Нысаналы оқыту технологиясы Жоспар



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі22,06 Kb.
#13417
1   2   3   4   5   6   7
ІІ "Игеріп оқу" теорясы. "Игеріп оқу" теориясы дегеніміз сыныптық окыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу және дер кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру және көмек көрсетіп отыру, сол арқылы оқушылардың оқу нысанасы белгілеген өлшемге жету турасындағы теория.

Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:

1. Оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу.

2. Оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.

"Игеріп оқу" теориясы өте өнімді оқыту тәсілі саналады, оның ең өзекті мәселесі - оқушылардың айтарлықтай оқыту\үйрету нәтижесіне жете алмауы, олардың ақыл-парасат жағындағы кемістігінен емес, қайта өз ерекшсліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйретудің шарттылық жағдайымен қамтамасыз етсе болғаны, басым оқушылар оқытуды игере алады, оқытудың міндеті - тек қана оқушыларға оқыған пәнін игеруге қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.

"Игеріп оку" теориясының іс жүзіндегі манызын мынадай бірнеше жақтардан көруге болады:

1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалімде оқыту үміті, оқушыда оқу сенімі болады.

2. "Игеріп оқудың" сәтті болу - болмауы оның "кері байланыспен толықтыру" барысының сәтті орындалу - орындалмауына байланысты. Блум: дәстүрлі сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл қайшылық кей оқушылардың үйрену қызығушылығын жояды, ал дербес оқытудағы "дер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру, үйренуді дұрыс жолға салуды" сыныптағы оқытуға шеберлікпен колданса, қызықты оқыту ортасы калыптасып, біліміне карай оқыту, барлық оқушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды..

3. "Игеріп оқу" - "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы анықтаған окыту нысанасына сан жүргізіледі. Бұл мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың күтпеген сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.

4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату құралына айналдырады.

Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға кысым түсіру емес, қайта, табысқа жетудің шаттыгын сыйлайды.

5. "Игеріп оқу" теориясы оқушылардың үйрену барысындағы жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, әсіресе оқуда нашар окушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет