Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет99/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

«Міlling»  –  «Сыңарыңды  тап»  жаттығуы.  Бұл  жаттығуды  кез  келген 

пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» 

тобы.  Өтілген  тақырып  бойынша  бір  топқа  оқиғаның  аты,  ал  екінші  топқа  – 



289 

 

оқиғаның  мән-жайы  жазылған  карточкалар  беріледі.  Олар  сынып  бөлмесінде 



еркін жүріп өз сыңарларын табу керек. 

Мен,  ағылшын  тілі  сабағын  ойын  арқылы  өткізу,  бекіту,  пысықтау,  қайталау 

әрекеттерін  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2012  жылғы  27  қаңтардағы 

Қазақстан  халқына  Жолдауында  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын 

дамыту 


мақсатында 

бес 


жылдық 

ұлттық 


жоспарымен 

байланыстырғым келеді. 

Ұлттық  жоспардың  мақсаты  -  Қазақстанда  білім  сапасын  жетілдірудегі, 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  атқарылатын  іс-

шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады [3]. 

Қазақ  маманы  С.Раевтың  ойынша,  сауатсыздық  дерті  адамға  кішкентай 

кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-

ден  3-сыныпқа  дейінгі  аралықта  пайда  болады.  Яғни,  үшінші  сынып  оқушысы 

ешқашан  кітапханаға  бармаса,  оқулықтан  басқа  ешқандай  кітап  оқымас  тағы  бір 

ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап 

оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. 

Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы 

дұрыс  айтады,  «білім  беру  тек  қана  оқытумен  ғана  шектелмей,  оны  керiсiнше, 

әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». 

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 

Функционалдық  сауаттылығы  дегеніміз-адамдардың  әлеуметтік,  мәдени, 

саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану 

дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына 

,  жасына  қарамай  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және 

рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  әлемде  әлеуметтік 

бейімделуі болып табылады. 

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 

-белсенділік; 

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу; 

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 

Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  қалыптасады.  Ал, 

ағылшын  тілі  болса,  бүгінгі  таңда  үлкен  қолданысқа  ие  тіл.  Бәріне  белгілі,  ол 

халықаралық тіл. Сондықтан, өз  ана тілімізде қаншалықты сауатты біліп, жазсақ, 

ағылшын  тілін  де  сондай  дәрежеде  білуге  тиіспіз.  Себебі,  қарапайым  тұрмыстан 

мысал  алсақ,  түрлі  цифрлық  техникалар,  телефон  функциялары,  компьютерлік 

ойындарды қосу, өшіру, т.б. функциялары ағылшын тілінде беріледі. 

Қорытындылай келе, ағылшын сабқтарындағы ойындар оқушылардың таным 

белсендігін жандандыратын,  өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар 

кез-келген  оқу  материалын  қызықты  да  тартымды  қылып,  оқушылардың  көңілді 

күйін  көтеруге,  өздерінің  жұмыстарына  қанағаттануға  және  білім  үрдісін  жеңіл 

меңгеруге  көмектеседі.  Сабақ  барысында  ойын  арқылы  дамытуға  арналған 

 



290 

 

тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің 



сабақ    мақсатына  жеткізуіне  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  оқушылар  сабақтағы 

ойындар  арқылы  дұрыс  сөйлеуге,  сауатты  жазуға,  өз  ойын  айта  алуға,  сөздік 

қорларын  байытуға  дағдылана  алады.  Оған  дәлел  ретінде  баяндамада  мысалдар, 

суреттер іс-тәжірибеден көрсетілді. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Қадырова  Б.    Оқушы  тұлғасын  дамытудағы  әрекет  түрлері.  -  Қазақстан 

мектебі, 2010. №6 – 48-49б. 

2. Бұлақбаев  Д.,  Найманғазықызы  А.  Жаңашылдық  керек.  -  Қазақстан 

мектебі, 2012. №10 – 13-14б. 

3. ҚРсы  Үкіметінің  2012ж.  25  маусымдағы  №832  қаулысымен  «Мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016 

жылдарға арналған Ұлттық і іс-қимыл жоспары. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет