1.2 Отбасы - адамгершілік құндылықтар ұғымының құрылымы
Отбасы және құндылық феномендері адамзат қоғамында барлық
уақытта ерекше мәнге ие болған. Сондықтан отбасы - адамгершілік
құндылықтарын жіктеуде, алдымен «құндылық», «рухани – адамгершілік
құндылықтар» ұғымдарының мазмұнына назар аударылады.
Біз, ғылыми әдебиеттер мен еңбектерді талдауда құндылық болмыстан
жеке бөлінбеген, болмыс ұғымы екі элементке, яғни ақиқат пен құндылыққа
ажыратылған кезде, ол адамзаттың ынта-тілегінің, талпынысының алуан
түрлі обьектісі ретінде өзіндік дербес сала ретінде пайда болғандығын негізге
аламыз.
Құндылықты болмыстан бөлу және оны зерттеу әртүрлі философиялық
бағыттар (натуралистік психологизм, трансцендентализм, персоналистік
онтологизм, мәдени-тарихи релятивизм мен социологизм) арқылы жүзеге
асырылып, классикалық еуропалық философиядан тыс дамыды. Соның
ішінде, неокантианттық философияда трансцендентализм бағыты үлкен
қызығушылық туғызады.
Құндылықты зерттеу мәдениет мәселесімен бірдей контексте
қарастырылды. Табиғаттың және адамзат мәдениеті мен құндылығының
маңызын саналы түсіну неокантианттық философияда айқындалды. Мұнда
құндылықты зерттеу дүниетанымдық және логикалық-әдіснамалық бағытта
іске асырылады.
Құндылық мәдени феномен, сол арқылы адамдық болмыстың бір
тірегіне айналды. Мәдени құндылықтар отбасының тікелей ықпалымен
тұлғаның жетістігі, оның жүйетүзуші элементі болып табылады.
Отбасында мәдениеттің коммуникациялық және символикалық мәні
көрініс табады. Мәдениеттің екіжақты табиғаты отбасында іске асырылып,
эмоциялық-адамгершілік маңызға және ерекше құндылық мәнге ие болады.
Осыдан адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін түзеді:
трансденталдық (тәжірибеден, ақыл-санадан тыс), әлеуметтік-мәдени, жеке
бас құндылығы.
Философияда құндылық құбылыс пен қоршаған ақиқат объектілердің
адамзаттық, субъективтік, мәдени маңызымен үйлестіріліп отырылған.
Құндылықтар мәдениет әлемі, бұл адамның рухани іс-әрекет саласы,
тұлғаның адамгершілік санасы, рухани байлығының бағасы мен өлшемі.
Демек, ол тұлғаның еркін ойлауына мүмкіндік бере отырып, оның сана-
сезімін қалыптастыруға, жүйелеуге мүмкіндік береді.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте «құндылық» адамның
«барлық алдында тұрған нәрсеге талпыну, бақылау, сыйластықпен қарау,
мойындау сезімдері» ретіндегі мағынада ашып көрсетіледі [95, с. 403].
Құндылықтың табиғаты мен мәні неміс классикалық философиясының
негізі болды. Осы философиялық дәстүр құндылықтарды категорияларға
бөлу мен философиялық түсінігіне қарай топтастыру басталады. Көптеген
философтардың еңбектерінде өнегелік тұрғысынан түсіндіріледі. Бұл
дәстүрдің бастамасы И.Канттан: «таза өнегелік – «әрбір іс-әрекеттің»
адамгершілік құндылығының әрекеті» деп бастау алады [15, 74б].
Адамдар қоршаған заттар, құбылыстар, үрдістерді шындық пен жалған,
жақсылық пен жамандық, көркемдік пен ұсқынсыздық, мейірімділік пен
зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік және т.б. тұрғыдан бағалайды. Бұл
адамзаттың әлемге қатынасының және оған деген көзқарасының ерекшелігі
болып есептеледі.
Осыдан, құндылықты тұлға мен қоғамның өзара байланысын мәдени,
адамгершілік-бағдарлық үлгідегі түйінді, көптүрлі жалпығылыми категория
ретінде анықтауға болады. Әрине адамзаттың әлемге қатынасының мұндай
ерекшелігінің философиялық түсініктен тыс қалмауы заңдылық. Сондықтан
адамның дүниені қабылдау ерекшелігі философиялық тұрғыдан жете
ұғынуымен тығыз байланысты.
Ш.Уәлихановтың көзқарасы бойынша, адам, оның өмірі – ең басты
құндылық, жаратылыстың ғажайып жемісі, ол табиғатпен тікелей
байланысты. Оның пікіріне сүйенсек, әрбір халық үшін басты мақсат −
«еуропалық, жалпыадамзаттық ағартуды игере отырып, осы жолдағы
кедергілермен күрес жүргізіп, даму мен мәдениетке қол жеткізу адғашқы
орында болған. Шоқан қазақтың ерекше мәдени үлгілеріне тұңғыш рет
ғылыми талдау беру барысында құндылықтарға айрықша көңіл бөледі.
Сондай-ақ, ғалым адамгершілік құндылықтарын өзіміздің әдет-ғұрыптан,
салт-дәстүрлерден көрінетінін талдап, оны дамыту үшін, әдебиет пен
дәстүрлердің озық үлгілерін пайдаланып, оны күнделікті өмірге құрал етіп
ұсынуды көздейді[11, 33 б.].
Ы.Алтынсарин адамгершілік құндылықтарды үлкенді сыйлауға, өнеге
үйретуге уағыздаған негізгі қағидаларын жете түсініп, оны басқа да
халықтардың озық ой-пікірлерімен толықтырып дамытты [99].
Қазақ педагогикасының ірі тұлғаларының бірі – А.Құнанбаев та өзінің
өлең, қара сөздерінде адамды жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үндеп
отырған. Ақын шығармашылығының негізі – адамгершілік тақырыбы.
Адамгершілік қасиеттерді үйлесімділікте дамыту, сөйтіп имандылыққа
тәрбиелеу жайлы ойын: «біреуге көмектесу – ішкі зор қуат пен терең ақыл
және ыстық сезімнің ісі», - деп жеткізеді. Абайдың бұл афоризмінен адам
бойында осындай қасиеттер түгел болғанда, ол адамгершіліктің иесі бола
алатындығының белгілері екендігін байқаймыз [12, с. 182-185].
Бізге белгілі болғандай, болашақ мамандардың отбасы-адамгершілік
құндылықтары негізін зерттеуімізде XI-XIX ғ. қазақ ағартушыларының
мұрасындағы адамгершілік құндылықтар мәселесіне жан-жақты талдау
жасалды. Ғалымдар педагогикалық мұраларында сыйластық, адамгершілік,
білім, бейбітшілік, татулық, достық, жақсылық және т.б. құндылықтардың
маңыздылығын ашып көрсетеді. Қазақ ағартушыларының тұжырымды
ойлары педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда басшылыққа алынады.
Е.С.Коянгалиев өзінің «Ұлттық мәдени құндылықтар негізінде
оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» атты диссертациясында былай дейді:
«...құндылықтар – идеал ретінде өмір сүретін неғұрлым жағымды сапаға ие
объектілер мен тұлғаның ең маңызды, бағалы қасиеттерінің жиынтығы.
Құндылықтар қандай да болмасын құбылысқа баға берудегі негізгі үлгі және
құндылық субъекті үшін объектінің жоғары мәнділігі ретінде айқындалады».
Ендеше, ғалымның бұл анықтамасынан студенттердің отбасы-адамгершілік
құндылықтары бағалы қасиеттер қатарынан болмағын аңғарамыз, сонымен
қатар жағымды сапа деп пайымдаймыз [64, 72б].
Құндылықтарды типологиялық жіктеу әлемдік ғалымдар үшін нақтылы
әлеуметтік зерттеулер жүргізуде негізгі құрал ретінде қолданылып келеді.
Философия ғылымында құндылықтарды әртүрлі тәсілдермен жіктейді:
мақсат құндылықтар, құрал құндылықтар, оң және теріс сипаттағы
құндылықтар. Мақсат құндылықтарға адам өмірі, ақиқат, бостандық, әсемдік,
әділдік, жақсылық; құрал құндылықтарға әлеуметтік, саяси, экономикалық
құбылыстар жатқызылады. Олар тарихи үрдістің, мәдени кеңістіктің қоғам
алдына қойған мәселелерімен байланыста көрініс беретін құндылықтар.
Осы орайда жаңа форматтағы ғалым Ж.Ж.Куанышбаева «Қазақстан
Республикасындағы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар» атты
еңбегінде құндылықтардың жеке адамдар қажеттіліктеріне сәйкес қатынасын
келесідей жіктейді:
- адам өмірін сақтау және жалғастыру үшін маңызды қарапайым
қажеттіліктерге;
- басқа адамдармен өзара әрекет ету, қарым-қатынас жасау
қажеттілігіне;
- әлеуметтену – қандай да бір этноста, қоғамда мақұлданған
құндылықтарды, нормалар мен мінез-құлық, тәлім-тәртіп үлгілерін игеруге
байланысты күрделі қажеттіліктерге;
- өмірлік мәнді – бүкіл өмір үшін маңызды болатындай өз іс-әрекетін
жалпы мәнмен толықтыруға байланысты күрделілігі мен қызметтері
бойынша жоғары қажеттіліктерге. Ғалымның пікірінен қажеттіліктердің
сұранымы негізінде құндылықтық мән мен мазмұны толығып, айқындалады
деуге болады [100].
Әлеуметтанушылар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің
реттегіші түрінде қарастырады. Олар үшін құндылық – әлеуметтік объект,
қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған норма. Сондықтан әлеуметтану
саласы бойынша айқындаған басты құндылықтар:
-жалпы адамзаттық құндылықтар: адам өмірі, бостандық, отбасы, адам
бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік,
мәдениет, денсаулық, заңдылық.
-рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар: мәдениет, әдебиет, тарих,
тіл, дін, діл, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет-ғұрып, салт, ұлттық
дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер т.б. [100, 46б].
Құндылық көпмағыналы пәнаралық ғылыми ұғым ретінде ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келеді.
С.И.Ожегов сөздігінде «құндылық» «мән» ретінде анықталса [96,
с.871], орысша-қазақша сөздікте: «құндылық – құнды зат, мән, ғылымда
құндылық қазына, байлық деп түсіндіріледі [101].
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: құндылық – нарқы жоғарылық,
қымбаттылық, бағалылық деп сипатталады. Құндылық арқылы сол заттың
маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттілігін, керектігін білуге болады.
Мәселен, есептегіш машинаның құндылығы адамның оны дұрыс пайдалана
білуіне байланысты [102].
Психология
ғылымында
құндылықтар
қоғамдағы
моралдық
қатынастардың формасы ретінде қарастырылады. Біріншіден, құндылық жеке
тұлғаның немесе әлеуметтік топтың, ұжымның адамгершілік мәні, абыройы
және қоғамдық институттардың (отбасы, мектепке дейінгі мекемелер,
мектеп, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары. т.б.) адамгершілік
сипаттары деп қарастырылса, екіншіден, моралдық санаға қатысты
көзқарастар
мен
ой-пікірлер,
тұжырымдар:
моральдық
нормалар,
принциптер, жақсылық пен жамандық, адалдық пен әділеттілік, бақыт және
т.б. туралы түсініктер.
В.А.Ядовтың зерттеу жүргізген саласы психология, ол құндылықтардың
төмендегідей өзіндік топтамасын ұсынады:
-мақсат құндылықтар: махаббат, сұлулық, бостандық, отбасы, денсау-
лық, жұмыс;
-құрал құндылықтар: білімділік, тәрбиелілік, күшті ерік-жігер. Құрал-
құндылықтар қоғамда реттеуші, тәрбиелеуші қызметтерді атқарады [103].
М.Ә.Перленбетов «Тұлға қасиеттері мен психикалық процесстердің
байланысы»
тақырыбындағы
докторлық
диссертация
жұмысында
құндылықтарға сай ұлттық мүдделер мен бағдарлардың қызметін
этнопсихологиялық көріністе талдайды. Ғалымның пікірі бойынша:
«...бірінші
деңгейі ұлт өкілдерінің көпшілігінің өміріндегі басым
құндылықтар кіретін құндылықтық бағдарлардан тұрады, құрылымның
екінші деңгейі ұлт өкілдерінің қоршаған әлемнің түрлі құбылыстарына сан-
алуан қатынастары кіреді, үшінші деңгей психикалық үрдістердің және
темпераменттің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты құрамдас бөліктерді
қамтиды, төртінші деңгей – психофизиологиялық деңгей», деп құндылық
бағдар тұжырымдамалары сараланады. Ол бұл тұста қазақ халқының әлемді
қабылдауының өзіндік ерекшелігі бар екенідігін алға тартады. Біздің
пайымдауымызша, М.Ә.Перленбетов адамның әлеммен байланысы мен
қарым-қатынасының беріктігін және ұлттың сан ғасырлық тарихи дамуы
кезінде қазақтардың әлемді қабылдауының негізгі санаттарының тұтастығын
және тұрақтылығын құндылықтық ерекшелік ретінде негіздеп отыр [104].
Психологиялық сөздікте «құндылық» ұғымы қоғам үшін әлеуметтік-
тарихи маңызы бар тұлға өмірінің болмысын анықтайтын құбылыс, оқиғаны
бағалаудағы әлеуметтік тәртіп, мінез-құлықты реттеуші, моралдық қарым-
қатынас; объектілер, құбылыстар және сапаларды, сонымен қатар қоғамдық
идеал ретінде эталон болатын абстрактылы идеяларды белгілеу үшін
қолданылатын ұғым деген анықтама беріледі [103, с. 442].
Психологиялық-педагогикалық анықтамалық сөздікте «құндылық»
ұғымы мынадай мағыналарда ашып көрсетіледі: 1) «заттың оны пайдалы,
қалаулы немесе құнды ететін сапасы немесе қасиеті» ретінде; 2) белгілі бір
мәдениеттің немесе қоғамның аясындағы мінез-құлықтың салыстырмалы
үлгісінің абстрактылы және жалпы қағидасы, ол сол қоғам мүшесін
әлеуметтендіру үрдісінде ең маңызды болып табылады» [105].
Педагогикалық сөздікте «құндылық – адамның ішкі құқы, ізгілігі,
адамдармен
қарым-қатынасы,
іс-әрекет
кезіндегі
көрсетілетін
қайырымдылығы, тұрақтылығы, мейірімділік тәрбиесі» - делінген. Құндылық
екі компоненттен тұрады: пәндік және саналық. Пәндік құндылықтарға –
заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны,
әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың
теориялық маңызы және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі
жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің
эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылыққа қоғамдық ой, бағалау,
мақсат және оған жетудің жолдары, нормалар кіреді. Пәндік және
субъективтік құндылықты философтар адамның дүниеге қатынасының екі
жағы: объектісі, әрі субъектісі ретінде қарастырады. Пәндік құндылық баға
берудің объектісі, субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі [106].
Г.Риккерт тұлғаның қалыптасу үрдісінде өзара байланысты және өзара
ықпал ететін жоғары құндылықтарды үш топқа бөліп көрсетеді. Олар:
танымдық, этикалық және эстетикалық. Ғалымның пікірінше, адамгершілік
құндылықтарды қалыптастыру үрдісі адамның рухани дамуындағы
психологиялық күш ретіндегі адамгершілік ерік-жігер мен адамгершілік ар-
ұят, олардың эстетикалық ар-ұжданмен үйлесімділігінің ойдағы, сезімдегі,
Достарыңызбен бөлісу: |