Нишанбаева сабира зетбековна


Сурет 2 Отбасы ұғымының құрылымы



Pdf көрінісі
бет22/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   101
 
Сурет 2 Отбасы ұғымының құрылымы 
 
Жоғарыдағы  ғалымдар  пікірлерін  талдау  отбасы  институты  мен 
отбасы-неке  қатынастардың  перманенттік  ауысуының  адамзат  тарихында 
және  қазіргі  қоғамдағы  экономикалық,  тарихи-мәдени,  басқа  да 
факторлардың  ықпалдасқан  жиынтығының  әсерінен  болғаны  жөнінде 
тұжырымдауға мүмкіндік береді. 
Сонымен  отбасы  ұғымы  жайлы  жоғарыда  талданған  зерттеулерге, 
ғалымдардың  тұжырымдауларына  сүйене  келе,  «Отбасы  –  ниеттік 
сезімдері  бір,  адамды  жақсылық  жасауға  үйрететін,  өзара  әрекеттестік 
пен  адамгершілік  мәдениетін  қалыптастыратын,  адамзат  тегін 
жалғастыруда  сүйіспеншіліктің  қарым-қатынас  алгебрасына  негізделген 
топ» деп өз анықтамамызды береміз.  
Жоғарыда айтылғандар адамзаттық қоғамның даму  тарихы барысында 
отбасын  құру  және  оның қызмет  етуі  мәселесі  ең  өзекті  екендігін көрсетеді. 
Ф.Бэкон,  Т.Гоббс,  И.Кант,  Ж.Ж.Руссо  еңбектерінде  отбасының  мәні  табиғи 
құқықтық  және  гуманистік  теория  тұрғысынан  адамгершілік,  бостандық 
және  қажеттілік  категориялары  отбасылық  одақтың  негізі  ретінде 
қарастырылды.  Аталмыш  параграфта  отбасы,  құндылық  ұғымдарының 
генезисін  талдап отырмыз. Ендеше, өмірлік әрекеттерде отбасылық одақтың 
негізі  «құндылықтар»  болуы  шартты  жағдай.  Біз  келесіде,  «құндылық» 
ұғымының генезисін талдауды ұсынамыз. 
«Құндылық»  ұғымының  генезисі  этимология  негізінде  мынадай  үш 
мағынаны біріктіреді: құндылық қатынасының нысанасы ретіндегі заттардың 
сыртқы  сипаттамасы;  қатынастардың  субъектісі  болып  табылатын  адамның 
Отбасы 
 
Баланың өмір 
жолын бастайтын 
және қоршаған 
орта туралы әсер 
алатын бірінші 
ұжым 
 
Адамгершілі 
мәдениетін 
қалыптастыру
шы орта 
 
Адамзат тегін 
жалғастыруш
ы, табиғи 
тұтастық 
 
Адамдардың 
бір-бірімен 
үйлесім 
табатын тобы  
 
Жалпы 
сүйіспеншілік 
қағидасын іске 
асырушы топ 
 
Ниеттік  сезімдері 
ортақ некеге және 
қандас 
туыстыққа 
негізделген 
қоғамдық топ 
Адамды 
жақсылық 
жасауға 
үйрететін 
алғашқы орта 
 


 
 
психологиялық сапасы; адамдар арасындағы қатынаста құндылықтың жалпы 
мәнге ие болуы. [91].  
Адам  қажеттілігін  өтейтін  барлық  құндылықтар  (материалдық, 
әлеуметтік,  рухани)  дәстүрді  құрайды.  Дәстүр  (латынның  tradition  – 
жалғастыру  деген  мағынасын  білдіреді)  –  тарихи  қалыптасқан  қоғам  үшін 
пайдалы,  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп,  белгілі  уақыт  аралығында  сақталып 
отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: 
әдет-ғұрыптар,  ырымдар,  жүріс-тұрыс  қалыптары  мен  тәртіптері,  жөн-
жоралғылар, т.б.  
Ежелгі  философтар  адамзаттық  құндылықтардың  онтологиялық 
статусы,  оның  объективтік  -  идеалистік  анықтамасының  мәні,  абсолюттік, 
өзгеріссіз  жүйесінің  болуы  мәселелерін  де  қарастырады.  Олар  табиғат 
адамның әсемдік, әділеттілік түсініктерінің қайнар  көзі дей отырып, сыртқы 
әлемдегі 
заттардың 
ағымы 
мен 
формасын 
табиғаттың 
жоғары 
құндылықтарын  әлемнен  тыс,  эмпирикадан  тыс  жаратылыс  деп 
жорамалдайды. Сократ құндылықты адамның өмірді бағалауы деп сипаттаса, 
Платон  құндылық  бұл  өмір  сүру  дейді,  ал  Аристотель  құндылық  адамның 
даналығы,  яғни  қандай  да  болмасын  құнды  нәрсені  таба  білуі,  -  деп 
тұжырымдайды [17, 213б] .  
Ф.Ницше  құндылық  ұғымын  мәндік  категория  емес,  бағалау  немесе 
субъектінің  әлемді  тануындағы  ішкі  тәжірибесі  деп  пайымдайды.  Өзінің 
«Құндылықтарды  қайта  бағалау»  бағдарламасында  бұрынғы  игіліктерді 
рационалистік  тұрғыдан  емес,  принципиалды  жаңаға  негізделген  үлгі 
(парадигма) арқылы жүргізуді ұсынады. Ол классикалық емес аксиологияның 
өмірге  келгенін  жариялай  отырып,  дүниенің  алуан  түрлі  мағынасы  мен 
түсіндірмесі бар, ең бастысы  - адам дүниемен жеке-дара қатынасқа түсіп, өз 
құндылықтарын айшықтай алады. Сондықтан адамзат мистикалық интуиция, 
миф  және  иллюзиясыз  мәнді  (құндылықтарды  да)  толық  қамти  алмайды»,  - 
деп тұжырымдайды [20, с. 545].  
И.Кант  «құндылық»  ұғымын  адамгершілік  саласы  (бостандық)  мен 
табиғат  (қажеттілік)  саласын  қарама-қарсы  қою  арқылы  салыстыра  отырып, 
ғылымға  енгізген.  Оның  пікірінше,  құндылық  жеке  тұлғалық  қағидаға 
қарама-қарсы  бұйрық,  заң,  жарлық,  шартсыз  міндеттерді  көрсетеді  [13,  с. 
564].  
Қ.А.Иассауи  адамгершілік,  кісілік  һәм  имандылық  қасиеттер  адамды 
тәрбиелеудің алтын діңгегі деген тәлімдік-танымдық идеяларды алға тартып, 
өзінің  далалық  данышпандық  өрнегімен  ерекшелеп,  адамгершілік 
құндылықтарды әлемдік деңгейге көтере білді [69, 561б.].  
Философияда 
аксиологиялық 
кезеңнің 
басталуы 
Р.Г.Лотценің 
«Микрокосм»  еңбегінің  пайда  болуымен  байланыстырылады.  Ол  бұл 
еңбегінде  танымдағы  ақиқат  өлшемі  рөлін  атқаратын  «маңыздылық, 
мәнділік» ұғымын да енгізеді. Демек, құндылық объектінің жағымды немесе 
жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық - социологиялық ұғым ретінде 
объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын анықтайды [67, с. 114]. 


 
 
Әл  Фараби  «Адам  көп  нәрсеге  мұқтаж  болғандықтан,  өзіне  керегін 
қоғамдасқан  ортадан  ғана  таба  алады.  Жеке  жан  иесі  адамдар  бірлестігінің 
арқасында  жетіліп,  өз  қабілетін  шыңдай  түседі.  Осыдан  келіп  олардың  өмір 
сүру  мәні  қалыптасады»  -  дей  келе,  рухани  құндылықтардың  ішінен 
«қайырымдылық»  феноменін  атап  көрсетеді.  Оның  пікірінше,  адамды 
бақытқа  жеткізетін  даналық  жол  қайырымдылық,  имандылық,  адамгершілік 
екендігін  әр  жақты  дәлелдеді.  Ал  оған  жетудің  кілті  тәлім-тәрбие,  адамның 
өзін-өзі  тежей  білу  екендігін  айтып,  «...адамгершілікке  негізделген  татулық, 
жарасымдылық,  келісе  білушілік  бақытқа  жеткізеді»  -  деген  құнды  ой-
пікірлер  айтып,  педагогке  үлкен  жауапкершілік  жүктеп  сенім  артады. 
Сондай-ақ,  ұлы  ғұламаның  пікіріне  сүйенсек,  студенттердің  отбасы-
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруда  татулық,  жарасымдылық, 
келісімге келушілік сынды құндылықтардың рөлі ерекше екендігін түсінеміз 
[7, 54б]. 
Қазақ  халқының  көне  тарихындағы  аты  әлемге  мәшһүр  болған 
ойшылдардың  адамгершілік  тәрбиесі  жөніндегі  даналық  ойларының 
қатарында  Ж.Баласағұнның  «Құтты  білік»(1069ж.)  еңбегінде  адамның 
адамгершілік  қасиеттерін  сипаттап,  өнегелі  тәлімдерді  келер  ұрпаққа 
жеткізген.  Бізге  белгілі  болғандай,  Ж.Баласағұнның  еңбектерінен  адамның 
ішкі  жан-дүниесін,  оның  адамгершілік  бет-бейнесіне  аса  ерекше  көңіл 
бөлінгендігін  байқаймыз.  Осы  тұста  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық 
ерекшеліктегі  өзіндік  сана,  құндылық,  азаматтық  тұрақты  мінез-құлық  және 
т.б. ескеру қажеттігі туындайды [10, 56б].  
Н.Бердяев  еңбектерінде  отбасының  құндылықтарын  альтруизм, 
руханилық  тұрғысынан  қарастыратын  аксиологиялық  тұжырымдама 
дайындалды.  Бұл  бағыт  отбасы  құндылығын  альтруистік  -  діни  сипаттағы 
өлшемдер  бойынша  қарастырумен  ерекшеленетін  отбасының  гуманистік 
теориясына  сүйенеді.  Сондықтан  отбасының  руханилық  негізінің  беріктігін 
«жалпы  сүйіспеншілік  қағидасына»  тән  мойындау  қажет.  Ғалымның 
зерттеулерінен  тұжырым  жасайтын  болсақ,  отбасының  гуманистік 
теориясының  негізі  құндылық,  оның  ішінде  бір-бірімен  сүйіспеншіліктегі 
қарым-қатынасты айтуға болады. Демек, студенттердің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын  қалыптастыруда  құндылықтарға  бағдарлану,  яғни  қарым-
қатынас ауқымының артуымен тұрақты мінез-құлық формаларымен жандана 
түсері белгілі [92]. 
Осы  орайда,  Г.Жылқыбекованың  «Қазақ  этнопедагогикасы  арқылы 
жоғары 
оқу 
орындары 
студенттерінің 
гуманистік 
көзқарасын 
қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары»  атты  ғылыми  диссертациясын 
негізге  алар  болсақ,  гуманизмді  аксиологиялық  тұрғыдан  қарастырады. 
Ғалым құндылықтар мазмұнын этникалық және рухани-мәдени құндылықтар 
деп  бөледі.  Сондай-ақ,  Г.Жылқыбекова  өз  зерттеуінде  ұлттық  мәдени 
құндылықтарды: танымдық, өнегелілік, ұлттық, әлемдік және салауатты өмір 
сүру, 
дүниетаным 
мәдениеттерімен 
нақтылай 
отырып, 
рухани 
құндылықтарға 
сипаттама 
берген. 
Ғалымның 
тұжырымдамалық 


 
 
идеяларының  негізі  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  рухани  дүниесін 
кеңейту  үшін  адамгершілік  құндылықтарына  басымдық  танытуды  көздейді 
[93]. 
Заманауи әлеуметтануда отбасын құндылықтарын зерттеудің негізгі екі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет