Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет53/101
Дата07.01.2022
өлшемі3,49 Mb.
#17692
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101
Байланысты:
отбасы

терминалды  құндылықтар  -  өмірде  белгілі  бір  мақсатқа  жетуге  талаптану 
сенімі,  яғни  адамның  мақсатына  және  оған  талаптануға,  жетуге  деген 
сенімдері; инструменталды құндылықтар – белгілі бір әрекет үлгісіне деген 
сенімі, басқаша айтқанда, тұлғаның кез келген жағдайдағы әрекеті, өзіне тән 
ерекшелігі,  сенімі.  Бұлай  бөлу  құндылық-мақсат  және  құндылық-құрал  деп 
жіктеуге  сәйкес  келеді.  Терминалдық  құндылықтар  инструменталдық 
құндылықтарға қарағанда тұрақты сипатқа ие [207] .  
Біз  тәжірибелік-эксперименттік  барысында  зерттеу  контекстімізге 
сәйкес  келетін  Ш.  Шварцтың  «Құндылық  сауалнамасы»,  М.Рокичтің 
«Құндылық  бағдарды  анықтау»,  Р.В.Овчарованың  «Идеалды  ата-ана 
жөніндегі түсініктері» әдістемелерін қолдандық.  
Осы  сапа  қасиетті  бағалау  үшін  бұл  әдістемеде  «тұрақтылық»  шкаласы 
анықталған.  Тұлғалық  құндылықтар  адам  өміріндегі  жете  ұғынылған  мәнді 
жүйе.  Мәнділік  деңгейде  бұл  құндылық  биполярлы  сипатқа  ие,  яғни 
жағымды  (оң)  және  жағымсыз  «теріс)  мәнділік  ретінде  бөліп  көрсетуге 
болады. Ш.Шварц мотивациялық типтегі он мақсатты бөліп көрсетеді: билік, 
жетістік, гедонизм (адамның рақат тұрмысқа тырысуын зерттейтін көне грек 
ілімі), ынталандыру, дербестік, әмбаптық, мейірімділік, дәстүр, конформдық, 
қауіпсіздік. Сонымен бірге оларға мазмұндық сипаттама береді [208]. 
Қазіргі 
заманғы 
әлеуметтік-мәдени 
өзгерістер 
жағдайында 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын  қалыптастыруды  зерделеу  тәжірибелік-эксперименттік 
жұмысының басты мақсаты болып табылады.  
Анықтау  экспериментінің  алғашқы  кезеңінде  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындары  студенттерінің  отбасы-адамгершілік  құндылықтарын  анықтау 
мақсатында респонденттерден (бақылау тобы - 55 студент, эксперимент тобы 
–  65  студент)  сауалнама  алынды.  Бақылау  тобын  Алматы  университетінің
 
5В010300  -  «Педагогика  және  психология»  мамандығының  3-4  курс 
студенттерін  қосқанда  55  студентті  құрады.  Эксперимент  тобын  Абай 
атындағы 
ҚазҰПУ 
5В010300 

«Педагогика 
және 
психология» 
мамандығының  3-4  курс  студенттерін  қосқанда  65  студентті  құрады. 
Аталмыш  студенттерге  салыстырмалы  бақылау  жүргізу  мақсатында 
сауалнамалар өткізілді. 
Бұл  зерттеуде  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің 
отбасы  -  адамгершілік  құндылықтарын  анықтау  үшін  респонденттерге 
арнайы  құрастырылып  жүргізілген  сауалнама  негізінде  зерттеу  жүргізілді 
(10-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет