Нормaтивті сілтемелер


Педагогикалық-тәжірибелік экспериментінің зерттеу жұмысы және оның нәтижелері



бет71/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Педагогикалық-тәжірибелік экспериментінің зерттеу жұмысы және оның нәтижелері


Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттың және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жан- жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Педагогикалық теорияны іс-тәжірибемен ұштастыру негізінде жүргізілетін зерттеулерде эксперименттің алатын орны ерекше. Олай болса, педагогикалық эксперименттің мақсаты мен мәнін ұғыну арқылы ақиқатты нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Педагогикалық ғылыми зерттеудің нәтижелі болуы – оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің тиімді қолданылуына тәуелді.

Педагогикалық эксперимент деп нақты қолдан жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық үрдісті түрлендіріп, ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан, эксперимент дегеніміз қатаң қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзі мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады.

Біздің мақсатымыз – «Өсімдіктер анатомиясы мен морфология» пәнін негізінде биолог мамандарының инновациялық ойлау дағдыларының мәнін педагогикалық эксперимент арқылы жүргізіп, студенттердің бойында ғылыми ұғымдар қалыптастырып, шығармашылық әрекетке баулу.

Біз «Өсімдіктер анатомиясы мен морфология» пәннің негізінде болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын қалыптастыру үшін зерттеу жұмысымызды эксперименттен бастауды жөн көрдік. Зерттеудің көздеген негізі мынадай:


  1. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфология» пәнін болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын дамытуда алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау;

  2. студенттердің міндетті және элективті пәндерді оқытуда болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын дамытуда бастапқы деңгейін байқау және анықтау;

  3. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфология» пәнін пайдалану арқылы міндетті және элективті пәндерді оқытуда болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы 2013-2017 оқу жылындa Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университеті Жaрaтылыстaну фaкультетінің 5В011300-Биология мaмaндығының 2 курс студенттеріне жүргізілді. Экспериментке жалпы 142 студент қатысты, олардың 70-і эксперимент тобындa болса, 72-і бaқылaу тобындa болды.

Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай анықтаушы, қалыптастырушы және бақылаушы эксперимент болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет