География жəне табиғатты пайдалану
факультеті
Жерге орналастыру мамандығы
1 курс студенті: Альходжаева Қарақат Жандосқызы
Тексерген: Алимсеитова Жанар Кенесхановна
Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ)
Нивелирлердің заманауи түрлері
Нивелир - екі нүкте биіктіктердің айырмашылығын анықтауға арналған
геодезиялық аспап ; көлденең нысаналау сəулесі мен осы нүктелерде тік
орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндирлік деңгейлі
нивелир жəне компенсаторы нивелир
деп екі топқа бөледі, соңғыларында
нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дəлдігі
жөнінен нивелирлер, негізінен, І жəне ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дəл,
ІІІ жəне ІV класты нивелирлеуге арналған дəл нивелирлер, зерттеу жəне
құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 —
оптикалық микрометрлік жоғары дəлдікті нивелир, биік айырымды 1
км-лік екі
мəрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға
арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дəл, 1 км екі мəрте жүрісте биік
айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға
арналған, дəл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ жəне ІV
кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ
нивелирлері — 1 км-лік екі мəрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын
орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер.
Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде жəне топографиялық
түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға
келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық
компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады.
Қалаларды пландауда, темір
жолдар салуда, су жүретін трубаларды жүргізуде де ниверлеудің маңызы өте
күшті. Ниверлеу көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыс, сол себепті бұл
жұмыс автоматтандырылды.
Нивелирлік белгілер – геометриялық нивелирлеу пункттерін жергілікті
жерде белгілеу және бекіту үшін орнатылатын белгілер. Нивелирлік
белгілер тұрақты және уақытша, сондай-ақ іргетастық және грунттық
реперлер , қабырғалық және шойын маркалар мен реперлер және т.б.
болып бөлінеді.
Оптикалық, лазерлік жəне
цифрлы электрондық нивелирлер
Оптикалық нивелирлер – ең көп таралған аспаптар. Олардың əртүрлілігі
қолдану аумағының кеңдігіне байланысты: құрылыста жəне жабдықтарды
монтаждауда, мемлекеттік нивелирлік тораптарды құруда кеңінен қолданыс
табады. Мемлекеттік стандарт бойынша нивелирлер: техникалық, дəл жəне
дəлдігі жоғары болып үшке бөлінеді.
3Н2КЛ,3Н3КЛ, 3Н5Л, Н-05 – нивелирлері
3Н5Л – цилиндрлік деңгей жəне горизонталь лимбасы бар техникалық нивелир.
Орташа квадраттық қателігі 4 мм, тура бейне береді, ұлғайтқыштығы 20х, ең
кіші нысаналау арақашықтығы – 1,2 м, жұмыс диапазоны ± 15', салмағы 1,4 кг.
3Н2КЛ – нивелирі горизонталь лимбасы бар дəл автоматтандырылған нивелир.
Биік айырымды анықтаудағы орташа квадраттық қателігі: микрометрлі
саптамамен – 1 мм, саптамасыз - 2 мм. Тең, дүрбісі тура бейнені көрсетеді ,
жұмыс диапазоны ± 15, салмағы 2 кг. 3Н3КЛ – горизонталь лимбпен
жабдықталған техникалық автоматты нивелир. Комплектіне: нивелирдің өзі ,
инструкциясы, паспорты, алып жүруге лайықталған қапшығы кіреді.
Цифрлы нивелирлер – осы күнгі көптеген қызметтерді атқаратын
геодезиялық аспап, ол дəлдігі жоғары оптикалық нивелирден электронды
мəліметті сақтап қоятын құрылғыдан жəне алынған нəтижелерді өңдейтін
бағдарламамен қамтамасыз етілген жабдықтан тұрады.
Басқа нивелирлерге
қарағанда цифрлы нивелирлердің басты айырмашылығы - ол ішінде орналасқан
электронды құрылғы. Электронды құрылғы арқылы арнайы рейкадан өте
жоғары дəлдікпен есеп алуға болады.
Цифрлы нивелирлерді қолданғанда жеке басының қателіктері жойылады жəне
өлшеу процесі жылдамдатылады. Өлшеу үшін аспапты рейкаға нысаналап,
бейнені фокустап есеп алу кнопкасын басса жеткілікті. Аспап өзі өлшеулерді
автоматты түрде жүргізеді, алынған нəтижелер
мен рейкаға дейінгі
арақашықтықты электронда көрсетеді. ДіNі электронды нивелирлеріндегі
алдыңғы қатарлы технологиялар мен қолайлы интерфейсы жұмыстың сапасы
мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
DiNi 12 жəне DiNi 12T электронды нивелирлері биік айрымдар мен
арақашықтықтарды дəл өлшеудің ең жақсы құралы. DiNi 12T нивелирінің DiNi
12-ден айырмашылығы, онда бұрыш өлшеу үшін қажет горизонталь лимбаның
орнатылғандығы. DiNi 12 жəне DiNi 12T аспаптары нивелирлік жүрістерді
есептеуге жəне теңестіруге мүмкіндік береді. Цифрлы DiNi 22 нивелирі дəлдігі
төмендеу жұмыстарды жүргізгенде қолдануға лайықталған (4-сурет).
DiNi 12 цифрлық нивелирі жəне кодты рейкасы
Ішкі бағдарламалық жабдығында: биіктіктерді нивелир жүрістерінің орнын
жобадан жергілікті жерге көшіру, жүрісті теңестіру бар, ал DiNi 12T аспабында
нүктелердің координаталарын анықтайтын электронды тахеометрдің режимі де
бар. Аспаптың комплектіне: электрондық нивелир 1-аккумулятор, жадында
сақтайтын IMBPCMCIA SRAM картасы (бұл тек DiNi 12 жəне 12T аспаптары
үшін),
зарядтық құрылғы, түзетпе жабдықтары
, мəліметтерді беру
бағдарламасы, пайдаланушыға нұсқау, қапшығы кіреді.