Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет11/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   157
27- 
сурақ.  Онтогенез және филогенез дегеніміз не, олардың арасын­
да қандай байланыс бар?
Жеке дарақтың (особь) үры қ түрінде (зигота,  шарана) пайда бол­
тан сөтінен бастап, өмірінің соңына дейінгі барлық тіршілік айналы- 
мын дара даму, немесе онтогенез, деп атайды. Ал,  филогенез,  немесе 
тарихи даму,  - белгілі бір түрдің немесе топтың тарихи дамуы.  Он­
тогенез бен филогенез арасында тыгыз байланыс болады.  Ол Э.Гек- 
кель  үсынган  биогенетикалы қ  занда  былай  түжырымдалады:  эр 
дарақ өзінің дара дамуында өз түрінің тарихи дамуын қайталайды, 
басқаш а айтқанда онтогенез филогенездің келте ж эн е тез қайта- 
лануы. Мысалы, жер бетін мекендейтін барлық омыртқалы жануар­
лар  үрыгының құ р сақ ты қ  дамудың белгілі бір  кезендерінде жел- 
безек саңлауы болады.
28-  сурақ.  Организм функциялары қалай реттеледі?
Организм  күрделі жүйе.  Оның тіршілік өрекетгері ж§ке торш а­
лар, ұлпалар, мүшелер, жүйелер қызметіндегі реттілік пен үйлесімдікке 
байланысты. Сондықтан бір мүшенің қызметінің өзгеруі өркез басқа 
мүшелер мен жүйелер функцияларын өзгертеді. Бүл ерекше басқару, 
үйлестіру механизмінің болуымен байланысты. Организм функцияла­
ры гуморальды жөне нервтік реттеу арқылы қалыптасады (2-сурет).
Гуморалъды реттеу  организмнің  ішкі  ортасының  құрамындағы 
биологиялық белсенді затгардьщ өсерімен атқарылады. Бұл ерте кдлып- 
тасқан,  баяу эсер ететін реттеу механизмі.  Гуморальды заттар өсері 
үлкен ауқымды қамтиды, қатаң шектелмейді жөне баяу жүреді. М ы­
салы, организмде баяу атқарылып, біртіндеп қалыптасатын процес- 
тер (жыныстық жетілу, өсіп-даму т.с.с.) гуморальды жолмен (сұйық 
арқылы) реттелінеді.
Нервпен реттеу механизмі филогенездік түрғыда кеш ірек пайда 
болтан механизм. Ол организмнің шапшаң атқарылатын процестерін
21


2-сурет
Н ейрогуморальды  ретгеу  схемасы.
1-   нейресекрец и ялы қ  торшалар;
2- нейресекрециялық торшалар мен
гипоталамус нейрондарына 
бағытгалған жолдар;
3-гипоталамустьщ нейросекрециялық 
торшалары на бағьпталған 
катехоламинэргиялық жолдар;
4-моноаминэргиялық 
нейросекрециялық торшалар;
5-артқы гипофиз; 6-аралық төмпешік;
7-нейрогормондардьщ алдыңғы 
гипофизге әсері; 8-алдьщғы гипофиз; 
9-артқы гипофиз нейрогормондарының 
эсер жолы
ретгейді. Нерв жүйесінің өсерімен организм құрылымдарының қызметі 
ш апш аң өзгереді.  Нерв жүйесінің өсері нақтылығымен,  белгілі ай- 
м аққа шектелуімен ерекшеленеді, сондықтан жауап реакциялар си- 
паты да нақтылы болады.
2-ТАРАУ 
ҚАН ЖҮЙЕСІ
29-сурақ.  Организмнің ішкі ортасы дегеніміз не?
Бір торшалы қарапайым организмдер сыргқы ортадан өзіне қажетті 
заттарды  бүкіл денесі арқылы қабылдап,  керексіз ыдырау өнімдерін 
сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда 
мүңдай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындай- 
тын терісі қоршаған ортадан қажетгі затгарды сіңіре алмайды, ал торша­
лары сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қор- 
шалады.  Ішкі ортаға қан, торшааралық (ұлпалық) сұйық және лимфа 
(сол) жатады. Торша өзіне қажетгі затгарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз 
заттарды  сбл  ортаға  бөледі.  Бірақ  қан  тамырлардан  шықпайды  да, 
торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалары қан қүрамы- 
нан пайда болатын торшааралық сұйықпен ғана жанасады, сол себеіггі 
қанды шартгы түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпа 
аралық сүйықты шын мөнісіндегі ішкі орта деп санайды.
22
30-сурақ.  Қан дегеніміз не,  оның қандай қызметтерін білесіз?
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық 
сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде 
көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:
-  тасымалдаушы қызмет - қан  торшаларға қорек жеткізіп, олар- 
дан  алып ш ы ққан алмасу өнімдерін бөлу мүшелеріне  (бүйрек, тер 
бездері,  өкпе т.б.) тасымалдайды.  Қ анм ен денеге гормондар тара- 
лып,  үлпаларға оттегі жеткізіледі, торшалардан көмір қы ш қы л газ 
алынып кетіледі;
-  қорганыстық  қызмет.  Қ ан н ы ң   ақ  түйіршіктері  фагоциттік 
белсенділік көрсетеді (торшалық иммунитет) жөне лимфоцитгер бөлген 
антиденелер бөгде затгарды жойып отырады (гуморальды иммунитет);
жылу реттеуиіі қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында 
қан  денеде  жылудың  біркелкі  таралуына  мүмкіндік  береді.  Қанның 
жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыргқы оргаға бөлінеді;
байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әр түрлі мүшелер мен 
торшалар өрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері 
бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпала- 
рын, мүшелерін өзара байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет