Нишанбаева сабира зетбековна


 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері



Pdf көрінісі
бет78/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101
2.4 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері 
 
Әлеуметтік  түсініктер  субъектінің  құндылықтар,  әлеуметтік  ережелер 
мен  мәдени  қызығушылықтарды  саналы  түсінуін  көрсетеді  және  олардың 
мінез-құлқын  анықтайды.  Сондықтан  әлеуметтік  түсініктер  адамның  жеке 
ой-пікірін емес, топтың, таптың, мәдениеттің мүшесі ретіндегі көзқарастарын 
көрсетеді.  
Осы  орайда  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің 
отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыруды  оларды  отбасылық 
өмірге  дайындаудың  міндеттерін  шешу  мәселесімен  бірге  қарастыру 
заңдылық.  Студенттердің  отбасы  жайлы  түсініктерін  анықтаудың 
ерекшеліктері жоғары оқу орны жағдайында отбасы туралы білім мен тәрбие 
саласындағы  болашақтағы  жұмыстарға  бағдар  болады:  студенттердің 
отбасындағы  эмоциялық  байланыстар  жайлы  білімдерін  кеңейту;  жігіттер 
мен  қыздардың  отбасы  жөніндегі  түсініктерінің  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  түзету;  студенттердің  отбасылық  қатынастар  саласындағы  нақты 
мінез-құлқы мен жас ерекшеліктерін есепке алу.
 
Эксперименттік-тәжірибе  жұмысында  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары 
студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың  құрылымдық-функционалдық  моделіндегі  мотивациялық-
мақсаттылық,  рефлексивтік-іс-әрекеттік,  бағалау-нәтижелік  компоненттері 
және  соған  сәйкес  өлшемдер  мен  көрсеткіштері  бойынша  деңгейлерін 
бағалау көрсетіледі.  
Сонымен модельдің мынадай өлшемдері бойынша деңгейлерін анықтау 
қажет: 
-  отбасының  рухани  қарым-қатынас,  әлеуметтік-статустық  саласы 
ретіндегі  фукнцияларын  сипаттайтын  дүниетанымдық  өлшемі,  ол 


 
 
адамгершілік  санасының  қалыптасуы,  отбасын  құндылық  ретінде  жете 
түсінуі; отбасының ұлттық және мәдени дәстүрлерін сақтауы және нығайтуы; 
отбасымен,  туыстарымен  (тегімен)  араласуы  секілді  көрсеткіштерін 
сипаттайды; 
-    отбасының  шаруашылық-тұрмыстық,  эмоционалдық  және  бос 
уақытты  ұйымдастыру  функцияларына  негізделген  іс-әрекеттік  өлшемі,  ол 
тұрмысқа  қажетті  экономикалық  және  шаруашылық  біліктіліктер  мен 
дағдылардың  болуы  және  оларды  пайдалана  алу  қабілеті;  отбасылық 
қатынастарды,  отбасындағы  кикілжіңді  жағдаяттарды  реттеу  қабілеті, 
отбасылық 
мәселелерді 
шешуге 
белсенді 
қатысуы; 
отбасылық 
қызығушылықтарының ортақтығын көрсетеді; 
-  отбасының  экономикалық,  алғашқы  әлеуметтік  бақылау,  тәрбиелеу, 
репродуктивтік салалары ретіндегі отбасы қызметтеріне сүйенетін тәрбиелік 
–  білімділік  өлшем,  ол  отбасы-неке  қатынастары  мәселесі  жөніндегі  білімді 
меңгеруі  және  толықтыруы;  ерлі-зайыптылық  және  ата-аналық  әлеуметтік 
рөлдерінің  және  жауапты  ата-аналық  гендерлік  ұстанымының  қалыптасуы; 
педагогикалық  сауаттылығы,  тәрбиенің  озық  тәжірибесі  мен  жаңа 
технологияларын меңгеруі, оларды іске асыруға дайындығын сипаттайды.   
Осы  орайда  зерттеуімізде  психологиялық-педагогикалық  диагностика 
арқылы  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы  – 
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  төмендегі  бағытта  қажетті  мәліметтерді  жинақтауға  назар 
аударылды:  
-  студенттердің  отбасы,  құндылық,  отбасылық  құндылықтар  туралы 
білімі,  өзінің  және  басқа  адамның  мінез-құлқын,  тәртібін  адамгершілік 
нормалары тұрғысынан бағалауы, әртүрлі іс-әрекеттерде тұлғалық сапаларды 
жүзеге асыруы;  
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы  – 
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру  деңгейін  диагностикалау 
негізінде қажетті тәрбиелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және 
т.б.  
Педагогикалық  эксперименттің  қалыптастыру  кезеңінде  студенттердің 
отбасы және неке жайлы білім алуына, отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыруға  бағытталған  ЖОО-ның  мақсатты  бағыттағы  іс-әрекеттері 
жүзеге асырылады.  
Осы  орайда  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс  барысында  шешімін 
табатын  негізгі  міндеттердің  мазмұнын  анықталды:  педагогикалық 
экспериментті  жүргізу  және  ұйымдастыру  алгоритмін  құру;  педагогикалық 
жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастырудың  құрылымдық-функционалдық  моделіндегі  мотивациялық-
мақсаттылық,  рефлексивтік-іс-әрекеттік,  бағалау-нәтижелік  компоненттері 
және  соған  сәйкес  өлшемдер  мен  көрсеткіштері  бойынша  деңгейлерін 
бағалау  жүйесін  негіздеу;  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 
студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастырудың 


 
 
бағдарламалық-әдістемелік  қамтамасыздандыру;  эксперимент  барысында 
алынған нәтижелерге талдау жасау және өңдеу болып табылады.  
Қалыптастыру  экспериментінің  мақсаты  –  педагогикалық  жоғары 
оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарының 
қалыптасту  деңгейін  анықтау,  сонымен  бірге  олардың  осы  мәселеге 
қатынасын  айқындау,  тұтас  алғанда  білім  беру  үдерісі  үшін  оның 
маңыздылығын түсінуін білу.  
Қалыптастыру эксперименті барысында таңдап алынған әдістемелердің 
ішінен,  атап  айтқанда  Ш.Шварцтың  «Құндылық  сауалнамасы»  әдістемесі, 
В.Овчарованың  «Идеалды  ата-ана  жөніндегі  түсініктері»  әдістемесі, 
М.Рокичтің «Құндылық бағдарды анықтау» әдістемесі қайтадан қолданылды. 
Олардың нәтижелерін талдау төмендегідей мәліметтер алуымызға мүмкіндік 
берді. 
Қалыптастырушы эксперимент нәтижесінде 2017-2018 оқу жылындағы 
бақылау  және  эксперименттік  топқа  кірген  3,4-курс  студенттерінің 
Ш.Шварцтың «Құндылық сауалнамасы» 
әдістемесі 
бойынша деңгейлерінің 
пайыздық көрсеткіштерін төмендегі 20-кестеде көрсеттік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет