Несіпбаев Т., Исхан Қ. Ж., Несіпбаева А.Қ. ҚҰс физиологиясы



бет67/103
Дата25.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#126940
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы-emirsaba.org

Жұмыртқаның пайда болуы. Жетілген сарыуыз фолликуладан шығып, жұмыртқалық жолға түскеннен соң, жұмыртқа белогы түзіліп, жинақталады, жұмыртқа қабықтары мен қауыз жасалады, жұмыртқа (тұқым) пайда болады. Аналық безде ұрықтанып үлгермеген сарыуыз жұмыртқалық жол шанағына түскеннен соң осы жерде ұрықтанады. Шанақтан аналық торшалы сарыуыз 15–20 минут ішінде өтеді. Егер аналық торша аналық безде немесе жұмыртқалық жол шанағында ұрықтанып үлгермесе, ол жыныс, жолдарының басқа бөліктерінде ұрықтанбайды. Мұндай жұмыртқа ұрықтанбаған күйінде қалады. Қоразбен бір рет шағылысқан мекиендер ұзақ мерзім бойына (тауық 20-25 күн) ұрықтанған жұмыртқа жұмыртқалайды. Дегенмен, шағылысудан 8-12 күннен кейін жұмыртқаның ұрықтануы күрт төмендейді.
Жұмыртқалық жол қабырғасы еттерінің әрекетімен сарыуыз шанақтан жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігіне өтеді де, оның бойымен өз осінде айнала жылжиды. Оған жол қабырғасындағы етті-эпителийлі қатпаршаның спираль түрінде орналасуы себепші болады. Жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігінде жұмыртқа белогының негізгі бөлігі түзіледі. Алдымен сарыуыз бетіне жұмыртқалық жол бездерінен бөлінген белоктың тығыз талшықтары жабысады да, олардың бұралуы нәтижесінде сарыуыздың қарама-қарсы өрістерінде өрімдер пайда болады. Олар соңынан сарыуызды жұмыртқаның ортасында ұстауға мүмкіндік береді. Сарыуыз айналасында белоктың тығыз қабаты орналасады. Одан сыртқары белоктың қоймалжың және сұйық қабаттары жатады. Жұмыртқалық жол мойнағында қауыз астарлық және белоктық қабықтар мен сұйық белоктың біраз мөлшері пайда болады. Жатырда жұмыртқа белогы ісініп, қауыз түзіледі.
Жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігімен жұмыртқа 3 сағат жылжиды, мойнақтан 1 сағатта өтеді, ал жатырда 19 сағат аялдайды. Жалпы жұмыртқа 23–27 сағат ішінде пайда болады. Тауық кейде тәулігіне екі рет те жұмыртқалайды, бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі. Көбінесе тауық тәулігіне немесе екі тәулікте бір рет жұмыртқалайды. Құсты дұрыс азықтандырмаса онда ол 5–6 тәулікте бір рет жұмыртқалауы мүмкін.
Үй құстары белгілі айналыммен жұмыртқалайды. Бір маусымда немесе бір жылда бірнеше лек (серия) мен интервал кездеседі. Лек деп құс үзбей жұмыртқалаған күн санын айтады. Одан кейін 1–2 күн үзіліс (интервал) байқалады да, серия қайта басталады. Серия мен интервалды жұмыртқалау айналымы деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет