Осы құрылымдар бүйректің форникалды аппаратының құрамына кіреді. Форникалды аппараттың
маңызын айта кетсек: бүйректің өзекшелерінен кіші тостағаншалардан несептің өтуі жіне
кері қарай өтіп кетпеуіне жағдай жасайды. Форникалды аппараттың жұмыс істеу принципі
өз бетінше жүрмейді, былай айтқанда бүртңктен кңшң тостағаншаға сауылады.
Форникалды аппарат жұмыс механизміне бірнеше бұлшықет қатысып, жиырылу
қабілетімен иемделеді. Бүйректің тостағаншаларының қабырғасында, күмбезден жоғары
m. levator fornicis, оның айналасында m. sphinster fornicis, кіші тостағанша айналасында m.
spiralis calycus орналасқан.
3.Бүйректің бекітуші аппараты? Жалпы, адам бүйрегі қозғалып жүрмейді, құрсақ қуысының артқы қабырғасына арнайы
құралдың көмегімен бекітіледі. Бүйректің бекітуші немесе фиксациялық аппараты-
бүйректі өз орнынан жылжытпай, оның қалыпты, бір деңгейде орналасуын қамтамасыз
ететін бірнеше факторлар жиынынан тұрады. Оларға:
1) белдің үлкен бұлшықеті (m.psoas major) мен белдің шаршы бұлшықетінен (m.guadratus
lumborum) түзілген бүйрек орны;
2) іш қуысы, көкет пен шат бұлшықеттерінің жиырылуынан пайда болатын кұрсақтық
қысым;
3) бүйрек аяқшасы: бүйрек қантамырлары мен жүйкелері, лимфа тамырлары және бүйрек
түбегі (несепағар), толығырақ айта кетсем, бүйректің қолқа және де қуыс вена
тамырларынан алыс болуына кедергі жасайтын бүйрек тамырларына (аяқшаларына)
байланысты болады;
4) бүйрек қабықтары, оның ішінде бүйрек шандыры: бүйрек жалпы, бүйрек затынан оңай
ажыратылатын фиброзды қабықпен қапталады, ал одан сыртқа қарай, hilum аймағында
майлы қапшықты (capsula adiposa) құрайтын майлы тін орналасады. Капсуладан тысқа
қарай fascia renalis орналасады да, екі жапырақшаға айырылады. Ол екі жапырақша
бүйректің жоғарғы бөлігінде бірігіп, бүйрек қозғалуына кедергі болады. Бұл функция
бекітуші аппаратта маңызды болып табылады.
5) ішкі мүшелермен тығыз жанасып орналасуы;
6) ішастар байламдары: мысалы, оң бүйректі ұлтабар-бүйрек және бауыр-бүйрек
байланыстары, ал сол бүйректі френико-колон байламы ұстап тұрады;
Бұл бекітуші аппарат өзінің күрделігіне қарамастан, тыныс алу барысында 2- 5 см
қозғалып тұрады.