Қан тамырларының қызметтік жіктелуі: Амортизациялық – серпімді тамырлар – қабырғаларында серпімді талшықтары көп, оларға қолқа, өкпе сабауы т.б. жуан артериялар жатады.
Резистивтік – кедергі тамырлар – қабырғаларында қалың ет талшықтары бар артериолалар мен прекапиллярлар, посткапиллярлар жатады.
Сфинктерлі тамырлар – бойында сақина тәрізді ет талшықтары бар, артериолдар мен прекапиллярлар жатады.
Зат алмасу тамырлары – капилляр, венулалар жатады. Олардың қабырғалары өте жұқа, бір қабат эндотелийден тұрады.
Көпірше тамырлар – анастомоз, артериола мен венулаларды жалғастырушы тамырлар.
Көлемді әрі сыйымды тамырлар – өте ұсақ вена тамырларынан тұрады. Кейбір ағзаларда (бауыр,көкбауыр) венулалар кеңейіп синустар құрады. Венула қабырғасы жұқа, әрі созылғыш келеді.
Сорып алатын – резорбция тамырлары – лимфа капиллярлары мен лимфа тамырлары жатады.
Гемодинамиканың негізгі заңдары
Қан айналымы – гемодинамика, гидродинамика заңдарына бағынады. Гидродинамика заңы бойынша сұйықтың түтік арқылы ағуы сол түтіктің бас жағы(Р1) мен аяқ жағында (Р2) қысымның айырмашылығына(Р1-Р2), түтік қабырғасының кедергісіне(R) байланысты.
(Р1-Р2) = Q – түтік арқылы өтетін сұйықтықтың көлемін
R көрсетеді. Гидродинамикалық көрсеткіштер P,R,Q қанның тамыр арқылы ағуының өлшем көрсеткіші бола алады.
Қан ағысының өлшем көрсеткіштері:
қан қысымы;
қан ағысының жылдамдығы;
қан тамырының тонусы яғни қан ағысына көрсететін кедергі.
Қан қысымы Артерияда қан қысымы жоғары, ал венада төмен болады. Тамырдағы қанның қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті аса күрделі үрдістерді қамтамасыз етеді.
Қан қысымы тамырларда әр түрлі:
қолқада – 120-130 мм с.б.б.
орташа жуандықтағы артерияда – 100-110 мм с.б.б.
артериолада – 70-80 мм с.б.б.
капиллярларда – 25-30мм – 6-15 мм с.б.б.
веналарда – 9-12 мм - +2; +5 мм с.б.б.
Артериялық қан қысымы ең алдымен жүректің
қызметіне, оның систолалық және минуттық қан көлеміне тікелей байланысты.
Тұңғыш рет қан қысымын 1733ж. Стефан Хелс өлшеген. 1847ж. Людвиг «U» тәрізді сынап манометрімен өлшеп, қан қысымының қисық сызығын жазып алды.
Қан қысымының түрлері:
Систолалық қысым – 105-125 мм с.б.б., бұл ең жоғары қысым(максимальдық). Ол сол жақ қарынша етінің физиологиялық жағдайын сипаттайды.
Диастолалық қысым – 60-85 мм с.б.б.,бұл төмен қысым(минимальдық). Ол артериялар қабырғасы тонусының деңгейін көрсетеді.
Пульстық қысым – 40-50мм с.б.б.- систолалық және диастолалық қысымның айырмасы. Ол қысым қарынша систоласы кезінде қолқа мен өкпе сабауы қақпақшаларының ашылуы үшін қажет.
Артериялық қысым деңгейі адамның жасына,
организмнің физиологиялық күйіне, жүрек жұмысына, денедегі қанның жалпы мөлшеріне байланысты өзгереді. Қан қысымының жоғарлауын – гипертензия, ал төмендеуін – гипотензия дейді. Қан қысымы тұрақтылығын жүйке жүйесі қамтамасыз етеді.
Қан қысымын екі түрлі әдіспен анықтайды:
Тікелей әдіс немесе «қанды» әдіс.
Тікелей емес немесе Коротков әдісі.
Бүкіл әлемде адамда қан қысымы Коротков әдісімен анықталады. Ол үшін тонометр, фонендоскоп, қар артериясы қолданылады.