Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік


Асқазан сөлінің биохимиясы:қалыпты жағдайдағы құрамы,физика-химиялық қасиеттері,патология кезіндегі ауытқуы



бет38/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Асқазан сөлінің биохимиясы:қалыпты жағдайдағы құрамы,физика-химиялық қасиеттері,патология кезіндегі ауытқуы:


Қалыпты жағдайдағы құрамы: Асқазан сөлі 99,4-99,5 % судан және 0,5-0,6 % құрғақ қалдықтан тұрады.Құрғақ қалдығы органикалық заттардан(0,1%) және бейорганикалық заттардан(0,4-0,5 %) тұрады. Органикалық заттарын белоктар және органикалық қышқылдар құрайды. Асқазан сөлінің белоктары:

  • Ферменттер-пепсин,гастриксин,липаза.

  • Қорғаныш белоктары- муциндер , олар асқазанның кілегей қабатын жауып, тұз қышқылы мен ферменттердің әсерінен қорғайды.

  • Гастромукопротеид немесе Каслдың ішкі факторы – В12 витаминін бұзылудан сақтап,оны ағзаға сіңірілуіне септігін тигізеді.

Асқазан сөлінің органикалық қышқылдарына- май қышқылы,сүт қышқылы жатады. Олар өте аз мөлшерде болады.
Асқаза сөлінің бейорганикалық заттарына- тұз қышқылы, калий, кальций тұздары, сульфаттар, аммоний,фосфаттар жатады.


Физика-химиялық қасиеттері: Аш қарындағы асқазан сөлінің мөлшері 50 мл-ден аспайды.Қалыпты асқазан сөлі түссіз, иіссіз,күшті қышқылдық реакция көрсететін (рН- 1,5-2,0,жаңа туған балаларда- 4,0-5,0) сұйықтық. Меншікті салмағы- 1,008-1,010. Қалыпты жағдайда тәулігіне 2 л-ге жуық асқазан сөлі бөлінеді.
Патология кезіндегі ауытқуы:

  • Мөлшерінің өзгеруі. Мөлшерінің артуы- асқазан сөлінің секрециясы жоғарылағанда, сфинктердің спазмасы немесе стенозы кезінде тағамның ішекке баяу түсуі кезінде байқалады. Ал,мөлшерінің азаюы- секрециясы төмендегенде, тағам ішекке тез түскенде, сфинктер толық жабылмағанда байқалады.

  • Иісі. “Жағымсыз май иісі” – асқазан сөлінде ұшқыш май қышқылдарының болуына және май қышқылдарының микроорганизмдер әсерінен тотығуының күшеюіне байланысты. “Шіріген иіс” – микрофлора ферменттерінің әсерінен белоктардың асқазанда шіруі кезінде, қатерлі ісік ыдырағанда, тағамның асқазаннан ішекке түсуі бұзылғанда байқалады.

  • Түсінің өзгеруі. Асқазан сөлінде өт қоспасының болуына қарай оның түсі сарғыш немесе жасыл болады. Егер асқазан сөлінде тұз қышқылы болмаса,онда ол сарғыш түсті болады. Ал,егер тұз қышқылы болса, асқазан сөлі жасыл түсті болады. Асқазан сөлінде қан болса, ол қызыл түсті немесе қоңыр түсті болады. Егер асқазан сөлінде тұз қышқылы болса, онда ол қоңыр немесе кофе түсті болады,себебі тұз қышқылы қанның құрамындағы гемоглобинге әсер етіп, оны қоңыр түсті гематинге тотықтырады. Ал, асқазан сөлінде тұз қышқылы болмаса, оның түсі қызыл болады.

  • Консистенцисы. Асқазан сөлі өте тұтқыр болуы мүмкін. Шырыш мөлшерінің артуы асқазанда қабыну үрдістерінің бар екенін көрсетеді.

Асқазан сөлінің қышқылдығы бірнеше түрге бөлінеді:

  • Жалпы қышқылдық- 100 мл асқазан сөліндегі қышқыл түзетін заттардың жиынтығы.Қалыпты жағдайда ол- 40-60 Т.Б .

  • Бос тұз қышқылының мөлшері қалыпты жағдайда-20-40 Т.Б.

  • Байланысқан тұз қышқылы қалыпты жағдайда- 8-12 Т.Б.

Ал, асқазан сөлінің секрециялануының келесі паталогиялық жағдайлары бар:

  • Гиперглогидрия- жалпы қышқылдық пен бос тұз қышқылының артуы. Бұл жағдай 12 елі ішек пен асқазан жарасы кезінде байқалады.

  • Гипохлоргидрия- жалпы қышқылдық пен бос тұз қышқылының мөлшерінің төмендеуі.

  • Ахлоргидрия- бос тұз қышқылының болмауы, жалпы қышқылдықтың төмендеуі.

  • Ахилия- асқазан сөлі секрециясының және ферменттердің болмауы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет