Нәрестедегі шартсыз рефлекстерді анықтау әдісі: оралді рефлекстер


Бүйрек пальпациясын жасау әдісі (жатқанда және тұрғанда)



бет10/16
Дата23.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#52094
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Бүйрек пальпациясын жасау әдісі (жатқанда және тұрғанда).

Пальпация. Бүйректер құрсақ ішінде орналасқан. Сау адамда өкпе доғасымен құрсақ пресі бүйректі сипап тексеруге мүмкіндік бермейді. Құрсақ пресі босап, адам өте тез жүдесе ғана бүйректер төмен түсіп кетіп оларды сипап тексеруге болады.. Бұйрек қатты үлкейгенде ғана сипап тексергенге жақсы білінеді /киста, ісік/. Бүйрек пальпациясын вертикальді және гоизонтальді жағдайда жүргізу керек.

Пальпацияның тәсілдері /техника/.Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызады. Фельдшер пациенттің оң жағына отырады. Сол жақ бүйректің пальпациясында фельдшер оң қолын бел аймағына 12 қабырғаға жақын қояды. Сол қолын ішіне қабырға доғасынан төмен және оған перпендикулярлы іштің тік бұлшық етінен шетке қарай орналастырады. Пациентті бұлшық еттерін босатып терең демалуын сұрайды. Ауа шығарған кезде фельдшер сол қолын ішке қарай төмен басып артқы қабырғаға тіреледі, ал оң қолымен сол қолға қарай басады. Қолдарын жақындатып фельдшер пациентке ішпен терең демалуын сұрайды, егер бүйрек төмен орналасқан болса, онда бүйректің төмен жағы сол қолдың астымен өтеді. Бүйректі сипап анықтау мүмкін болған жағдайда оның түрін, консстенциясын, үстінің сипатын, ауыратының және жылжымалығын анықтау керек. Сау, өзгермеген бүйректің түрі- ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы - шымыр серпінді, үсті тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады.


Бүйректі пациент тұрып тұрғанда анықтауды Боткин С.П ұсынған. Ол пациент жатқан кездегідей ережелермен жүргізіледі. Пальпация бүйректің төмен түсүін нефропатозды анықтауға мүмкіндік береді. Нефропатоздың үш кезеңі анықталады: біріншіде- бүйректің төмен жағы анықталады, екіншеден бүйрек тұтас анықталады, үшіншіден бүйрек ары бері еркін жылжыйды, өте төмен түседі немесе омыртқаның басқа жағына өтіп кетуі мүмкін.


Пальпация әдісімен қуықтыда анықтау болады. Қуық толып тұрған кезде қасаға үстінде эластикалық былқылдаған ісіну анықталады, өте толып кеткенде кіндікке дейін көтеріледі.


Бүйрек пальпациясы екі қолмен жасалады (бимануалды).


1. Пациентті беліне дейін шешіндіріңіз. Пациентті ыңғайлы тұрғызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз.


2. Сол қолыңыздың алақанын XII қабырғадан төмендеу жерге пациенттің беліне қойыңыз. Оң қолыңыздың бүгулі саусақтарын пациенттің ішіне, қабырға доғасының астына, тік түскен бұлшық еттердің жанына қарай тігінен қойыңыз.


3. Теріні төменге қарай тартып, тері қатпарын жасаңыз.


4. Пациенттің терең тыныс алуын өтініңіз, тыныс шығарғанда оң қолыңызды ішіне терең батырыңыз, ал сол қолыңызбен артқы жағынан алға қарай басыңыз.


5. Пациенттің терең тыныс алуын өтініңіз. Терең тыныс алғанда, бүйрек төмен түседі, осы сәтті пайдалана отырып саусақтарыңыздың жылжымалы қозғалуымен бүйректің алдыңғы жағының үстін байқауға болады.


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет