Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік


Аммиактың түзілу және залалсыздану жолдары



бет40/72
Дата28.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#130509
түріҚұрамы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Аммиактың түзілу және залалсыздану жолдары:
Аммиак өте аз мөлшерде физиологиялық тітіркендіргіш, ал көп мөлшерде болса,өте улы зат. Оның түзілуі:



Аммиактың пайдаланылу жолдары:
1.Амидтену- аммиак амидтердің түзілуіне жұмсалуы. АМИДТЕНУ бауырдан басқа барлық тіндерде (әсіресе мида) жүреді. АМИДТЕНУДІҢ МАҢЫЗЫ:

  • NH3 уақытша усыздандырып, бауырға тасымалдау;

  • осы реакцияның нәтижесінде глутамин мен аспарагин түзіледі, олар: а) белок синтезіне; б) ГАГ синтезіне қажет гексозаминдердің синтезіне; в) пурин мен пиримидиндердің түзілуіне қолданылады.

2.Аммонийгенез- бүйректе жүреді. АММОНИЙГЕНЕЗДІҢ МАҢЫЗЫ:

  • Н+ артық мөлшері шығарылады (қышқыл өнімдерінің бейтараптануына);

  • ағзаға қажет Na+ ,K+ , Ca2+ иондары сақталады, өйткені қышқыл қалдықтары аммоний тұздары түрінде бөлінеді;

  • NH3 уақытша залалсыздандыру жолы.

3. Тотықсызданудан аминдену көбінесе бауырда жүреді. Маңызы:

  • NH3 -ты уақытша залалсыздандыру жолы;

  • алмастырылатын АҚ-ң түзілу жолы;

  • осы реакция нәтижесінде α-КГ-ң көп мөлшері NH3 -пен байланысып, ҮКЦ-н шығарылады, бұл ҮКЦ тежелуіне, АСҚ тотықпауына әкеп соғады, АСҚ кетон денелерінің синтезіне жұмсалады, кетоацидозға әкеледі;

  • босап шыққан NH3 бауырда мочевина синтезіне жұмсалады.

4. Мочевина синтезі бауыр жасушаларында Кребс теориясына сәйкес өтеді (бұл теорияны 1932 жылы Кребс, Хенселайт ашқан). Оны орнитин циклі немесе цитруллин теориясы деп те атайды. Мочевина синтезі 5 сатыдан тұрады:

  • Карбомоилфосфаттың түзілуі, митохондрияда жүреді. Карбомоилфосфат АТФ энергиясын пайдалану арқылы (Mg2+ қатысуымен) заттар алмасуының соңғы өнімдерінен (СО2 , Н2О, NН3 ) түзеді;

  • Цитруллиннің түзілуі (митохондрияда өтеді);

  • Аргинин-янтарь қышқылының (аргининосукцинат) түзілуі. Бұл саты үшін де АТФ молекуласы қажет, ол цитруллиннің аспарагин қышқылымен конденсациялану реакциясына жұмсалады, реакция нәтижесінде аргинин-янтарь қышқылы түзіледі;

  • Аргининнің түзілуі. Аргинин-янтарь қышқылынан фумарат бөлініп кетіп, аргинин түзіледі;

  • Мочевинаның түзілуі. Аргиназа ферментінің әсерінен аргинин мочевина мен орнитинге ыдырайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет