Конкурстың ұйымдастыру комитеті Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрамы (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау мен өткізуді басшылықты жүзеге асырады.
Конкурсты жарнамалау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз-релиздерді ұсынады және Қағиданы Министрліктің www.mсm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырады.
Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: телефон: 87751459053; электрондық пошта: zhas.oren@gmail.com
Конкурстың қазылар алқасы Конкурсқа қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және осы көрсетілген номинациялар бойынша жеңімпаздарды айқындау туралы шешімдер қабылдау үшін конкурстың қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) құрылады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері кіреді.
Төрағаны қоса алғанда, Қазылар алқасының құрамы тақ болуға тиіс.
Әрбір номинация бойынша Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
Дауыстар тең болған жағдайда Қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болады
Конкурстың Қазылар алқасы құқылы:
- лайықты туындылар болмаған жағдайда кез келген номинация бойынша жеңімпазды анықтамауға;
- Ақшалай жүлделерді (Гран-приді қоспағанда) бермеуге немесе жеңімпаздар арасында бөлуге құқылы.
Қазылар алқасының мүшелеріне қаламақы төлеу жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабындағы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функциясын орындайтын тұлғалар болып табылатын қазылар мүшелеріне қаламақы төленбейді.