Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет54/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157
122- 
сурақ.  М ал  қарнында  ас  қорытудыц  қандай  ерекиіеліктері 
болады?
Мал организмге қажет қорекгік затгарды азық құрамында қабыл- 
дайды. Ал, өсімдік текгес азықтар организмде қиыны рақ қорытыла- 
ды,  осымен  байланысты  малдың  ас  қорыту  процесінің  көптеген 
ерекшелікгері болады. Олардың арасындағы негізгілерінің бірі - мик- 
робиологиялық процестердің басымдьпы.
Мал қарыны  құры лы с ерекшеліктеріне қарай бір бөлімді жөне 
көп бөлімді болып бөлінеді.  Бір бөлімді қары н ж ы лқы  м ен ш ош -
101


қада,  ал көп бөлімді қарын - күйіс малдарында (ірі қара, түйе, қой- 
ешкі) кездеседі.
Мал  қарыны  ет  қоректілер  қарынынан  құрылысы жағынан да, 
қызметі жағынан да күрделі. Жылқы қарыны бір бөлімнен тұрса да, 
оның өзіне ғана төн құрылымдық ерекшелікгері бар. Өңештің қарын- 
мен жалғасқан жерінде безсіз кілегей қабықпен астарланған аймақ - 
қарын  қурышы  болады.  Оны  қарын  түбімен  пилорус  аймағынан 
жіңішке кардиалық белдеу бөледі. Демек, жылқы қарнының кілегей 
қабығьшда төрт аймақ болады, олар: карын қурышы, кардиалық, фун- 
дальдық жөне  пилорус аймақтары.  Қарынның жалпы  сиымдылығы 
10-15 л. Қарын қимылы өлсіз, баяу атқарылады.  Қабылданған азық 
араласпай, рет-ретімен қатпарланып орналасады да, қышқыл қарын 
сөлі жынға бірте-бірте сіңеді.  Осымен байланысты қарында екі про­
цесс  қатарлана  (параллель)  жүреді.  Сілтілік орта  сақталған  қарын 
құрышында, сөл сіңіп үлгермеген жынның ортаңғы терең орналас- 
қ а н   б ө л ік тер ін д е  с іл ек е й ,  м и к р о о р ган и зм д ер   ж өне  өсім дік 
ферментгерінің (фитоферментгер) өсерімен көмірсулар ыдырайды. Ал, 
жынның сөл сіңіп, қьппқылданған бөліктерінде бұл процесс тоқтап, 
белоктар ыдырайды.
Жылқыда қарын сөлі толассыз бөлінеді. Тіпті 2-2,5 төуліктік ашы- 
ғудан соң да сөл бөлу қарқыны бәсеңцегенмен, процесс  тоқтамайды. 
Сөл  құрамы нда  пепсин,  химозин,  липаза  ферменттері  болады. 
Төулігіне жылқы  10-30 қарын сөлін бөледі.
Шоища  қарыны  бір  бөлімнен  түрғанымен,  қүрылысы  жағынан 
күрделі. Оның сиымдылығы 6,5 -9 л.  Қарынның кілегей қабығында 
бес айм ақ болады.  Олар өңеиітік аймақ, қарын қалтарысы (диверти­
кула), кардиалық, фундальдық, пилорус аймақтары.
Өңеііпің көп қабатгы жалпақ эпителийі кіші иін бойымен біршама 
жерге  созылып,  безсіз  өңештік  айм ақ  түзеді.  Үлкен  иін  бойымен 
кілегей  қабы қ аймағының жартысына жуығын қамтып кардиалық 
айм ақ орналасады. Оның басталған жерінен (өңеш жағынан) күмбез 
төрізді қары н қалтарысы  шығып түрады.  Бұл  безсіз бөлік,  қарын- 
ны ң  негізгі  қуысынан  арнаулы қатпаршамен  бөлінеді.  Кардиалық 
аймақтың түтікше бездері негізгі жөне қосымша торшалардан құры- 
лып, сілтілік реакциялы, қүрамында шырыш жөне аз мөлшерде пеп- 
синоген бар сөл бөледі.  Қарынның қалған бөлігін фундальдық жөне 
пилорус аймақтары алып жатады. Бұл аймақтарда бөлінген сөл құра- 
мы мен қасиетгері жағынан ет қоректілер қарньпп>щ сөліне ұқсас.
Қарьш қимылы өлсіз болады, сондықтан азық жақсы араласпай, 
қабылданған ретімен горизонтальды түрде қабат-қабат болып орна­
ласады. Ж ы лқы  қарнындағы принциппен қарында көмірсулар мен
102
белокгардың ыдырауы қатарласа жүреді. Көмірсулар қарын қалтары- 
сында, өңештік аймақта, қьппқыл сөл сіңіп үглермеген жынньщ терең 
қабатгарыңда сілекей ферменттері мен микроорганизмдер өрекетінен 
ьщырайды. Көмірсулардың қорытылуы нөтижесінде мальтоза, глю­
коза жөне ашу өнімдері - сүт, сірке қьшіқылдары, майлы қышқыл, өр 
түрлі газдар бөлінеді. Жынның қьппқыл сөл сіңген қабаттарьщда көмір- 
сулардьщ ыдырауы тоқтап, белоктардың ьщырау процесі басталады.
Қарында жын ұзақ бөгелмейді, азықтандыру үстінде немесе азық- 
тана салысымен ішекке өте бастайды. Тәулігіне шошқа 4,5-6 л қарын 
сөлін бөледі.
К үйіс  м алы ны ң  қарны н дағы   а зы қ   қоры ту  күрделілігім ен  
ерекшеленеді, сондықтан оны өз алдына бөлек талқылаған орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет