Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет62/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

палы,  немесе  қабырга беткейіндік,  ас қорыту деп те  атайды.  Соны ­
мен, мембраналық ас қорыту процесін не химус қүрамынан тұтыл- 
ған ферменттер (а  - амилаза, дисахаридаза, аминопептидаза, сілтілік 
фосфатаза т.б.) жүргізеді. М ембраналық ас қорыту қоректік заттар- 
ды ыдырату жөне сіңіру процестерін үштастырып,  өлдеқайда жыл- 
дамдатады. АМ Уголев мөліметгеріне сөйкес қорытудың бірінші (қуыс- 
тық)  сатысының  үлесіне  қорытылған  заттардың  20-50  пайызы,  ал 
соңғы (мембраналық) сатысының үлесіне 50 - 80 пайызы тиеді. Түйеде 
қуыстық ас қорьпу процесінің қарқыны мембраналық процестер қар- 
қынынан кем түспейді (Е.Б.Бегаилов).
Мембраналык ас қорыту механизмінің биологиялық маңызы өте 
зор. Ac қорытудың бүл сатысы микробсыз, пөк (стерильді) жағдайда 
жүреді.  Оның  себебі  кілегейлі  қабықтың  бокал  төрізді  торшалары 
бөлген шырыш микроб үрлер үстінде гликокалис деп аталатын муко- 
полисахарид торын  (шырышты  тор)  түзеді.  Бұл  тор  елеуіш  -  сүзгі 
қызметін атқарып,  микробүрлер  ауданына қоректік заттардың ірі, 
п олим ерлік  м олекулалары н,  м и крооргани зм дерді  өткізбейді. 
Полимерлік  қосылыстар  гликокаликске  тұтылған  ферменттердің 
өсерімен майдаланғаннан кейін микроб үрлер ауданына өтіп, мембра­
налык ас қорыту нөтижесінде қарапайым қосылыстарға ьщырайды. 
Түзілген мономерлер кеңістікке шашырамай осы мембрананьщ тасы- 
малдаушы жүйесінің әрекетімен кілегейлі қабы қ торшаларынан өтіп
не қанға, не лимфаға сіңеді. Демек, асты қорьпу жөне сіңіру процестері 
бір-бірімен ұштасып, ас қорыту барысында босанған мономерлер тек 
организмнің өз мұқтаждығына ғана пайдаланылады.  Бүл механизм 
ферменттерді үнемдеп, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.  Мем- 
бранаға ж абы сқан ферменттер химусқа бөлінбейді,  орта өзгеріс- 
терінің өсеріне ұшырамайды,  сондықтан олардың белсенділігі ай- 
нымайды.  М ембраналы қ  ас  қорыту  механизмі  өмбебап,  қара- 
пайым бір торшалы организмге де, жоғары сатыда дамы ған орга- 
низмдерге де төн құбылыс.
135-сурақ.  Ac қорыту процесінде тоқ ішек қандайрөл атқарады?
Ащы  ішекте  өнделген  химус  біртіндеп  жеке-жеке  үлеспен  тоқ 
ішекке өтеді. Т оқ іш ек үш бөлімнен түрады.  Олар буйен,  жиек ішек 
жөне тік ішек. Жылкыда жиек ішекті қарта, сиыр мен түйеде - қима 
деп атайды. Тоқ ішек ащы ішекке қарағанда өлдеқайда кеңірек келеді. 
Оның жалпы үзындығы сиырда 6-13 м,  қойда -  3,5—10 м, жылқыда -
6—9 м, түйеде -  18—22 м,  ал сиымдылығы күйіс малында ас қорыту 
жолының жалпы сыйымдылығының 11—15 пайызы, жылқыда - 40— 
60 пайызы шамасында.
117


Тоқ ішектің кілегейлі қабығында бүрлер болмайды, бокал торізді 
торшалар көп болады. Сөл аз ғана мөлшерде бөлінеді, сондықтан тоқ 
іщ ектің өзінде бөлінген сөлдің ас қорытуда рөлі онша зор болмайды. 
С өлдің сутектік көрсеткіші - 7 ,6 -9 ,0  шамасында сақталады.
Т о қ  ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде қорыты- 
л ы п   үлгерілмеген  қоректік  заттар  ыдырайды.  Бұл  процесте  ащы 
іш ектен  өткен  ферменттер  мен  ас  қорыту  жолының  осы  бөлімін 
мекендейтін алуан түрлі микроорганизмдер ферментгері зор рөл атқара- 
дьі (1  г химуста  15 млрд бактериялар болады). Ішектің бұл бөлімінде 
микроорганизмдер өрекетімен белокгар шіріп, көмірсулар ашиды. Бе- 
локгардьщ шіруінің, амин қышқылдарыньщ ыдырауыньщ нәтижесінде 
индол, крезол, скатол, фенол сияқты уытты заттар түзіледі. Аталған 
өнімдер қанға сіңіп, бауырда күкірт қышқылымен, глюкурон қыш- 
қылымен қосылады, залалсызданады. Тоқ ішектен су мен минералды 
заттар қарқынды сіңіріледі де, химус коюланып, нәжіс пайда болады.
М алдың  то қ   ішегі  азық  қорыту  жөне  қоректік  заттарды  сіңіру 
процесінде маңызды қызмет атқарады.  Мес қарынмен салыстырған- 
д а бүйен микроорганизмдері саны мен популяциялық түрі жағынан 
өддеқайда бай келеді (Мюллер, Шмидт). Бүйенде белоктар ыдырап, 
а м и н   қ ы ш қ ы л д ар ы   түрленеді,  ам м и ак,  бактерия  белоктары  
синтезделеді. Ж ылқыда рацион құрамындағы белоктың 39 пайызы, 
сиырда - 31  пайызы, шошқада - 30 пайызы тоқ ішекте қорытылады. 
Рацион қүрамындағы энергиялық заттардың 23—87  % мес қарында, 
ал  17-51  % бүйенде қорытылады (Томас, Рук). Бүйен мен қан айна- 
лы м жүйесінің арасында зат адмасу процесі қарқынды жүреді. Бүйен 
қандағы көмірсулардың ыдырау өнімдерінің (ҮМ Қ), амин қышқыл- 
дары ны ң қүрамдық сипатын сақтауда,  белокқа жатпайтын азотты 
затгарды сіңіруде маңызды рөл атқарады (Т. Несіпбаев).
Б ү й ен д е  ж ү р етін   м и к р о б и о л о ги я л ы қ   ж өне  б и охим иялы қ 
процестердің күйіс қайырмайтын мал, өсіресе жылқы, үшін маңызы 
өте зор. Ж ы лқы  бүйенінің сыйымдылығы қарынның сыйымдылы- 
ғы нан  2—2,5  есе  көп,  32—37  л  дейін  жетеді.  Бүйенде  ащы  ішекте 
басталған процестер одан өрі жалғасады. Ащы ішектен өткен амила­
за, сахараза, лактаза ферменттерінің өсерімен көмірсулар  моноса- 
харидтерге айналады.  Пептидаза,  полипептидаза ферменттері бе- 
локтарды   ам ин  қы ш қы лдары на  ыдыратады.  Бүл  процестердің 
ж үруіне  бүйен  қуысындағы  өлсіз  сілтілік  орта да  (pH  -  7 ,3 -7 ,5 ) 
қолайлы  жағдай туғызады.
Ж ылқы бүйенінде азықтың қорытылуына онда өніп-өсетін мик­
р о о р г а н и з м д е р   (и н ф у з о р и я л а р ,  б а к т е р и я л а р ,  аш ы тқ ы л а р ) 
ф ерм ен ттері  де  көп  ы қп ал  етеді.  О сы  м икроорганизм дердің
118
өрекетімен бүйенде сүт қышқылды ашу процесі жанданады,  клет­
чатка ыдырайды. Рацион құрамьпщағы клетчатканың сиырда 30 %-ы, 
жылқыда - 40-50 %-ы тоқ ішекге қорытылады. Бүйенде көмірсулардың 
ашуы нөтижесінде сүт, сірке, майлы қышқылдар, Ү М Қ, көмір қыш - 
қыл газы, метан, сутегі түзіледі, Бүйен микроорганизмдері өрекетімен 
қиын қорытылатын өсімдік белоктары, амин қыпіқылдары, төменгі 
қатардағы май қышқылдары, аммиак сияқты қосылыстар ьщырап, 
олардың өнімдерінен микроорганизмдер өз денесінің  белоктары н 
түзеді.  Бүйен микроорганизмдері өрекетімен қ и ы н  қорытылатын 
өсімдік белоктарын  амин  қы ш қы лдары ,  төменгі  қатардағы   май 
қы ш қы лдары , амм иак сияқты  қосылы стар ыдырап, олардьщөнім- 
дерінен микроорганизмдер өз денесінің белокгарьш түзеді. Бүйен химу- 
сындағы  белоктың  жалпы  мөлшерінің  13%  бактериялар,  ал  25%  - 
инфузориялар үлесіне тиеді.  Бүл микроорганизмдер жиек ішекге (қар- 
тада) қорытылып, организм үшін қосымша қорек көзіне айналады.
Жылқы қартасының ұзындьпы 6-9 м, сыйымдыльпы 100 л жетеді. 
Қартаның  (қима)  кілегейлі  қабығында  бүрлер  болмайды,  өте  көп 
мөлшерде бокал төрізді торшалар кездеседі. Кілегейлі қабы қ көпте- 
ген қатпарлар түзеді,  онда без түтіктері ашылады.  Қарта қабырға- 
сындағы бездердің саны 100-150 млн жетеді. Қарта сөлінің қүрамын- 
да органикалық, бейорганикалық заттар, көп мөлшерде лейкоцитгер 
кездеседі. Сөл қүрамындағы сілтілік қосылыстар көмірсулардың ашуы 
барысында түзілген Ү М Қ  бейтараптап, ішек қуысындағы pH  деңгейін 
6,9-7,1 арасында ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Карта мен қимада липаза ферменті мен микроорганизмдердің қаты- 
суымен  майлар  да  қорытылады.  Т о қ   ішекте  микроорганизмдер 
өрекетімен холестерин мен өт пигментгері ыдырайды, К  жөне В то бы 
дөрмендөрілері түзіледі.
Жалпы тоқ ішекке өткен белок азотының  18 %, белокқа жатпай­
тын  азотты  заттардың  51  %  қанға  сорылады.  Ac  қорыту жолынан 
сіңірілген азотгың жалпы мөлшерін 100 % деп есептесек, соның ішінде 
белок азотының 13  %, белокқа жатпайтын заттар азотының 36% осы 
тоқ ішекге сорылады (А. А. Алиев).
Т оқ  ішекте  химустың жылжу жылдамдығы  9-10  есе  баяулайды. 
Оның соңғы бөлімінде орта қышқылданьш (pH-6,2), ас қорыту процесі 
тоқтайды.  Судың  сорылуының  нөтижесінде  қою ланған  химус 
бөлшектері көп мөлшерде бөлінген шырьпп көмегімен жабысьш, нөжіс 
түйіршіктері қүралады. Нөжіс құрамьша организм қорытып, сіңіріп 
үлгермеген органикалық заттар, микроорганизмдер денесі (30-40 %), 
шырыш, ішек эпителийінен сыдырылған өлі торшалар, холестерин, 
өт пигменттерінің алмасу өнімдері, ерімейтін түздар енеді.
119




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет