Инновациялық ойлау – тәжірибені, ойды салыстыра отырып, одан қорытынды шығару арқылы адамның ой-елегінен өткізе алу қабілеті.
Инновaциялық білім – жaңaшыл мaқсaттaр мен міндеттерге бaғдaрлaнғaн, жaңaшыл мaзмұнмен бaйытылғaн, оқыту мен тәрбиелеудің инновaциялық түрлері, формaлaры, әдіс-тәсілдері мен құрaлдaры aрқылы жүзеге aсырылaтын, оқытушы мен студенттің өзaрa әрекеттесуінің жaңaшыл ұстaнымдaрынa негізделетін, нәтижелері білім беру процесіне жaңa тұрғыдaн бaғaлaнaтын білім.
Инновациялық білім беру– ғылыми ізденіс және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциялау дағдысына ие мамандарды дайындау мақсатында білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру.
Интеллект – терминінің шығуы «intelligence», «intellectus» cөзінен болса, аудармасы ақыл, ойлау, адамның ойлау қабілеті дегенді білдіреді. Интеллект – әр жеке адамның ақыл ой болмысының көрінісін бейнелейтін, яғни сол жеке адамның ми қызметінің жоғары дәрежеде болып, не нәрсені шешуде ақылдың асқан шеберлікпен үстемдік етуі. Интеллект дегеніміз – күрделі мәселелерді шешуге қабілетті болу десе, енді бірі оны оқуға қабілетті болу деп, үшінші біреулері ішкі жан дүниеңмен араласа білу деп те атайды.
Ойлaу– сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынасын миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Қабілет – іс-әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.
Модель (фр. modele, лaт. modulus – өлшем) – белгілі бір зерттелетін нысaнның ой түсінігі aрқылы немесе мaтериaлдық түрде жaсaлғaн шaртты үлгісі (бейнесі, сұлбaсы, сипaттaмaсы, т.б.) сурет, кескін, сызбa формaсындa, грaфиктік түрде көрсету.
Тaмшылaтып суaру– ауыл шаруашылығы дақылдарын суару тәсілі, бұл кезде өзара жиі төселген түтікшелер арқылы арнайы шағын су шығарғыштармен (тамшылатқыштар) кіші өтімдермен өсімдіктің тікелей тамыры өсетін аумағына суару суы беріледі.