Нормaтивті сілтемелер



бет73/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78

Сауалнама сұрақтары:


  1. «Инновация» деген ұғымды қалай түсінесіз?

  2. Инновациялық ойлауға сипаттама беріңіз.

  3. Қандай интербелсенді әдістерді білесіз?

  4. Сіз өзіңіз үшін күрделі тапсырмаларды тек қана мұғалімнің айтуымен немесе топпен орындағанды ұнатасыз ба?

  5. Сіз пәндер бойынша қосымша әдебиеттерді оқытушының нұсқауынсыз пайдалана аласыз ба?

  6. Сіз Glycіne max (L.) Merr. өсімдігінің морфологиялық құрылысын білесіз

бе?

  1. Сізге биолог ретінде зерттеулер жүргізіп, ғылыми жобамен айналысқан

ұнай ма?

  1. Сіз жаңа білімді өзіндік іздеу арқылы меңгергенді ұнатасыз ба?

  2. Сояны зерттейтін отандық ғалымдарды білесіз бе?

  3. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәнінде қолдануға болатын заманауи әдістерді атап бере аласыз ба?

  4. Интернет желісінен биологиялық хабарларды тыңдайсың ба?

  5. Сояның бастапқы өніп шығу фазасынан соңғы пісіп жетілу фазасына дейінгі дамуын білесіз бе?

  6. Соя дақылының өсіп жетілуі үшін қажетті температура мөлшерін білесіз

бе?


  1. Инновациялық әдістер дәстүрлі әдістерге қарағанда тиімді ме?

  2. Сояның өсу жағдайындағы негізгі кезеңдерін атап бере аласыз ба? Сауалнама жауаптары бойынша 142 студенттің жауаптарына талдау

(апробация) жасалынды:

    1. «Инновация» деген ұғымды қалай түсінесіз?» деген сұраққа 142 студенттің:

- 27,08% ағылшыннан аударғандағы мағынасы «шығармашылық» екенін және «адамның жаңа идеяларды ойлап табуы, жаңашылдық жеке қабілеттер» деп дұрыс жауаптар бере алды.

    • 37,5% жауабында инновация дарындылықтың маңызды сипаттамасы, инновациялық ойлауды дамыту арқылы сабақ өтсе, әрбір студенттің өзінің қалаған тақырыбына өз ойын жазуы, білімін арттыру, жеке жұмыстары, өз бойындағы ойларын қағаз бетіне түсіру, бір тақырып бойынша ізденіп талаптануы, зерттеуі деген қорытындыға келген.

    • 35,42% мүлдем дұрыс жауап бермеген немесе бір-бірінен жауаптарды көшірген. Әр студент өзінің жеке түсінігін ақылының жеткенінше іс-жүзінде дәлелдеп беруге талпынғанмен, ғылымды, білімді, өмірді дұрыс түсінбейтіндіктерін байқатты.

    1. «Инновациялық ойлауға сипаттама беріңіз?» деген сұраққа 142 студенттің:

    • 29,2% шығармашылықпен жұмыс істеу немесе интербелсенді әдіс, СТОД стратегиялары деген жауаптар берілді. Маманның білімділігін, жан-жақты ақпараттармен қаруланғандығын дәлелдейді, студенттердің білімін арттыруда бағыт-бағдар береді. Оқытушының білімі жоғары болса, студенттің білімі де жоғары болады. Оқытушының білімі студенттерді шығармашыл тұлға болуға тәрбиелейді. Мұғалім деген атқа ие болуы үшін міндетті түрде пән бойынша білім қажет. Сондықтан жауапкершілігі мол мұғалім болғысы келетіндіктерін айтты.

    • 47,9% инновациялық ойлау шығармашылық әлеуеттен кең, өйткені инновация феномені потенциалды және актуалды формада болады. Бірқатары жан-жақты ойлау операциялары деп түсінеді, себебі проблеманы таба білу де шығармашылықты қажет етеді деп есептейді.

    • 22,9% сұраққа дұрыс жауап бермеген. Олар мұғалім өзінің білімін тереңдеп оқуына, түсінуіне, өзінің білгенін студенттерге жеткізу, теориялық және практикалық жұмыстарды жүргізуі үшін қоршаған ортамен қарым-қатынас орната алуы қажет деп ойлайды. Бұл күрделі әрекет.

    1. «Қандай интербелсенді әдістерді білесіз?» деген сұраққа 142 студенттің:

    • 43,75% интербелсенді әдістерге интернет, презентация, мультимедиялық әдістер, іскерлік ойындар, дамыта оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, т.б.

    • 35,4% стинкастинг, вебсеминар, ғылыми журналдар сайты, т.б.

    • 20,85% интербелсенді әдістердің түрлерін айтып, қысқа жауап берді.

    1. «Сіз өзіңіз үшін күрделі зерттеуді қажет ететін тапсырмаларды тек қана оқытушының нұсқауымен немесе топтасып орындағанды қалайсыз ба?» деген сұраққа 142 студенттің:

    • 37,5% көбінесе оқытушының көмегін қажет ететінін, алайда топтасып орындаған жұмысты ұнататындықтарын тілге тиек етсе,

    • 22,9% алған біліміне, шығармашылық қабілеттеріне, педагогикалық шеберлікпен байланыстырса, көбісі жаңа ақпараттық технологияларды терең меңгеруімен байланыстырады.

    • 39,6% дұрыс жауап бермеген.

    1. «Сіз пәндер бойынша қосымша әдебиеттерді оқытушының нұсқауынсыз пайдала аласыз ба?» деген сұраққа 142 студенттің:

    • 33,4% көбінесе оқытушының көмегін қажет ететінін айтып, дұрыс жауап берген;

    • 41,7% кітапханадан емес интернет желісінен алынған әдебиеттердің жеке білім үшін қажеттігін айтады;

    • 24,9% мүлдем жауап бермеген.

    1. «Сіз Glycіne max (L.) Merr. өсімдігінің морфологиялық құрылысын білесіз бе?» деген сұраққа И.Г.Песталоциидің айтқанындай: «Ғылымды дамыту емес, адамның табиғат берген қабілетін ғылым арқылы жоғары деңгейге жеткізу» деген сөзін мысалға келтіруге болады.

Анықтау эксперименті барысында екі топтың білім деңгейлері анықталды.
Кесте 21 – Анықтау экспериментінің көрсеткіші

Топтар


Топтағы студент

саны


Деңгейлері (%)

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік топ

70

17,14

28,57

54,29

Бақылау тобы

72

18,06

29,16

52,78

Анықтaу кезеңіндегі тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі бойыншa эксперимент тобындa (ЭТ) жоғaры деңгей 17,14 %, ортa деңгей 28,57



%, төменгі деңгей 54,29 % - ды көрсетсе, бaқылaу тобындa (БТ) жоғaры деңгей 18,06 %, ортa деңгей 29,16 %, төмен деңгей 52,78 %-ды көрсетті. Анықтау эксперименті кезінде тексерілген білім алушылардың білімді меңгеру деңгейлерінің сaлыстырмaлы көрсеткіші 41-суретте көрсетілген.

Сурет 41 – Білім алушылардың білім деңгейлерінің көрсеткіштері, %





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет