Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы



бет50/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы-emirsaba.org

Зәрдің бөлінуі. Зәр жинағыш түтікшелермен бүйрек астаушасына құйылады да, ол жиырылғанда зәрағарға өтеді. Зәрағар қабырғасының еттері минутына 3-6 рет жиырылды. Құстарда қуық болмайды, зәрағар саңғуырға (ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйесі тоғысатын тік ішектің кеңейген жері) ашылады да, зәр нәжіспен араласып, организмнен қоймалжың зат түрінде шығарылады. Зәрағардың саңғуырға құйылар жерінде сфинктер болады. Симпатикалық нервтер сфинктердің қысылуын тудырып, зәрағардың қабырғасын босаңсытады да, зәрдің зәрағарда бөгелуін тудырады. Парасимпатикалық нерв қозса, сфинктер ашылады, зәрағар жиырылады да, зәр саңғуырға құйылады.

Бақылау сұрақтары. 1. Бөлу процесінің маңызы. 2. Құс зәрінің құрамы. 3.Құс бүйрегінің құрылымдық ерекшеліктері. 4. Зәрдің түзілу механизмі. 5. Зәр түзу процесінің невпен және гуморальды реттелуі.
7 – тарау. Тері жабыны мен оның туындыларының физиологиясы

Терінің құрылысы. Тері – дененің сыртқы қабығы ретінде организмді сыртқы ортадан бөліп, оның ішкі ортасының қалыптасуына жағдай тудыратын құрылым. Сондай-ақ, ол жүйке жүйесінің рецепциялы (сезімтал) алаңы ретінде организмді қоршаған сыртқы ортамен байланыстырады. Тері өзінде орналасқан көптеген сезімтал жүйке ұштары мен биологиялық белсенді нүктелері арқылы сәуле, жылулық, суықтық, сүйкену, ауырсынту т.б. тітіркендіргіштерін қабылдап, әмбебап сезім мүшесі қызметін атқарады. Сонымен қатар, ол қорғаушы қасиетке де ие. Тері жабыны денені механикалық, физикалық және химиялық зақымданудан сақтайды. Тері - микроорганизмдер мен әр түрлі бөгде заттардың денеге енуіне жол бермейді. Оның сыртқы беткейінің қалыпты жағдайдағы рН-ы қышқылдық орта. Мұндай орта ауру тудырушы микробтардың өніп-өсуіне қолайсыз. Тері дене құрамындағы суды шамадан тыс буланудан сақтайды, дене қызуын (температурасын) реттеуге қатысады, яғни ол дененің қызуын тұрақты бір деңгейде ұстап және реттеп отыруда маңызды рөл атқарады. Теріде тері майы және мүйіз түзіледі, қанның, майдың, судың, ас тұзының артық қорлары сақталады, аз да болса тыныс алуға (1 - 2%) қатысады. Теріде мүйізді зат – кератин, коллаген және эластин белоктары, меланин пигменті, тері майы түзеледі.

Сүт қоректі жануарлар терісі сияқты құстарда да тері мен оның туындылары қорғаушы, рецепциялық, жылу реттеу және т.б. қызметтер атқарады. Дегенмен, құстардың, әсіресе ауылшаруашылық құстарының, тері жабыны мен оның туындыларының эволюциялық даму барысында тіршілік ортасының жағдайларына бейімделумен байланысты қалыптасқан морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері болады. Жас және өнім беретін құстарды ұзақ уақыт микроклиматы реттелетін қоражайда ұстаудың салдарынан олардың организмінде бірқатар физиологиялық өзгерістер туындайды. Торда қамалатын құстың тері жабынының жылу алмасу қызметінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.


Құс терісі – сүт қоректі жануарлар терісімен салыстырғанда тым жұқа және қатпарлы қозғалмалы болып келеді. Оның нағыз тері қабатының (дерманың) емізікше қабаты терінің көптеген бөліктерінде жетілмеген. Терінің бұл бөліктерінде эпидермис пен дерманың шекарасы, көбіне, түзу сызық бойымен өтеді. Тек, құс тұмсығы, құс тырнағы, қораз тепкісі, аңшы құстар топшысы мен қабыршықты құс аяғы терілері қалың болып келеді. Себебі, бұл аталған тері бөліктерінде эпидермистің мүйізді қабаты қалың болады, дерманың емізікше қабаты да жақсы жетілген. Нәтижесінде, эпидермис пен дерманың емізікше қабатының аралығындағы, олардың шекарасы емізікшелер түрінде қисық сызықтың бойымен өтеді. Құс терісінде теріасты (шел) қабаты мен тері бұлшық еті – сүт қоректі жануарлар терісімен салыстырғанда жақсы жетілген.

Құс терісі де үш қабаттан: беткей қабаттан (эпидермистен), дермадан (нағыз теріден) және теріасты қабаттан (шел қабатынан) тұрады.



Эпидермис - терінің сыртқы ең жұқа беткей қабаты. Оның қалыңдығы ондаған микрометрмен (мкм) есептелінеді. Эпидермис - көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидеристің қалыңдығы және оның құрылыс ерекшеліктері құстардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл мерзімдеріне, терідегі қауырсындардың қалың не сирек болуына байланысты. Мысалы, қалың қауырсынды тері эпидермисі, сирек қауырсынды тері эпидермисіне қарағанда жұқа болып келеді. Эпидермис – бір-бірінен анық ажырайтын төменгі - өскіш қабат пен беткей– мүйізді қабаттан құралған.

Дерма, немесе нағыз тері қабаты - терінің салыстырмалы жұқа дәнекер ұлпалы қабаты. Бұл қабаттың коллаген талшықтары тері беткейіне параллель, горизонтальды жазықтықта орналасады. Құстың қауырсынды тері дермасында қауырсындар қаламдарының ішіне қарай үңгілене еніп жатқан тым ұсақ (микроскоппен ғана көруге болады) емізікшелер болады. Емізікшелер қоректендіруші қан және лимла тамырлары мен жүйке ұштарына бай келеді. Құс терісінің нағыз тері қабатында тер бездері болмайды. Дерма өз кезегінде эпидермиспен жапсарлас орналасқан сыртқы – беткей қабаттан және ішкі – терең қабаттан құралған.

Теріасты қабаты, немесе шел қабаты – құс терісі дермасының терең қабатын беткей шандырмен байланыстырып тұрады. Ол терінің қозғалмалылығын қамтамасыз ететін борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Құс терісінің шел қабатында, олардың түрлері мен тұқымдарына байланысты түрлі мөлшерде қор ретінде май ұлпасы жиналады. Шел майы, әсіресе, жақсы азықтанған үйрек пен қазда көп жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет