Нормaтивті сілтемелер



бет26/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Зерттеушілік әңгіме. Мәселені шешуде білімді, ақыл-ой қабілетін, үлкен белсенділікті талап етеді. Оны студенттер өз беттерімен немесе мұғалім көмегімен шешеді. Мәселелік жағдаятты тудырудағы мақсат – оқуды қиындату арқылы оқу материалдарын меңгерту, баланың ақыл-ойын жұмыс істету.

Мәселелік жағдаят сұрақтар қою, болжам айту, дәлелденбеген пікірлерді талдату арқылы жасалады. Оқытылып отырған құбылыстың сызбасы, диаграммасы жасалады. Студенттер шығармашылықпен жұмыс істеп, білімдерін емін-еркін естеріне түсіреді. Мәселелерді талқылау студенттерді тапқырлыққа, қарама-қайшылықтарды түсінуге, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім табуға үйретеді. Студенттерге мәселені өз бетімен шешуге үйрету үшін, оған шағын зерттеу жұмыстарын беру керек. Оқытушы картиналар, құжаттар көрсетіп, оларға сұрақ қоюды ұсынады, фактілерден қорытынды шығартады, ұсыныстар айтқызады. Зерттеушілік әңгімеде оқытушы алдын ала мәселені шешуге алып келетін, студенттердің білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді. Студенттер жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара ізденіс

әдісінің қолданылғаны. Оқытушы тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін студенттер зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді.

Әңгімелесу әдісінің құндылығы студенттердің бірлескен әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне, зияткерлік қырларының дамуына ықпал етеді. Студенттер әңгімелесуге, талқылауға белсенді тартылғанда олардың оқуы тиімдірек болады. Студенттер әңгімелесуге тартыла отырып басқа құрбыларының көзқарастары арқылы өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамытуына мүмкіндік алады [115].



  1. Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау. Биология ғылымындағы өз ойын анық, жүйелі баяндау – оқу материалының мазмұнын белгілі жүйемен әңгімелеп түсіндіру тәсілі. Баяндау әдісін қолдануда студенттерге оқу материалын неғұрлым толық, ғылыми нанымды әңгімелеу көзделеді. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру, пікірлесу, әңгімелесу, көрнекілік тәсілдерін пайдалануға болады. Ұтымды қолданылған баяндау әдісі болашақ биолог мамандарының зертханалық сабақтарға белсенділігін, ынта- ықыласын арттырады. Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын оқып- үйренуде сояны тамшылатып суару технологиясының мәні мен маңызы анық, жүйелі, ешбір қарама-қайшылықсыз баяндалу үшін де болашақ маманның инновациялық ойлау қабілеті басымдылықта. Баяндау әдісімен сабақ өткізуде

мұғалімнің әңгімелеу шеберлігі, сөзінің әсерлілігі зор маңызға ие болады.

  1. Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

Ойлау тәсілдерін американдық психолог Говард Гарднер ойлау қабілеттері емес, біліктіліктер ретінде қабылдайды. ЖОО-да да, кәсіби білім беруде де, жұмыста да бұл біліктіліктерді әрдайым арттырып отыру қажет.

Ойлау тәсілі дегеніміз – оқыту әдісінің бір ғaнa элементі, оның жеке бір бөлігі.

Aл, әдістемелік тәсіл дегеніміз – нaқты міндетті шешуге бaғыттaлғaн әрекет. Ойлау тәсілдерін Говард Гарднер төмендегідей топтастырды:



  1. Пәндік тәсіл – нақты оқу пәні, мамандық үшін қажетті қабылдау тәсілі. Говард Гарднердің пікірінше: «Көшбасшылық және басқару – бұлар да өз алдында пән бола алады. Біз – ғалымдар, корпорация көшбасшылары, кез келген мамандық өкілдері өзіндік дағдыларымызды әрдайым жетілдіріп отыруымыз қажет».

  2. Жалпылау тәсілі – пікірлерді әртүрлі пәндер мен білім салаларынан ортақ бірлікте кіріктіру қабілеті, соңында, жинақтау барысында жаңа пікірлер, амалдар мен тұжырымдар негізінде жаңаша ұсынылады. Жаңашылдық инновациялық ойлаудың маңызды құралы бола алады.

  3. Креативті тәсіл – жаңа пікірлер мен тұжырымдар арқылы жаңаша ұсыну, өзекті мәселелерді тривалды емес тәсілмен шешу, жаңаша сұрақтарға жауап беру және жаңа феномендерді түсіндіру қабілеті.

  4. Респектологиялық тәсіл – түрлі мәдениетті қабылдау білігі, адамдарды нәсілі, ұлты, кәсіби қажеттілігіне қарамай құрметтеу, түрлі индивидумдар мен әлеуметтік құрылымдардың өзара әсерлесуге даярлығы.

  5. Этикалық тәсіл адами, азаматтық және кәсіби парызды орындау қажеттілігін саналы түрде түсіну, кез келген жерде өзінің әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау.

Говард Гарднер: «Барлық ойлау тәсілдері адамның белгілі бір ойлау амалдарын белсендендіре отырып, бір уақытта жүзеге асады. Олардың барлығы бір-бірімен байланысқан», - деп жазды. Біздің зерттеу жұмысымызда, мәселен, биология пәнін меңгермей шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкін емес, ал биология пәнін жаңаша ұйымдастыру шығармашылықсыз мүмкін емес.

  1. Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

Бізді қоршаған ортада табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады. Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Құбылыс – дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар [116]. Табиғи құбылыстар − физикалық, биологиялық, метерологиялық, жылу, жарық және тағы басқа болып бөлінеді. Күнделікті өмірде көптеген ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз. Адамдар жылу бөліну, жарық шығару, электрлік және магниттік құбылыстармен қатар өмір сүруде. Күннің және жұлдыздардың сәуле шашуы жылу бөлу құбылысына жатады. Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы жарық шығару құбылысына мысал бола алады. Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы биологиялық құбылыстарға жатады. Жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі метеорологиялық құбылыстарға жатады.

Табиғаттағы барлық құбылыстар бір-бірімен байланысқа түседі. Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып, кемпірқосақты көруге болады. Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түнде ұйқыға кетсе, оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады. Пайдаланғаннан кейінгі газдар, шаң-тозаңдар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да, қышқыл жаңбырлар пайда болады. Бұлар химиялық-метеорологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады [117]. Сонымен зерттеу жұмысымызда биологиялық құбылыстардың дамуы, өсімдік анатомиясы мен морфологиясын оқып-үйрену олардың теориялық тұрғыда негізделуіне себеп бола алады. Теориялық негіздемелер қорытынды жасауға, ойлау ерекшеліктері мен амалдарын танып- білуге септігін тигізеді.



  1. Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнін оқытуда теориясын айқындап, әдістемелік тұрғыда негізді тұжырым жасап, дәл ойлауды талап ететін логиканың биологияны оқып-үйренуде орасан зор мәні бар. Логиканы үйрену ойлаудың нақтылығы мен анықтығын, пікірдегі мұқияттылық пен зерделілікті сенімді өрнектеп, логикалық салмақты сөз құрау мен өз ойын шашыратпай, жинақтауға үйретеді.

  1. Студенттердің оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

Қоғамдағы құбылыстар мен оқиғалардың белгілі бір заңдылықта қайталанатыны күнделікті өмірден және бақылаулар нәтижесінен көрінеді. Адамзат өзінің тіршілігін бастағаннан осы заңдылықтарға қалыптасып, сезініп, оны қабылдайды. Ойлау заңдары адам ұғымы мен пікірінің жемісі, және олардың қорытындысынан туындайды. Біздің ойымыз материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында бейнеленуі ретінде қарастырылады. Объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар бір-біріне тәуелді, шарттас және олар қозғалыста дамиды. Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын оқытуда дәріс, зертханалық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда экскурсия, табиғатқа саяхат, дала практикасында кеңінен қолданылады.

Енді студенттердің ойлaу қaбілеттерін терендетіп қарастырайық. Студенттердің ойлaу қaбілеттерін дaмыту – өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мaқсaтындa жобалау әдісі. Студенттерді қызықтырaтыны – әр сaлaдaн aлғaн білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жоба түсінігі бойыншa aлынып отырғaн идея теориялық және прaктикaлық тұрғыдa шешіледі. Осы aтaлмыш жұмыс белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығaруғa бaғыттaлғaн. Қорытындығa жету бaрысындa студенттер ойлaнып, мәселені шешу бaрысындa aлғaн білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уaқыт мерзімінде студенттердің жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқaшaн проект тәсілі бойыншa іске aсыруғa болaды. Сонымен қaтaр студенттердің интеллектуaлдық, шығaрмaшылық және коммуникaтивтік істерін дaмытa aлaды [118].

Әлемдік бәсекелестік зaмaнындa әрбір aдaмның білім сaпaсын, қaбілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін aйқындaйтын aдaм ресурстaрын дaмыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, aдaмның білімі мен біліктілігі қaзіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қaбілеттілігінің ең мaңызды көрсеткішіне aйнaлып отыр. Бәсекеге қaбілетті, интеллектуaлдық күші жетік мaмaн кaдрлaр болмaй, әлемдік бәсекеге төтеп бере aлaтындaй экономикa дaмымaйды. Қaй зaмaндa дa өркениеттің өрлеуі инттелектуaлдық шығaрмaшылық қaбілеттің негізінде іске aспaқ. Осындaй қaбілеттердің дaмып, шыңдaлуы үшін өткізілетін конференция, семинaр, курстaр, дөңгелек үстел, пәндік олимпиaдaлaр, интеллектуaлдық ойындaр, дебaт, бaйқaулaр, жеке тұлғaлaрғa aрнaлғaн іс- шaрaлaрдың бәрі де ізденушінің жaңaшыл педогогикaлық ойлaуынa, жеке aдaмды дaмыту құрaлы болып тaбылaтын оқыту процесін қaлыптaстыруғa және шығaрмaшылық дaмуынa, кәсіби шыңдaлуынa негіз болaды [119, б. 125].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет