Ұлттық жоспардың мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылықтарын дамытуға жағдай жасау.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
Мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық
және халықаралық практикасын зерделеу; Функционалдық сауаттылықты дамыту
бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау; Білім мазмұнын
жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен оқу
бағдарламалары; Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін
дамыту; Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-
техникалық базасын нығайту
[1]
.
Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім
беру
жүйесін
өзіміздің
ұлттық
болмысымызға,
негізге
алынған
ұстанымдарымызға сай құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін
білімді шынайы өмірмен ұштастырып, мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге
дайындау қажеттігі туындайды.
Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік,
мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы
білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі
заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана
алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі
анықтаманы беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан
меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру
процесі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік,
шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай
алуға қабілеттілік, т.б., яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын
қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін
білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осыған орай,
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі тетіктерін
бөліп көрсетеді.
- білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, бағдарламалар);
- оқыту нысандары мен әдістері;
- білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау
294
жүйесі;
- мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;
- мектепті басқару моделі;
- барлық мүдделі әріптестікке негізделген тараптармен достық қалыптағы
білім беру ортасының болуы.
Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда
төмендегідей тетіктері мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.
Оның алғашқысы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі
жаңарту,яғни мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім
алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік
бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі
керек. Олар:
- басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
- ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп
отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
- коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша
қарым-қатынас жасау);
- әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
- тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік,
дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның
қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
- азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең
меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын
түсінуі);
технологиялық
(әр
азамат
өз
мамандығына
қарай
ақпараттық
технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты
пайдалануы)
[2]
Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік
құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. Функционалдық
сауаттылық тұжырымдамасына негізделген танымал халықаралық зерттемелерінің
бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен
өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық
бағдарламасы (Programme for International Student Assessment)- (Международная
программа по оценке образовательных достижений учащихся) PISA болып
табылады. PISA-15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі
мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ
тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді
шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды, бұл жаста көптеген елдерде
оқушылар мектеп бітіреді. ЭЫДҰ PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың
ортасынан бастады. PISA өзінің ресми қызметін 1997 жылы бастады. РІSА
шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы
295
бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және ғылыми жаратылыстану
сауаттылық. Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше
көңіл (тест тапсырмасының үштен екі бөлігі бөлінеді). 2000 жылы зерттеудің
негізгі бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылық»,
2006 жылы- «жаратылыстану сауаттылығы», 2009 жылы– «оқу сауаттылығы» және
2012 жылы - білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы «математикалық
сауаттылығы» болды. РІSА зерттеуінің кезекті 2015 жылы «жаратылыстану
сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |