«Нәсілдік және этностық теңсіздіктер» Орындаған: Жаканшаева Ақерке 2 курс, вокалдық өнер кафердрасы



Дата24.11.2022
өлшемі3,19 Mb.
#52220

«Нәсілдік және этностық теңсіздіктер»

Орындаған: Жаканшаева Ақерке 2 курс, вокалдық өнер кафердрасы

Тексерген: Елнұр Жұмайұлы


Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Косерваториясы

Жоспар:


Нәсіл мен этностың әлеуметтік құрылымы 
Нәсіл - сыртқы физикалық ерекшеліктеріне қарай жіктелген әлеуметтік маңызы бар адамдар тобы
Этностық топ - тіл мен дін сияқты оргақ мәдениеттің маңызды элементтері арқылы біріктірілген адамдар тобы
Нәсіл мен этностық топтың әлеуметтік қүрылымы - мәдениет арқылы нәсілдік немесе этностық топтың ерекшеліктерін анықтау процесі. 

Көпшілік және азшылық топтар


Көпшілік топ деп мәдени, экономикалық және саяси тұрғыдан үстем, адам саны көп топты атайды. 
Азшылық топ - мәдени, экономикалық, саяси тұрғыдан төмен деңгейдегі, адам саны аз топ. 

Өзара әрекетке түсу үлгілері


Әрқайсысының өз дара мәдениеті бар екі немесе бірнеше топтың бір қоғамда теңдік сақтап, бейбіт қатар өмір сүруін плюрализм деп атаймыз. Шынайы плюралистік қоғамда алуан түрлі мәдениеттердің әрқайсысы бағаланады. Әрбірінің тең дәрежеде дәріптелетін салт-дәстүрлері бар. Айырмашылықтарына қарамастан, бір-бірінің мәдениетін танып, біліп, ықпалдасу адамдардың әлеуметтік тұрғысына кері әсерін тигізбейді. Сонымен бірге қоғам мүшелерінің барлығы бірлік пен ынтымақтастықты мақтан тұтады.
Ассимиляция
Ассимиляция - азшылық топ мүшелері көпшіліктің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру барысында өзінің мәдени, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі. Ассимиляция нәтижесінде азшылық топтар біржола жоғалуы мүмкін. Мысалы, көптеген «ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғанына сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.
Тарихи тұрғыдан алғанда, АҚШ-қа қоныс аударғандардың көбі өздерінің ұлттық киімдерін киюден бас тартып, тез арада ағылшын тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың көпшілігі ана тілінде сөйлемей, ағылшын тілінде сөйлескенді үнатады; сөйтіп, америкалық әдет-ғұрыптар олардың санасына тез сіңеді.
Кейбір латынамерикалық иммигранттардың балалары төмендеуші ассимиляция құбылысына тап болады. Төмендеуші ассимиляция иммигранттар ұрпақтарының америкалықтардың негізгі тобына емес, АҚШ-та туған азшылықтардың «жасырын» әлеміне сіңу процесін білдіреді.
Нәсілдік және этностық теңсіздіктерге теориялық көзқарастар
Құрылымдық-функциялық теория
Конфликт теориясы
Символдық интеракционизм
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет