, өлең мәтініне эксперимент
жасаңыз.Өлең мазмұнының өзгерісі туралы айтып беріңіз. Тапсырманың
орындалу барысын төмендегідей көрсетеміз.
1)Мағынаны солғындататын сөздермен алмастыру.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің іздейді жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен қайғылы,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдым(д)а жас келіп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан ұялам.
...
Қай кеудені жылытады жанған отпенен,
648
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
2)Мағынаны күшейтетін сөздермен алмастыру.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің аласұрады жүрегім.
Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен құсалы,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жасты төгіп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан өртенем
...
Қай кеудені жылытады лаулаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Тапсырманың орындалуын кесте түрінде өрнектеген оқушыға сөздердің
мағыналық градациясын (өсіңкілік – А.Байтұрсынұлы термині) анық көру қиын
емес.
Т.Айбергенов
қолданысы
Солғындау
мағыналы
сөздермен алмастыру
Мағынасы аса қанық реңкті
сөздермен алмастыру
шарқ ұрады
іздейді
аласұрады
шерменде
қайғылы
құсалы
жас дөңгелеп
жас келіп
жасты төгіп
қызарам
ұялам
өртенем
лапылдаған
жанған
лаулаған
1-кесте. Салыстыру кестесі
Жанама өлең әдісі оқушыларға «лингивстикалық эксперимент» әдісін
қолдануға мүмкіндік береді. Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың «тілдік
сезімін» ұштап, тіл бірліктерін салыстыра отырып, ой мен мағынаның өзгере
бастайтынына көздерін жеткізеді. Бұл әдісті прозалық, драмалық
шығармаларды талдау барысында да қолдануға болады.
Көркем шығарманы талдауда ақын-жазушының тіл шеберлігіне баса
назар аударылады, өйткені оқушының тіл байлығын, көркем ойлауын
арттырудың жолы болып табылады. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»
повесінен үзіндідекесте арқылы оқушыларға жазушының әр сөзді орынды
қолданғанын, сөздерді орнымен пайдаланатынын, сол арқылы шығарма
көркемдігін арттыра түсетінін көрсетуге жіне салыстырмалы кестені өздеріне
орындатуға да болады.
Енді барлық жоқшы ... күлісіп, бірін-бірі ...
қағыта отырып, піскен еттің барлығын
табаққа өз қолдарымен салды да, қоралай
отырып, қол-қолға бір-бір түйірден үлесіп
алып, жақсы піскен жас етті ... жей бастады.
Енді барлық жоқшы оқырана күлісіп, бірін-
бірі қылжақпен қағыта отырып, піскен еттің
барлығын табаққа өз қолдарымен салды да,
қоралай отырып, қол-қолға бір-бір түйірден
үлесіп алып, жақсы піскен жас етті күйсеп
жей бастады.
2-кесте. Салыстырмалы кесте
649
Сондай-ақ шығармаларды сыныпта және сыныптан тыс оқытуда да
төмендегідей картотекалар жасатудың пайдасы зор.
Сөйлеу түрі
Шығарма аты, беті
Үзінді
Қайғыру түрі
Шығарма аты, беті
Үзінді
3-кесте. Картотекалар үлгісі
Әдебиет сабағында шығармаларды талдау барысында модель жасау әдісін
қолдану ұтымды болмақ. Мәселен, Алпамыс моделін жасауда оқушылардың
бірі батырды көк бөріге, бірі алмас қылышқа, бірі гауһар тасқа, ал
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар бейнесін жаралы аққуға
теңейді. Олар тек модель жасап қана қоймай, суреттегі әр детальдың атқарып
тұрған қызметін айтып, ойын дәлелді, көркем жеткізуге тырысады.
2-сурет. Алпамыс, Қамар модельдері
Ол жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады. Мұғалімнің
қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік
көзқарасын білдіріп, орындалған әрекеттің нәтижесін зерттей отырып, алдағы
жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжуының
жобасын жасауға мүмкін береді.
Сабаққа СМАРТ мақсаттар қойылды ма?
Сынып атмосферасы қандай болды?
Бүгінгі сабақтан оқушылар не білді?
Жоспардан қандай ауытқу болды? Неліктен?
Уақытты сыйғызып, оны тиімді пайдала-на
алдым ба?
Жалпы баға
Нәтижелі болған 2 аспект
Сабақты жақсартуға қажет болған 2 әдіс
Осы сабақта келесі сабаққа дайындалуға көмегі
тиер сынып туралы не жеке оқу-шылар туралы
650
4-кесте. Рефлексиялық кесте
Алдыға қойылған мақсатқа оқушылар интербелсенді әдіс-тәсілдер
арқылы жетіп, ортақ мақсат үшін бірлесіп іс-әрекет жасайды. Өзара қарым-
қатынас барысында бір-бірін түсініп, дұрыс шешім қабылдауға, өзіне сеніммен
қарауға және сыныптастарының іс-әрекетіне баға беруге , сыни тұрғыдан ойлай
білуге үйренеді.
Дұрыс таңдалынған әдіс-тәсілдер оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыра отырып, білім алудағы дербестікті, ақпарат пен
технологияны пайдалана білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен сыни
тұрғыда ойлауды қарастырады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: «Рауан», 1997 ж. -288
б.
2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы:
«Рауан», 1990 ж. -200 б.
3. Бітібаева Қ., Құдайбергенова Г., Мұқашева М. Әдебиетті оқытудың
инновациялық технологиясы. Өскемен: ШҚО Білім беру жүйесі
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта мамандандыру
институты, 2002 ж. -117 б.
4. 12 жылдық мектеп оқушыларының қазақ тілінен функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 42 б.
5. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832
қаулысы. Астана: Әділет, 2012.
6. Мұғалімге арналған нұсқаулық (І – ІІІ деңгей).
7. Тәуелсіздік
жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
Әдістемелік құрал. – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
2013. – 65 б.
Достарыңызбен бөлісу: |