Несеп жїйесі



бет1/11
Дата24.03.2023
өлшемі69,85 Kb.
#75857
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Æ?ðåê – ?àí òàìûð æ?éåñ³í³? ôèçèîëîãèÿñû (копия)


Түсініктеме

Студенттердің физиологиялық заңдылықтарды ұғынуы үшін және қазақ тілінде медициналық колледж студенттеріне арналған физиология пәнінен оқулықтың болмауынан осы оқу құралы жазылып отыр.


Оқу құралы медициналық колледж студенттерін дайындауға арналған жаңа оқу бағдарламасына сәйкестендірілген. Теориялық материал қысқа нұсқада және жатық тілмен берілген, сонымен бірге тест тапсырмалары және өзіндік білімін тексеруге арналған сұрақтар, жағдаятты есептер ұсынылған.
Оқу құралы жүрек-қан тамыр жүйесі физиологиясының тақырыптарын игеруге көмегін тигізеді деп үміттенеміз.

Жүрек – қан тамыр жүйесінің физиологиясы

Қан айналу жүйесіне жүрек пен қан айналымының үлкен және кіші шеңбері жатады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек, ол насос тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да, оның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді. Жүректің жұмысы артерия мен вена тамырлары арасында қан қысымының айырмасын туғызу арқылы қан айналысын қамтамасыз ету. Жүрек тоқтап қалса, артерия мен веналардағы қысым теңесіп, қан айналысы тоқтайды.


Жүрек циклі, оның кезеңдері



Жүрек – көлденең жолақты еттен тұратын төрт қуысты мүше. Жүрек екі жүрекше мен екі қарыншадан түзілген. Жүрекшелерді – atrium, қарыншаларды – ventriculus дейді. Жүрек қабырғасы қабықтары – эпикард, миокард, эндокард. Жүректің қабы – перикард. Жүректің төрт қақпақшасы бар – екі жақтаулы(митральды), үш жақтаулы, жарты ай тәрізді қолқа және өкпе сабауы қақпақшалары. Жүрек қақпақшалары қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.
Сау адамның жүрегі минутына 65-80 рет соғады, орташа 70-72 рет соғады.
Жүрек соғуы сиресе – брадикардия ( минутына 40-50 рет), жиілесе – тахикардия ( минутына 160 рет) деп аталады. Сырқаттанған кезде жүрек шектен тыс жиі соғуы мүмкін. Минутына 400 рет соқса, оны лүпілдеу ( трепетание) деп, ал 600-ге жиілесе, оны жыбырлау ( мерцание) деп атайды.
Жүректің систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметінің оралымы ( циклы) деп аталады. Жүрек минутына 70 рет соқса, жүрек оралымы ( циклы) 0,8 сек. тең болады. Жүрекше мен қарынша жеке жиырылады. Жүрек етінің жиырылуы – систола, ал босаңсуы – диастола деп аталады. Жүрек оралымы 3 кезеңнен тұрады:

  1. Жүрекше систоласы – 0,1 сек.

  2. Қарынша систоласы – 0,3 сек.

  3. Жалпы диастола немесе жалпы кідіріс – 0,4 сек.

Диастола кезінде жақтаулы қақпақшалар ашық, ал
жарты ай тәрізді қақпақшалар жабық болады. Қан веналардан жүрекшеге ағып келеді, ал одан қарыншаға және диастола соңында қарынша қанға толады. Жүрекше систоласы қуысты және өкпе веналарының сақиналы бұлшық етінің жиырылуынан басталады және бұл қанның жүрекшеден веналарға кері ағуына кедергі жасайды. Қан жүрекшелерге 100% дейін айдалады. Мұнан кейін қарынша систоласы басталады және 2 кезеңнен тұрады:

  1. Ширығу кезеңі 2. Қан айдау кезеңі

Жақтаулы ( жүрекше-қарынша) қақпақшалар жабылып, қарыншада қысым жүрекшедегіден жоғары көтеріліп, қақпақшалар толық жабылады ( ширығу кезеңі). Қарыншадағы қысым артериядағы қысымнан жоғарылағанда, жарты ай қақпақшалар ашылып, қан қарыншадан қолқа мен өкпе сабауына құйылады ( қан айдау кезеңі). Осыдан кейін қарынша диастоласы басталып, оларда қысым төмендейді. Қысым қолқа мен өкпе сабауындағыдан төмен болғанда, жарты ай тәрізді қақпақшалар жабылады. Осы кезде жақтаулы қақпақшалар жүрекшедегі қан қысымынан ашылып, цикл қайталанады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет