Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет37/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)-5

Жай белоктардың алмасуы:
Жай белоктар дегеніміз- тек аминқышқылдарының қалдығынан тұрады. Жай белоктарға:Альбуминдер,Глобулиндер,Гистондар,Протаминдер,Склеропротеиндер (коллагендер, эластиндер, кератиндер) жатады.Нәруыздардың организмге қажеттілігі оның жасына, энергия шығынына тәуелді: дені сау ересек адамның 1кг дене салмағына есептегенде тәулігіне 0,8 г/кг; жаңа туылған нәрестелер үшін – 2,0 г/кг; бес жастағы балаларға тәулігіне - 1,0 г/кг.
Жай белоктар алмасуы 4 сатыдан тұрады:

  • Нәруыздардың қорытылуы;

  • Сіңірілу сатысы;

  • Аралық алмасу;

  • Жай нәруыздар алмасуының соңғы өнімдері.



Белоктардын қорытылуы және аминқышқылдарының сіңірілуі туралы түсінік:
Нәруыздарды гидролиздейтін АҚЖ(ас қорыту жолдары) ферменттері проферменттер түрінде бөлініп сәйкес активаторлар арқылы активті ферментке айналады. Қорытылу алдымен асқазанда, содан соң ащы ішек қуысында (қуыстық қорытылу), одан кейін ішектің қабырғалық қабатында қабырғалық қорытылу жүреді.

  • Асқазанда эндопептидазалар класына жататын пепсин асқазан сөліндегі тұз қышқылымен активтенеді, ал гастриксин пепсинмен активтеніп, белоктарды полипептидтерге дейін гидролиздейді.

  • Ішекте тағам белоктарының гидролизденуіне эндопептидазалар қатысады, соның ішінде ұйқы безі сөлінің пептидазалары: трипсин энтеропептидазамен активтеніп, химотрипсин трипсинмен активтенеді.Бұл ферменттер әсерінен белоктар полипептидтерге, ал ішек сөлі экзопептидазаларының (аминопептидазалар, дитрипептидазалар) және ұйқы безі сөлінің карбоксипептидазаларының әсерінен полипептидтер бос амин қышқылдарына дейін ыдырап, сіңіріле бастайды.

Аминқышқылдарының сіңірілуі әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Олар негізінен екіншілік активті транспорт арқылы жүреді:

  • АТФ энергиясының есебінен тасымалдаушы Na, K – АТФ-азалардың қатысуымен;

  • ГГТ(гамма-глутаминтрансфераза) қатысуымен сіңіріледі.

Сонымен қатар, аминқышқылдарын ішек қуысынан ішек жасушаларына тасымалдайтын бес түрлі тасымалдау жүйесі бар:

  • Бейтарап АҚ арналған;

  • Қышқылдық АҚ арналған;

  • Негіздік АҚ арналған;

  • Циклді АҚ арналған;

  • Цистин, орнитин, аргинин, лизин АҚ арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет