Өтініш қабылдау Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар өтініммен бірге мынадай құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, 2022 жылғы 25 шілдеден бастап 15 қазанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер жібереді:
Екі номинацияға да Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық);
Әндер номинациясына партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама.
Өтінімдер мына электронды поштаға жіберіледі: zhas.oren@gmail.com Анықтама телефондары: 8775145905
Конкурс ережесі Конкурсқа қатысудан бас тартылған жағдайда, осы Қағидалардың
тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушылар осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген
бірнеше номинацияларға бір мезгілде қатыса алады. Әр номинация бойынша бір қатысушы бір өтініммен бір туындыны ғана ұсынылады. Әнге қатысты шығарма өңделген (аранжировка) нұсқада болса болады.
Конкурсқа ұсынылған туындылар, рецензияланбайды және
қайтарылмайды.
Байқаудың қорытындылары 2022 жылдың 25 қазанында жарияланады.
Қазақстан Республикасының мәдениет ұйымдары мен шығармашылық
бірлестіктерінің репертуарына қосу үшін ұсынылатын болады
Номинация Номинация жеңімпаздары мен лауреаттарына ақшалай
сыйақыларды төлеу олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ақшалай жүлделерді төлеу үшін Қазылар алқасының хаттамасы негіз
болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында гала-концерт түрінде өтеді.