Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет33/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157
агыны жылдамдыгының қандай турлері болады?
Жоғары сатыдағы омыртқалыларда қан тамырлармен негізінен ла- 
минарлық сипатта ағады. Тамырлардағы қан  қабаттары бір-бірімен 
араласпай жылжитын болса, онда оны ламинарлық (бірсыдыргы) агыс 
деп  атайды.  Қ анны ң  ағысы  күрт  жылдамдаса,  тамыр  арнасында 
иірімдер пайда болып, қанның түрлі қабатгары бір-бірімен араласып 
кетеді.  Ағыстың бүл түрін  турбуленттік  (иірімді)  агыс деп атайды. 
Жалпы организмде қан ламинарлық сипатта ағады. Тек қолқа мен ірі 
артериялардың тармақталған жерлерінде қанның ағу сипаты өзгеріп, 
иірімдер пайда болады.
Организмде  қан  екі түрлі жылдамдықпен,  -  көлемдік жөне  сы- 
зықтық,  ағады.  Көлемдік  жылдамдық деп  белгілі  бір  уақыт  ішінде 
қан тамырлары арқылы өткен қан мөлшерін айтады, ол мл/с олшемімен 
өлшенеді.  Қан айналым жүйесі түйы қ жүйе болғандықтан түрлі та- 
мырларда көлемдік жылдамдық өзгермейді,  бір деңгейде сақталады 
(8-сурет). Белгілі уақыт аральпъшда қолқадан қанша қан өтсе, сонша 
қан артериялардан, капиллярлардан, веналардан өтіп отырады. Оған 
себеп, тарамданган сайын қан тамырларының жалпы көлденең қиын- 
дысының мөлшері арта түседі. Көлемдік жылдамдық мөлшерін Люд­
виг сағаты көмегімен анықтайды.
Қан  ағысының  сызықтық  жылдамдыгы  деп  қанны ң  белгілі  бір 
уақыт ішінде өткен жолын айтады.  Ол см /с немесе мм /с өлшемімен
8-сурет
Тамырдағы қан ағысының көлемдік 
жөне сызықтық жылдамдықтарын ың 
ара қатынасы. А-сызықтық жылдамдық 
өзгерістері; Б-көлемдік жылдамдықтьщ 
биіктігі өр түрлі, бірақ сиымдылығы 
бірдей цилиндрмен бейнеленуі; В-қан 
тамырларының аранасының өзгеруі.
1-артериялар, 2-кашшшрлар, 3-веналар, 
һ,, hj, һ3-цилиндрлер биіктігі (тамыр 
кесіндісінің үзындығы), S,, S2,  S3- 
тамырлар аранасының жалпы мөлшері. 
2
61


бейнеленеді.  Қ анны ң сызықтық жылдамдығы  қан тамырларының 
көлденең қиындысына кері пропорционалды. Тамырдың көлденең 
қиындысы үлкейген сайын қан ағысының сызықтық жылдамдығы 
азаяды,  ал  ол  кішірейсе  -  өседі.  Осыдан  қан   ағысының  сызықтық 
жылдамдығы тамырлар жүйесінің өр бөлігінде өр түрлі болады. Та- 
мырлар тарамданған сайын олардың жаллы көлденең қиындысы арга 
түседі. Капиллярлардың көлденең қиындысының жалпы қосындысы 
қолқа қиындысынан 700-800 есе көп. Тамыр арнасы венулалар мен 
веналарға жинақтала келе  олардың көлденең  қиындысы  қайтадан 
кішірейе бастайды.  Қуыс веналар  қиындысы  қолқа қиындысынан 
сөл ғана көп. Демек, қан  ағысының сызықтық жылдамдығы қолқа 
мен артериялярда жоғары (ретімен секундына 500 жөне  150-200 мм), 
капиллярларда күрт төмендейді  (0,05  мм/сек),  веналарда қайтадан 
жоғарылай бастайды (75-100 мм/сек).
Қ ан  ағысының сызықтық жылдамдығының  орташа мөнін  қан- 
ны ң толық айналым уақытын анықтау арқылы білуге болады. Қ ан- 
ның толық айналым мерзімі деп қанны ң белгілі бір бөлшегінің үлкен 
жөне кіші қан  айналым шеңберлерінен өтуіне қажет уақытты айта- 
ды.  Минутына жүрек 60-80 рет соғатын болса,  бұл уақыт 22-24 се- 
кундқа немесе 26-27 жүрек айналымының мерзіміне тең (бір жүрек 
айналымы 0,80-0,85  с.тең).  Бұл уақытгың 4-5  сек.  қанны ң кіші, ал 
19-20 сек.  - үлкен қан  айналым шеңберінен өтуіне кетеді.
78-сурақ.  Тамыр  согуы  қалай  туындайды  және  оны  зерттеудің 
маңызы қандай?
Тамыр  қабырғасының  жүрек  жұмысымен  байланысты  толқын 
төрізді тербелістерін тамыр согу (пульс) деп атайды. Сол ж ақ қарын- 
шадан систола кезінде қуылған қан қолқаны тербелте керіп, одан өрі 
бүл толқы н артерияларға таралады да, артериолалар мен капилляр­
ларда басылады.  Сонымен,  жүрек жүмысына байланысты  артерия 
қабырғасының ырғақты толып-солып отыруын артерия пульсі дейді. 
Ол тамыр бойымен секундына 8-12 м жылдамдықпен тарайды.
Артерия пульсін арнаулы құрал -  сфигмографией зертгейді, ал арте­
рия пульсін бейнелейтін қисық сызықты сфигмограмма дейді (9-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет