Ерте балалық кезеңдегі балалардың моторикасының дамуы
2 жас
3 жас
Бала аяғын жан-жағына қойып, жан-жағына теңселіп жүреді
Жүру және жүгіру кезінде аяқтарын бір-біріне бұрынғыға қарағанда жақын қояды
Жоғары еңбектей алады, итереді, жүгіреді, екі қолмен ұстап жүреді
Жүру мен жүгіру кезінде тепе-теңдік сақтайды;жүріс-тұрысында жеңілдік пайда болады
Заттарды екі қолмен алады
Заттарды бір қолмен алады
Шыдамдылығы бәсең
Қағаз бетіне әр түрлі шимайлар салады;кубиктерді бір жерге жинайды
Бөбек жастағы балалардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктері
Сюжеттiк-рөлдiк ойындар — 2-3 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекшi iс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тiлге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезiмталдығымен ерекшеленетiндiктен, баланың тiлiн дамытуға өте қолайлы. Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.
Ойын — бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым–қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады
Үш жастағы дағдарыс
Л.С.Выготский үш жасарлар дағдарысының жеті белгісін атап көрсетті: