Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет23/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101
Байланысты:
отбасы

парадигмасы  бөліп  көрсетіледі.  Біріншісі,  «прогрессивтік  парадигма»,  оның 
өкілдері  (А.Г.Вишневский,  С.И.Голод,  М.С.Мацковский,  т.б.)  отбасындағы 
қазіргі заманғы үрдістерді отбасылық формалардың көптүрлілігінің көбеюіне 
алып  келетін  жағымды  құбылыс  ретінде  қарастырады.  Отбасының 
қызметінің  орындалмауымен  байланысты  барлық  жағымсыз  құбылыстарды 
ескіден  жаңа  отбасылық  формаларға  өтуінің  аяқталмаған  үрдісіне 
жатқызады. Екінші, «дағдарыстық парадигма», оның өкілдері (А.И.Антонов, 
В.А.Борисов,  т.б.)  отбасы  дағдарысы  мен  оның  өзінің  қызметтерін 
орындамауын отбасылық құндылықтар дағдарысы деп түсіндіреді.  
Отбасы  құндылықтарының  өзгеріске  түсу  әрекеті  отбасы  институты 
биологиялық  тіршілік  иесі  ретінде  адамды  өндіру  міндеттерін  шешетін 
қарапайым  формадан  заманауи  отбасыға  тән  көптүрлі  формаларға  дейін 
дамып,  ұзақ  эволюциядан  өтті.  Бұл  әлеуметтік  институт  отбасының  және 
отбасы-неке  қатынасының,  отбасылық  құндылықтардың  ауысуымен  тығыз 
байланысты дамуының тарихи жолын сипаттайды.  
Бұл тұста социумның әрбір тарихи кезеңіне сәйкес отбасы типінің және 
отбасылық  құндылықтардың  болғаны  жетекші  идея  ретінде  басшылыққа 
алынады.  Демек  отбасы  институты  өзінің  қалыптасуы  барысында  отбасы 
үшін сол кезеңде оған тән болған құндылықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді. 
Ғалымдар  «Неке,  отбасы  құндылықтарын  насихаттау,  осы  мәселелер 
бойынша  әлеуметтік-психологиялық  ақыл-кеңес  беру  маңызды.  Жастар 
арасында 
некеге 
тұру, 
бала 
туу, 
отбасылық 
құндылықтарға 
қызығушылықтарын көтеру мемлекеттің әлеуметтік-демографиялық дамуына 
әсер етеді» - деп есептейді [87, с. 36 -51].  
С.С.Қоңырбаева  «Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасылық  өмірге 
этномәдени  құндылықтар  негізінде  даярлаудың  педагогикалық  шарттары» 
атты  кандидаттық  диссертациясында: 
«Отбасы 
–  құрамы  өзара 
туысқандықпен байланысқан, өзара қарым-қатынас пен өзара жақын топтың 
әлеуметтік  бірлестігі»;  «...Отбасы  тәрбиесі  –  балалардың  жеке  ары  мен 
абыройы  сыйластық  пен  махаббатқа  негіздеп,  олардың  қоғам  және  отбасы 
құндылықтарына сәйкес мүмкіндіктерін ескеріп, тұлғалық қалыптастыру мен 
қорғауға  педагогикалық-психологиялық  тұрғыда  қолдауды  қарастыратын 
отбасындағы  үлкендер  мен  балалардың  ортақ  мүдделі  әрекеті»; 
«...Адамзаттың  негізгі  өмірі,  бақытының  бастауы  отбасылық  өмір 
болғандықтан,  жастарды  отбасылық  өмірге  даярлау  –  маңыздылардың 
маңыздысы.  Отбасылық  өмірге  дайындауды  тәрбиедегі  түрлі  құндылықтар 
арқылы қарастыруға болады», - деп тұжырым жасайды. С.С.Қоңырбаеваның 
бұл  пікірінен  студенттерді  отбасылық  өмірге  даярлауда  отбасы 
құндылықтарының  басты  назарда  болуы  қажеттігін  аңғарамыз.  Ғалым 
отбасындағы  әр  мүшенің  санасында  ұлттық  болмысты,  құндылықтарды 


 
 
сараптай  отырып,  оның өз  өміріндегі  мәнін  анықтап,  бойына  сіңірудің  және 
ұлттық  ерекшеліктерді  қалыптастырудың  негізгі  факторларын  тәжірибе 
арқылы тереңірек дәріптеуге негіздеген [60, 48б]. 
Н.Д.Шиминнің  пікірінше,  отбасы  шекті  әлеуметтік  құрылым  болып 
саналады,  оның  шекарасының  бұзылуы  қоғамның,  өркениеттің  күйреуіне 
алып  келеді.  Отбасын  бұзу  адамды,  мәдениетті  және  өркениетті    бұзуды 
білдіреді.  Өркениеттік  қозғалыстар  отбасының  рухани,  адамгершілік 
саласын,  әсіресе,  жастардың  мінез-құлық  формасында  аса  елеулі, 
қалыптасқан  дәстүрге  қазіргі  заманның  ашық  сын-тегеуріндер:  күйреу 
белгісі, қоғамның өмірлік  қағидаларының бұзылуы, өркениеттің энтропиясы 
(тәртіпсіздік  туғызу).  Ғалым  Н.Д.Шимин  отбасының  құндылық  мәнін  екі 
аспектіде  зерттей  отырып,  біріншіден,  отбасы  алғашқы  әлеуметтендіру 
институты  ретінде  индивидтің  адамгершілік  құндылық  әлемінің,  тұлғалық 
дамуының негізі болса; екіншіден, отбасының әлеуметтік маңызы кез-келген 
қоғамның  базисі  ретінде  индивидті  өмірге,  іс-әрекетке  дайындап,  тұлғаның 
әлеуметтік мұратын қалыптастырып, тәрбиелеуді іске асырады [94].  
Бізге  белгілі  болғаны,  XX-XXI  ғасырлар  арасында  қоғамдағы 
әлеуметтік жағдаятты бейнелейтін көпфункционалдығымен анықталады.  
Отбасы  әлеуметтік-тарихи  шарттылықты  меңгерген,  қоғамның  даму 
үрдісіндегі  өзгерістерді,  атап  айтқанда, отбасы  қызметтерінің,  оның типінің, 
құрамының,  билік  құрылымының,  басқа  да  әлеуметтік  институтармен 
әрекеттесу  сипатының  өзгеруін  басынан  өткізеді.  Бұл  өзгерістерді  әртүрлі 
көзқарас тұрғысынан бағалауға болады, бірақ барлығы да тұлға, отбасы мен 
қоғам арақатынасында басымдылық көрсетеді [95].  
Алайда,  әлеуметтік  қауымдастықтың  ерекше  формасы  ретінде 
отбасының  өзгерістеріне  назар  аудару  қажет,  өйткені  ғалымдар  осы 
контекстте  отбасының  өзіне  тән  сипаттамаларын  жоғалтты,  қазіргі  заманғы 
үрдістерді  санаға  трансформациялауда   либералдық,  батыстық құндылықтар 
күшке енуде. 
А.И.Кравченко  отбасы  тұлғаның  әлеуметтенуіне  қатысады,  бірақ 
құндылықтарды  қалыптастырмайды,  оны  олар  үшін  БАҚ,  идеология,  діни 
мекеме  береді,  сосын  осы  құндылықтар  отбасында  жаңа  дәстүрлер  ретінде 
қалыптасып,  таратылады.  Бұл  ұстаным  микродеңгейде  отбасы  басқа 
институттар  (білім  беру,  әскер,  әлеуметтік  ұжым,  көше,  коммуникацияның 
бейресми  құралдары,  т.б.)  арқылы  қоғамның  өмір  сүру  салты,  нормалары, 
құндылықтарын өндіреді [96].  
Отбасы  іштей  сүйіспеншілік  және  бақытпен  қосылған  рухани 
денсаулық, байсалдық сипаты, шығармашылық іскерлігі қалыптасқан мектеп. 
Бақытты  да  баянды  отбасында  адам  рухани  ағзасы  зақымданбай,  өзі  де 
табиғи құруға және тәрбиеленуге қабілетті тұлға болып тәрбиеленеді. Қазіргі 
заманғы әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды, әлеуметтік-мәдени даму 
бағдарының  алмасуын  талдау  нәтижесінде  ресейлік  қоғамдағы  отбасының 
құндылықтарын  өзектендіру,  оның  тұтас  қоғамның  тұрақты  дамуындағы 
рөлін көтеру жайлы айтуға болады [97].  


 
 
Сондықтан,  қоғамның  отбасы  институтына  қатынасын  қайтадан 
қарастыру  қажет:  отбасы  дағдарысы,  құндылықтар  дағдарысы,  отбасылық 
өмір  құндылықтарының  дағдарысы,  соның  ішінде,  некенің  мотивтерінің 
әлсіреуі,  некесіз  тұрушылық  пен  ажырасудың  көбеюінен  некеге  тұру 
жасының өсуі, бала туу және тұтастай отбасылық цикл  кезеңінің қысқаруы, 
отбасындағы бала санының аз болуының жаппай таралуы мен жаңа ұрпақты 
отбасылық  әлеуметтендірудің  нашарлауымен  байланысты  әлеуметтік 
патология,  т.б.  Отбасы  қиындықты  жеңеді  дегенге  сенуге  болмайды,  себебі, 
отбасының жас ұрпақты тәрбиелеу институты құндылығы бар рөлін анықтау 
өте  маңызды.  Мұндай  бағыттың  себептері  әлеуметтік-экономикалық  ғана 
емес,  өсіп  келе  жатқан  адам  тұлғасының  өз  отбасын  құрудағы  құндылық-
функционалдық 
ұстанымын 
қалыптастыратын 
психологиялық-
педагогикалық саласына байланысты екендігін де атап өту қажет. 
Қазіргі  заманның  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістері,  қоғамдық 
қатынастардың  жаңаруы  қоғамдық  сананың  барлық  формаларына, 
құндылықтарына,  адамгершілік  бағдарына  өзіндік  әсер  етеді.  Ал  бұл  өз 
кезегінде  жастардың  рухани-адамгершілік  тәрбиесі  саласына  жағымсыз 
ықпалын  тигізуде,  атап  айтқанда,  отбасындағы  тәрбие  мақсатының  өзгеруі, 
қоғамда  мемлекетке  қатынасы  бойынша  индивид  қызығушылығының 
мойындалуы,  отбасы  тәрбиесінің  жекешілдікке  бағдарлануы,  тұлғаның 
қызығушылығының  үстемдігі.  Осының  нәтижесінде  қоғам  мен  мемлекеттің 
қызығушылығын, азаматтық міндеттерді түсіну әрекеті төмендеуі мүмкін. 
Өзгеруге,  түрленуге  бейім  келетін  отбасы  институты  қоғам 
жағдайының жақсаруына, қоғамдық қауіпсіздікке де айтарлықтай әсер етеді. 
Ерте кездегі «қоғам ұяшығы» деп танылған және тарихи әлеуметтік институт 
ретінде  қалыптасқан  отбасының  жойылып  бара  жатқанына  жаһандық 
үрдістер (интернет желісіндегі әртүрлі фильмдер, БАҚ басылымдар) басқа да 
фактілер дәлел болуда.  
Бүгінгі таңдағы түрлі танымдық «әрекеттердің белең алуы жағдайында 
дүниетанымды  қалыптастыру,  ұлттық  мәдени  бірегейлікті  сақтау,  рухани 
құндылықтарды  дәріптеуде  отбасының  рөлі  жоғары.  Бірақ  кей  жағдайларда 
қазақстандық  отбасының  дүниетанымдары  мен  көзқарастарының  сәйкес 
келмеуенің  нәтижесі  отбасының  күйреуіне  алып  келуде.  Осы  тұрғыдан 
әсіресе, әртүрлі діни дүниетанымдық көзқарастарға төзімді қатынас орнатуда 
және  дәстүрлі  мәдени-тарихи  түсініктерді  және  оған  негізделген  сенімдер 
мен  өмір  сүру  салтын  дамытуда  мемлекет  тарапынан  берілетін 
мүмкіндіктерді қарастыру маңызды болып табылады [64, 9б].  
Адам үшін маңыздының барлығы алғаш отбасында өтеді: дүниеге келу, 
алғашқы  қадамдар  жасау,  қауіпсіздікті  сезіну,  сүйіспеншілік  пен  бақыт. 
Әрбір адам үшін отбасы – бұл өзінің биологиялық қажеттіліктерін ғана емес, 
алдымен  рухани  қажеттіліктерін,  сүйспеншілік,  қамқорлық,  мойындалу 
сезімдерін  жүзеге  асыруға  қажеттілік.  Отбасы  жоғары  құндылықтарды: 
махаббат, сенім, құрбандық қабілеттерін бірегей «өндіруші» болып табылады 
(В.В.Розанов) [98].  


 
 
Отбасы  институтының  генезисін  зерттеу  барысындағы  жан-жақты 
жасалған  теориялық  талдау  отбасы,  отбасы-неке  қатынасы,  отбасы 
құрылымы, отбасылық құндылықтар мәселелеріне арналған тарихи көздердің 
жеткілікті екендігін көрсетеді.  
Зерттеу  жұмысымызда  диалектиканың  заңдылықтарына  сәйкес  әрбір 
тарихи  кезеңдегі  құндылықтардың  маңызы  мен  мәні,  алатын  орны  ашып 
көрсетіліп, 
түрлері 
мен 
атқаратын 
функцияларының 
күрделеніп 
жетілдірілгені,  ғылымның  әр  саласында  категория  ретінде  қалыптасуы, 
сонымен бірге отбасының әлеуметтік институт ретінде адамның әлеуметтену, 
өзара қарым-қатынас және әрекеттесу жағдаяттарында отбасы - адамгершілік 
құндылықтарды қалыптастырумен түсіндірілетіні айқындалды.  
Дегенмен,  отбасы  және  құндылық  феномендері  ғылыми  зерттеу 
объектісі  ретінде  салыстырмалы  жаңа  мәселе  болып  табылады.  Отбасы 
барлық  адамзаттың  басты  құндылығы,  әрбір  адамның  өмірі  отбасынан 
басталады.  Мәдени  жаһандану,  қоғамның  ашықтығы  жағдайындағы 
әлеуметтік  дамудың  қазіргі  заманғы  кезеңінде  адам  өмірінің  барлық 
саласында,  соның  ішінде,  отбасылық  қатынастарда  маңызды  өзгерістер 
болуда. Отбасы халық тарихында, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің шарты 
ретінде  дәстүрінде  мәдени  сабақтастықты  сақтауға  және  қолдауға  негізгі 
жағдай жасайтын әлеуметтік институт болып табылады.  
Қорыта  келгенде,  біріншіден,  қазіргі  қоғамда  отбасы  түсінігі 
жетілдіріліп,  отбасының  патриархалды  үлгісі  эгалитарлы  типке  өтіп, 
«отбасы»  түсінігіне  толығымен  жауап  береді;  екінші  жағынан,  адамзат 
өркениетінің  іргелі  құрылымына  күмән  келтіріп,  тарихи  және  мәдени 
тұрғыдан  шартталған  әке  мен  ана,  бала  рөлін  анықтайтын  дәстүрлі  отбасы 
бірегейлігін  жойып,  жеке  тұлғаның,  қоғамның  бірегейленуіне  әсер  етуде. 
«құндылық»  ұғымының  генезисі,  үш  мағынаның  біріктірілгенін  көрсетеді: 
құндылық  қатынастың  объектісі  ретіндегі  заттардың  сыртқы  қасиеттерінің 
сипаттамасы;  осы  қатынастың  субъектісі  болып  саналатын  адамның 
психологиялық  сапасы;  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас,  олардың 
қатынасуы,  осының  арқасында  құндылықтың  жалпы  мәнге  ие  болуы. 
Әлеуметтік институт ретінде заманауи отбасыны, оның тұрақтылығы мен әл-
ауқатын  ары  қарай  дамыту,  студенттердің  отбасы  жайлы  түсініктерінің 
мазмұнына  жүйелі  және  мақсатты  бағытта  педагогикалық  ықпал  етудің 
қажеттілігі  олардың  сапалы,  дені  сау  отбасылық  өмірге  дайындығын 
қалыптастырады  деп  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  отбасы 
әлеуметтік институттың генезисін зерттеу барысындағы жан-жақты жасалған 
теориялық  талдау  отбасы,  отбасылық-некелік  қатынас,  отбасы  құрылымы, 
отбасылық  құндылықтар  мәселелеріне  арналған  тарихи  көздердің  жеткілікті 
екендігін  көрсетеді.  Отбасы  қазақстандық  менталитеттің  басты  құндылығы 
ретінде  сабақтастықты  үзбей,  мәдени  дәстүрді  сақтап,  тасымалдайды, 
ұрпақтардың  әлеуметтену  үрдісін  жүзеге  асырады.  Сондықтан  отбасы 
институтын  Қазақстан  қоғамы  тұрақтылығының  факторы  ретінде  жетілдіру, 
нығайту  мәселесі  маңызды  болып  табылады,  сондай-ақ  отбасы  институтын 
жетілдіруде қазақстандық тәжірибенің рөлі зор. 


 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет