Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет18/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   101
Байланысты:
отбасы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ЖОҒАРЫ 
ОҚУ 
ОРЫНДАРЫ 
СТУДЕНТТЕРІНІҢ  ОТБАСЫ-АДАМГЕРШІЛІК  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Отбасы - адамгершілік құндылықтар генезисі 
 
Ұлттық  білім  беру  жүйесін  отбасының  құнды  өміріне  белсенді 
қатысуынсыз модернизациялау мүмкін емес. Осы тұста қазақстандық қоғамның 
трансформациясы мен модернизациясы, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету 
отбасын тұлғалық және қоғамдық құндылық ретінде қабылдаудың қажеттілігін 
зерттеуді талап етеді. Бұл қоғамның қазіргі заманғы даму кезеңдерінде отбасы 
институтында  туындап  жатқан  күрделі  мәселелермен  (отбасы  институтына 
қатынастың  өзгеруі,  отбасын  әлеуметтік  және  тұлғалық  құндылық  ретінде 
қарастырудың  қажеттілігі,  т.б.)  және  қарама-қайшылықтармен  (ажырасу 
санының  артуы,  «дәстүрлі  емес»  жұптар  санының  өсуі,  еркек  пен  әйелдің 
отбасынан тыс өмірді қалауы, т.б.) түсіндіріледі.  
Қоғамдық  қатынастардың  иерархиялығы  отбасылық  қатынаста  оған 
сәйкес  бағыттарды  тудырса,  ал  қоғамның  демократиялануы  отбасының 
эгалитаризациясына  алып  келді.  Бүгінде  дәстүрлі  патриархалды  отбасының 
эгалитарлы  (жыныстардың  теңдігі)  отбасы  типіне  өтуінде  отбасының  жаңа 
үлгісінің  қалыптасып  келе  жатқаны  ғылымда  отбасылық  қатынастардың 
білімділік-тәрбиелік 
мәнін, 
отбасылық 
адамгершілік 
құндылықтарды 
қалыптастыру мәселелерін өзектендіреді. Өйткені, студенттік жастық кезең кез 
келген тұлғаның өзінің  ішкі  «Менін» ашуға, өзімен, басқамен, жақындарымен, 
айналасымен  өзара  қарым-қатынаста  өмірлік  маңызды  құндылықтарды 
меңгеруіне,  әлеуметтік  тәжірибе  жинақтауына,  әлеуметтік-психологиялық 
табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. 
ЖОО-дағы 
тәрбие 
ісінің 
тұжырымдамаларында 
студенттердің 
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру  білім  берудегі  бірінші  басымдық 
ретінде  айқындалады,  ал  танымдық,  кәсіптік,  отбасылық,  рухани-мәдени, 
қоғамдық-саяси  салаларда  өзін-өзі  жетілдіруге  қабілетті,  біліктілігі  жоғары 
маманды  даярлау  –  бұл  тіршілік  етудің  негізі  болады.  Осы  орайда  отбасы-
адамгершілік  құндылықтардың  мәнін  ашатын  ғылыми  қорды  жүйелеу, 
жинақталған  тәжірибені  талқылап  қорытындылау  мақсатында  педагогикалық, 
психологиялық,  философиялық,  социологиялық  ғылыми  әдебиеттерге  талдау 
жасауда  тарихилық  қағидасының  маңызды  ерекшелігіне  назар  аударылды. 
Өйткені,  тарихилық  құбылыстардың  қалыптасуы  мен  дамуын  нақты  тарихи 
жағдайларға  байланысты  анықтайтын  таным  қағидасы.  Тарих  нәтижесі 
объективті  заңдылықтар  жолымен  өтетіндіктен,  даму  эволюция  және  генезис 
арқылы айқындалып, олардың бір-бірімен өзара байланысын көрсетеді. 
Сондықтан, педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  теориялық-әдіснамалық 
негіздерін қарастыру «отбасы», «отбасы-адамгершілік құндылықтар», осыдан 
туындаған 
«студенттердің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 


 
 
қалыптастыру» 
ұғымдарына 
берілген 
анықтамаларды 
нақтылаумен 
айқындалады. 
«Генезис»  гректің  «genesis»  сөзінен  шыққан,  шығу,  пайда  болу  деген 
мағынаны білдіреді. Ол құбылысты, затты, түрді белгілі бір күйге алып келетін 
дамудың пайда болу үрдісі деп анықталады. Генезис көбінесе, ескінің негізінде 
жаңаның алғышартының пайда болуы деп те саналады [69].  
Сонымен жаңа заттың қалыптасуын, оның эволюциялық жолмен дамуын 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  ғылымға  енген  «иерархия»  ұғымы  арқылы 
бейнелеп  көрсетуге  болады.  Ол  ғылым  теориясында  ұйымдастыру  қызметінің 
тиімділігін қамтамасыз ететін басқару қағидасы ретінде қолданылады.  
«Иерархия» (грекше hieranchia, hieros – қасиетті, arche - билік) – тұтастық 
бөліктерін немесе элементтерін жоғарыдан төменге ретімен орналастыру деген 
мағынаны білдіреді [70]. 
Бүгінде отбасы статусы мазмұны жағынан иерархиялық тұрғыдан әртүрлі 
тарихи-әлеуметтік  деңгейге  ие.  Әрбір  тарихи  дәуір  әлеуметтік  реттеудің 
жоғары  деңгейі  ретінде  қатысатын  құндылықтар  иерархиясы  және  олардың 
өзіндік  ерекше  жиынтығымен  сипатталады.  Құндылықтар  жүйесі  қоғамның 
тарихи  дамуында  қалыптасады  және  өзгереді.  Адамның  құндылықтар  жүйесі 
оның әлемге деген қарым-қатынасының негізі болып табылады.  
Сондықтан,  адамзаттық  өзара  қарым-қатынас  тарихында  тамыры  терең, 
ерекше  орын  алатын  отбасының  өмірге  ұрпақ  әкелу  және  оны  тәрбиелеу, 
билікті  бөлісу  функциялары  секілді  негізгі  өзекті  мәселелерін  тарихи  -
философиялық  тұрғыдан  түсіндіру  отбасы  тұжырымдамасының  генезисі  мен 
эволюциясының маңызды кезеңдерін  қарастыруды талап етеді. 
Осы  орайда  ретроспективті,  тарихи-салыстырмалы  логикалық  талдау 
нәтижесі  ғылымдағы  отбасының  адамгершілік  құндылықтар  генезисін 
төмендегідей «иерархиялық сатыларға» бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:  
-  бірінші  иерархиялық  саты  «Дәстүрлі  кезең»  деп  аталады  –  б.э.д.  V  ғ. 
бастап - XIX ғ. ортасына дейін; 
- екінші иерархиялық саты «Классикалық сциентистік кезең» деп аталады 
-  XIX ғ. ортасынан бастап - XX ғ. 20-шы жылдарына дейін;  
 -  үшінші  иерархиялық  саты  «Классикалық  емес  сциентистік  кезең»  деп 
аталады - XX ғ. екінші және үшінші жартысына дейін;   
-  төртінші  иерархиялық  саты  «Постклассикалық  емес  сциентистік 
(заманауи)  кезең»    деп  аталады  -  XX  ғ.  төртінші  жартысынан  бастап  бүгінгі 
дейінгі уақыттарды қамтиды (1-сурет). 


 
 
 
                                                                                                                                                                                                                             
 
 
 
 
                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                     
 
 
 
 
 
                         


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет