Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) — ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі қадам ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады.
Баскетбол ойын тарихы
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Джеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі. Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Джеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан
Баскетбол ойын техникасы
Баскетбол ойынының техникасы 1) Өз аяғынан айналдыра өткізіп, допты алып жүру
2) Көзіңді жұмып долты алып жүруге дағдылану
3) Алаңда қойылған түрлі кедергілерден айналып өту
) Допты жұлып алу – қарсылас ойыншы допты ұстап тұрғанда қолданылады және өзіне қарай тартып қалу мен ілгері төмен арқылы жүзеге асырылады. Екі жағдайда қарсы ойыншыға жақындап, жұлып алу сәтін аңдып, допты қатты ұстау қажет.
2) Допты қағып жіберу – бір орында ұстап тұрған және допты алып келе жатқан ойыншыдан оны алу үшін қолданылады. Тәсілді орындау үшін қарсыласқа қажетті қашықтыққа жақындау қажет. Бұл ретте тәсіл сәтсіз орындалған жағдайда кейін жылдам шегініп кету мүмкіндігі сақталуы керек. Қолдың тығыз қысып ұсталған саусақтарымен жоғарыдан төмен немесе төменнен жоғары қарай жылдам қысқа қимылмен соғып, допты қағып жіберу керек.
3) Допты алып келе жатқанда қағып жіберу – допты алып келе жатқан ойыншының алдына кідіріп, оны қапталдағы сызыққа қарай тықсыру керек. Сосын оны өткізіп жіберіп, барынша жылдамдықпен ұмтылып қолдардың қимылымен допты жанға қарай қағып жіберу қажет. Егер қарсылас баяу қозғалып келе жатса, оны өткізбей – ақ допты қағып жіберуге болады.
Баскетбол ойын ережесі
Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды. Бастапқыда баскетбол ойынының ережесін американдық Джеймс Нейсмит тұжырымдаған және ол небәрі 13 ұпайдан тұрды. Уақыт өте келе баскетбол өзгерді, ал ережелер өзгертуді талап етті. Бірінші халықаралық ойын ережелері 1932 жылы FIBA-ның бірінші конгресінде қабылданды, содан кейін олар бірнеше рет түзетілді және өзгертілді, соңғы маңызды өзгерістер 1998 және 2004 жылдары енгізілді. 2004 жылдан бастап ойын ережелері өзгеріссіз қалды. Ойын ережелері NBA және FIBA қамқорлығымен өтетін чемпионаттарда (әлем чемпионаттары, Олимпиада ойындары, континенттік чемпионаттар, Еуропа клубтарының халықаралық және ұлттық чемпионаттары) біршама ерекшеленеді.
Қорытынды:
Лақтырылған кезде допты жабу. Биіктікте жəне секіруде шабуылдаушыдан əлдеқайда артықшылығы бар қорғаныс ойыншысы лақтырған кезде доптың қолынан ұшып кетуіне жол бермеуі керек. Допты жауып қою қарсыластың қауіпсіздік торы кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. Допты жауып жатқанда, бүкіл қолды (немесе қолды) жоғарыдан төмен қарай қозғалудан аулақ болыңыз, себебі бұл көбінесе жеке қателіктерге əкеледі, əсіресе екі қолмен немесе төменнен бір қолмен лақтыруға қарсы болған кезде. Секіру лақтырған кезде допты секіру. Секіруге лақтыруға тиімді қарсы тұру - қорғаушыдан барлық күшін, шеберлігі мен зейінін жұмылдыруды талап ететін өте күрделі міндет. Допты траекториядан себетке секірудің ең жақсы уақыты - доп саусақтардың ұштарынан шығып, шабуылдаушының бақылауында болмай қалған кезде. Секіру атуына қарсы тұру үшін қорғаушы тез қозғалуы керек, өйткені итерілген сəттен бастап доп жіберілгенге дейінгі уақыт тек 0,18 - 0,20 секундты құрайды. Допты өзіңіздің артқы панеліңізде қалпына келтіру үшін күресте иелену. Қорғаушы команданың əр ойыншысы үшін артқы тақтадан немесе себеттен секіріп өткен допты сенімді түрде иемдену өте маңызды, өйткені команда бұл операцияны матчқа орта есеппен 25-30 рет орындауы керек. Шабуылшы лақтырғаннан кейін қорғаушы қарсыластың артқы тақтаға жолын жауып, тұрақты позицияны ұстап, содан кейін допқа иелік ету үшін тез жəне уақытылы секіріп, серпіліс үшін күресуі керек. Секіру қысқа жүгіруден кейін немесе бір жерден бір немесе екі аяғымен итеру арқылы орындалады. Биіктікке секіру жəне допты иемдену, қонған кезде, ойыншы қарсыластың артқы тақта мен допқа қатысты тиімді жағдайды болдырмау үшін аяғын кең жайып, денесін бүгеді. Содан кейін доп дененің қолына жігерлі қимылмен тартылып, кең аралықта орналасқан шынтақ көмегімен жабылады