сабақтың оқушы үшін пайдасы өте зор. Бұл тәжірибелер оқушылардың сабаққа
" сөйлетуге болатындығын өз іс-тәжірибемнен байқадым. "Ғылым қалғып кетсе,
қараңғылық бас көтереді" дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен
Сондықтан алдыңғы қатарлы тәжірибелерді жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа
дамуын қамтамасыз етуіміз керек. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының сабаққа
болады. Білім сапасы-мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету
керек екендігін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, қалай оқу
керектігін мұғалімнің кәсіби даярлығынан, баланың әрекетін ұйымдастыра білу
шеберлігінен іздеу керек. Баланың өздігінен тақырыпты меңгеруін, ойын ашық
жеткізуін, сабақта қалыс қалатын баланың болмауына көңіл бөлу қажет. Ол жеке
291
тапсырмаларды құру қажет. Сабақта жеке, жұптық,топтық жұмыстарды
ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге ынтасын арттыруға болады. Жаңа әдіс-
тәсілдің өзі тек баланың дамуына арналған екені белгілі. Осылайша өткен сабаққа
баланың да қызығушылығы біртіндеп арта бастайды.
Интербелсенді сабақта ұстаным жоғары болады. Себебі, адамның өз қолымен
жасаған әрекеттері жақсы есте қалатындықтан, оны өмірде қолдана алады.
Интербелсенді сабақ кезінде оқушылардың тақырып бойынша қандай сұрақтар
қызықтырады, нені білгісі келетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Сол білімнің
нәтижесінде сабақта жеке,топтық және жұптық жұмыстардың әдіс-тәсілдерін
қолдану тиімді.Топтық жұмыс кезінде әр бала жеке тұлға ретінде ашыла түседі.
Оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнайды. Оқушылардың топпен
жұмысқа қызығушылық танытуы,өз ойларын еркін жеткізе білуі, тіл
байлықтарының дамуы, топтық жұмыста өз пікірін көпшілік талқысына салмаған
оқушы болмайтындығын, өз ойларын шамасы келгенше түсіндіріп, жеткізіп
жатқандарын байқауға болады. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық
қасиеттерін, ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын молайту, өздерінің ой пікірін, оқыған
тапсырманы мазмұндату арқылы тілін дамытуға көп көмегін тигізеді.Топта жұмыс
істеу ой еркіндігін, жауапкершілігін, ізденуге және ойларын ортаға салуға
мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына сай, білімді тек сөз арқылы үйрену
мүмкін емес екендігіне, білімді әрекет арқылы ғана игеруге болатындығы
дәледенді. Конструктивтік білім ой-толғаныс арқылы өзінің тұлғасын өзгертуге
ынталанады. Сабақта оқушы білімі нақты бағаланады. Бағалау кезінде қандай білім
бағаланады, қандай тәсілдер арқылы, не үшін бағаланғанын білуіміз керек. Топ
ішінде барлық бала бағалауға қатыса алды. Әрбір баланың пікірі саналып, бағалау-
шындыққа ұласады. Бағалау арқылы таңдау жасап,шешім қабылдай алады,өзіндік
пікір,идея қалыптасады. Белгілі уақыт аралығында баланың өсуі мен дамуын
анықтауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге, сабақта формативті бағалаудың да
маңызы
зор.
Формативтік
бағалау
оқушылардың
қызығушылығын,
жауапкершілігін арттырады. Оқушының өзін-өзі бағалауы,топпен-топтың
бағалауы, топбасшысының топ мүшелерін бағалауы қызығушылықпен іске асып,
бір-біріне сыни пікірлер айтып үйренеді. Оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап,
ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалайды. Сабақ барысында оқушы пікірін
бірінші орынға қоюды,олармен жылы қарым-қатынас жасап, ашық пікірлесуді, өз
беттерінше білім алуға бағыттауды, тақырыпты меңгертуде жаңа әдіс-тәсілдердің
түрлерін қолдана білу- мұғалімнің тікелей шеберлігіне байланысты. Сабақтың
сапасы оқушы пікірімен санасудың негізгі құндылықтарына байланысты болады.
Өйткені, оқушы пікірімен санасу арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге
болады. Қазіргі заман талабына сай оқушы еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге,
білімді өзі алуға, үйренуге талпыныс жасап оқуы керек. Білім алуға бағыттай
отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылауға болады. Оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында тақырыптың мазмұнына,
оқушылардың икемділіктеріне қарай әдіс-тәсілдерді қолдану сабақтың сапасын
арттыра түседі.
Конструктивті білім баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмегін
292
тигізеді. Өзіндік "Мені" бар жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сол
себепті де конструктивті білімнің барлық жүйелері әр бала үшін маңызды болады.
Өйткені, оқушы өздігінен үйренуі керек, сонда ғана білімі толысады, ол білімді
өмірде қолдана алады. Интербелсенді сабақта оқу мен оқытуда іздену процесі
маңызды болғандықтан, оқытушы сол процесті ұйымдастыра білу керек. Жаңа оқу
жүйесінде оқушылардың бойынан өте көптеген қасиеттерді көруге болады.
Болашақта әрбір оқушыда жеке интеллектуалды қасиеттердің дамуын, сөйлеу
мәдениетін, өз бетімен жұмыс істеу жауапкершілігін тани білу, бағалау дағдысын
қалыптастыру, қызығушылығын дамыту, дарындылықты тани білу-әр ұстаздың
шеберлігіне байланысты.
Библиографиялық сілтемелер
1. С. Мирсеитова. Оқыту ізденіс негізінде және ізденіс оқыту ретінде. -
Қарағанды, 2011.
2. А. Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. -
Алматы,2013
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. "Назарбаев Зияткерлік мектебі". -
ДББҰ, 2012.
4. Химия мектепте әдістемелік журналы -№3 ,2012.
Достарыңызбен бөлісу: