Зерттеу әдістері: -теориялық:
зерттеу
мәселесі
бойынша
философиялық,
әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді талдау, контент-талдау, жіктеу, жинақтау, нақтылау, ойша
эксперимент, салыстыру, құрылымдау, модельдеу әдістері;
-эмпирикалық: бақылау, сауалнама, отбасы-адамгершілік құндылықтарға
арналған
тесттер,
диагностикалау,
математикалық
статистикалық:
эксперименттік мәліметтерді өңдеу, сапалық және сандық тұрғыда сараптау
әдістері қолданылды.
Зерттеу көздері. Зерттеу
мәселесі
бойынша
философтардың,
әлеуметтанушылардың, психологтар мен педагогтардың еңбектері; Қазақстан
Республикасының ресми құжаттары мен Білім және ғылым саласындағы
нормативтік құжаттар (стандарттар, оқу кешендері, тұжырымдамалар, типтік
оқу бағдарламалары және т.б.); шетелдік және отандық педагогтардың ғылыми
еңбектері мен тәжірибелері, ғылыми мерзімді басылымдар, автордың
педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.