Нысаналы оқыту технологиясы Жоспар


А . Таным саласындағы нысана



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі22,06 Kb.
#13417
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нысаналы оқыту технологиясы

А . Таным саласындағы нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау және қайталап тану барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни, білім алу мен қабілетті дамыту жолындағы нысананы көрсетеді.

Ә. Сана - сезім саласындағы нысана қызығушылык, мінез, кұндылық көзқарасы, сондай - ақ бейімділік қабілеті жағындағы нысананы, яғни ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді.

Б. Іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана дегеніміз - меңгеру және әрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.

Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша тәртіпті түрде жүйелеп, айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді. Ол бұны АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді, әрі бұл еңбегі Блумның әлемдегі атағын да асқтата түсті.

Бұрын адамның үйрену жағдайын тексергенде, оның тек алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындағы нысанасы бес жақты (түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, яғни, оқушылардың әр түрлі қабілеттерін жетілдіру нысанасын алға кояды.

Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің білім беру саласы осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың қабілетін жан-жақты тәрбиелеуді дәріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.

Бұл өлшем мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу қызметі мен бағалау кызметін де алға бастырады.

Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет