Неврология модуль


-БӨЛІМ. Ситуациялық есептер



бет43/81
Дата26.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#59676
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81
Байланысты:
невро-физио

3-БӨЛІМ. Ситуациялық есептер


Ситуациялық есептерді шешіп, сұрақтарына жауап беріңіз



  1. есеп. Ер кісі түрлі қашықтықта орналасқан заттарға кезек-кезек қарады (суретке қараңыз). Жауаптарыңызды түсіндіріңіз.


1. Қай заттар оған анық көрінеді? Жауабыңызды түсіндіріңіз

Жауап:C,D,E анық көрінеді, себебі шамамен 15-25 см қашықтықта заттар көрінбей қалады, кресттен шашыраған сәулелер белгілі бір қашықтықта сары даққа түседі, ал дөңгелектен шашыраған сәулелер соқыр даққа түседі, сондықтан дөңгелек көрінбей қалады.

2. Қайсысы анық көрінбейді? Жауабыңызды түсіндіріңіз

Жауап:A нысаны тым жақын орналасқан, ал F нысаны тым алыс орналасқан.




  1. есеп. Серік пен Берік. Олардың жасы әр түрлі. Кезекті медициналық тексеру кезінде Серіктің жақынды айқын көру нүктесі 13 см, ал Беріктікі – 32 см екендігі анықталды. Шамамен жастары қандай?

1. Олардың қайсысы үлкен? Жауабыңызды түсіндіріңіз

Жауап:Берік үлкен, себебі алыстан көргіш адамдардың айқын көретін жақын нүктесі көзден қашықтау орналасады. Сондықтан жақындағы заттарды көру үшін аккомодациялық күш салу жеткіліксіз болады. Осының нәтижесінде екі жаңы дөңес линзасы бар көзілдірік кию керек.

2. Шамамен жастары қандай? Жауабыңызды түсіндіріңіз

Жауап:Серік шамамен 25, ал Берік шамамен 50 жаста


  1. есеп. Науқастың көру қабілетін тексерген. Сонда, көру аймағын зерттеу нәтижесінде төмендегідей сурет алынған.






1. Көру жолының қай жерінің зақымдалуы осындай салдарларға әкелуі мүмкін?

Жауап:ми негізіндегі қиылыстың (хиазманың) зақымдалуы

2. Көру жолының сызбасын салып, зақымдалған жерін көрсетіңіз

Жауап:





  1. есеп. Асхат тура алдына қарап түрған. 4 м қашықтықта бірдей жылдамдықпен 2 нысан қозғалып бара жатты: А нысаны төменнен жоғарыға, В нысаны жоғарыдан төменге.

1. Асхат қай нысанды бірінші байқай алды? Неліктен?

Жауап:А нысаны, себебі ақ түсті заттар үшін көру аймағының төменгі шекарасы жоғарғыға
қарағанда үлкен.




  1. есеп. 55 жастағы әйел. Жас кезінде миопиясы болмаған. Қазір кітап, газет оқығанда оларды көзінен алыстатып ұстайды.

1. Бұл неге байланысты? Жауапты түсіндіріңіз.

Жауап:Бұл әйелде гиперметропия дамыған. Алыстан көргіш адамдардың айқын көретін жақын нүктесі көзден қашықтау орналасады. Сондықтан жақындағы заттарды көру үшін аккомодациялық күш салу жеткіліксіз болады. Осының нәтижесінде екі жаңы дөңес линзасы бар көзілдірік кию керек.




  1. есеп. Эстезиометрия әдісімен зерттелушінің терісінің сезімталдығы анықталған. Вебер циркулінің екі инесінің арасы 20 мм етіп алынған. Осындай жұп иненің жанасуынан арқа мен алақан терісінде туындайтын сезімдерде айырмашылық болады ма? Қандай айырмашылық болады?

1. Осындай жұп иненің жанасуынан арқа мен алақан терісінде туындайтын сезімдерде қандай
айырмашылық болады?

Жауап:Ия болады, арқада 67,7 болса алақан терісінде 6,7. Жанасу сезімталдығы неғұрлым жоғары болса оның табалдырық күші соғұрлым төмен болғаны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет