Лимфа жүйесі вена жүйесін толықтырады. Ол әртүрлі лимфа тамырларынан және лимфа түйіндерінен, лимфоидты мүшелерден тұрады: бадамша бездер, кілегей қабықтардың лимфалық фолликулалары, көкбауыр, айырша без.
Лимфа жүйесі – тінаралық сұйықтық құрамындағы су,тұз, белок, липид алмасуы кезінде пайда болады. Лимфа адам денесіндегі екінші сұйық орта.
Лимфа сәл сарғыштау сұйықтық, қан плазмасына ұқсас. Лимфа құрамында адреналин, тироксин, эстроген, тестостерон гормондары, ферменттерден – амилаза, мальтаза, диастаза, протеазат.б. болады. Лимфаның құрамына лимфоциттер – лимфа түйіндерінен өтеді.
Лимфа жүйесінің қызметі:
1. Энергиялық және пластикалық қызмет – тінде пайда болған заттар – су, белок, гормондар – қанға лимфа арқылы өтеді.
2.Дренаждық қызмет – лимфа жүйесі веналармен
бірге тіндегі артық заттарды сорып алады.
3.Сіңіру қызметі - лимфа капиллярларының
қабырғасының өткізгіш қасиеті жоғары.
4. Май алмасу қызметіне қатысады.
5.Биологиялық иммунитет және лимфоцит түзу қызметі – лимфа түйіндері мен тимуста - Т- және В-лимфоциттер пісіп жетіледі де, қан жүйесіндегі және жасушалық иммунитетке қатысады.
6.Тосқауылдық қызметі - микроорганизмдер,ісік
жасушалары лимфа түйіндерінде ұсталып, өте алмайды
7.Витаминдер, минералды тұздарының алмасуына
қатысады.
8. Су алмасуына – лимфа тамырлар қойма –
резервуарлық қызметін атқарады, ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қатысады.
Лимфаның түзілуі
Лимфаның түзілуі тінаралық сұйықтықтың лимфа капиллярына өтуінен басталады. Қаннан ағып шығып, тінаралық сұйықтыққа өткен су, плазмада еріген кейбір заттар, тінаралық зат алмасу кезінде пайда болған заттар лимфа капиллярларына өтеді.
Лимфа түзілуінің себептері:
қан мен лимфа капиллярларындағы, тінаралық
кеңістіктегі гидростатикалық қысым айырмашылығына;
жалпы осмостық және онкостық қысым
айырмашылығына;
қан мен лимфа капиллярлары эндотелийінің
өткізгіштік қасиетіне байланысты.
Лимфаның ағысы
Лимфа тамырлармен белгілі бір бағытта ағады – капиллярдан лимфа тамырларына, одан сабаулар және өзектер арқылы вена жүйесіне жылжиды, мұны лимфодинамика дейді. Лимфа ағысы келесі жағдайларға байланысты:
1. Тін сұйықтығының үнемі лимфа капиллярларына құйылуынан тұрақты лимфа ағысы қалыптасады.
2. Лимфа тамырларының айналасында – лимфангиондар орналасып, насос ролін атқарады.
3. Тыныс алу кезінде кеуде қуысындағы теріс қысым лимфаның лимфа тамырларына сорылуын қамтамасыз етіп, кеуде өзегінде оның жылжуын күшейтеді.
4. Лимфа түйіндерінің жиырылуы лимфа мен қанның айдалуын тездетеді.
5. Диафрагма жиырылып, жазылған кездерде кеуде өзегі біресе созылып, біресе қысылып лимфаның жылжуын күшейтеді.
Лимфа айналысының реттелуі
Лимфаның түзілуі мен жылжуы рефлекс арқылы реттеледі, шартты рефлекстер тудыру арқылы ми қыртыстарының лимфа жылжуына әсер ететіні анықталды.