Нормативтік меже айрықша қадағаланды



бет3/3
Дата10.11.2022
өлшемі29,94 Kb.
#49189
1   2   3
Байланысты:
10 тапсырма Латын графиуасы

Үшіншіден, соңғы буынында қысаң ы,і дауыстылары бар, әсіресе екі буынды сөздердің орфограммасында айырмашылықтар бар болғандықтан осындай сөздердің грамматикалық түрленімі нақты көрсетілді. Нақты айтсақ, көрік – көркі; көрігі; нарық – нарығы; нарқы; қалып – қалпы; қалыбы тәрізді параллельдерден басқа қысаң дауыстылар сақталатын аңыз, серік, дарын, серпін, пішін, түйін, түйір сөздерінің ішкі реестрі аңыз, аңызы; серік, серігі; дарын, дарыны; серпін, серпіні; пішін, пішіні; түйін, түйіні; түйір, түйірі түрінде реттелді.
Төртіншіден, алдыңғы басылымдарда жеке орфограммасы көрсетілген саналы, санасыз, айлы, ақылы, арыстандай, маралды, мұрттай, құстай, қанжардай, сүттей, тебінгідей, масаша тәрізді лексемалардың ішкі реестрі ақпараттық-стилдік меже негізінде айлы, айлы түн; ақылы, ақылы оқу; арыстандай, арыстандай ақыру; маралды, маралды өлке; мұрттай, мұрттай ұшу; құстай, құстай ұшу; қанжардай, қанжардай қадалу; сүттей, сүттей жарық; тебінгідей, тебінгідей жер; масаша, масаша талау сияқты тұрақты немесе тұрақтала бастаған тіркестермен нақтыланды:
Сондай-ақ алдыңғы басылымдарда 1983 жылы бекітілген ережеге сәйкес педагог-ке, педагог-тер, биолог-ке, биолог-тер, кардиолог-ке, кардиолог-тер түрінде болған сөздердің орфограммасы қазіргі жазба коммуникациядағы қолданыс жиілігі ескеріліп, педагог-қа, педагог-тар, биолог-қа, биолог -тар, кардиолог-қа, кардиолог -тар болып, американдық, итальяндық сөздері америкалық, италиялық нысанына ауыстырылды.
Бесіншіден, алдыңғы басылымдардағы кірме сөздердің бірқатары (мәселен, абберация, гелиоцентрлік, гидраттану, фетиштендіру және т.б.) сөзтізбе құрамынан шығарылды; жоғарыдай аталғанындай, нарық, бизнес, ақпараттық технологияға байланысты кірме сөздер енгізілді.
Алтыншыдан, Сөздіктің жаңа басылымында лексикографиялық межелер толық сақталды. Басқаша айтқанда, зат есімнің сын есімнің, омонимдер мен жарыспалы нұсқалардың, есімдіктер мен етістіктердің, басқа да сөз таптарының орналасуы қатаң жүйеленді. Айталық, сын есімнің, сан есімнің барлық формаларының (сары, сарғылт, сарғылтым, сарғыш, сарылау, сарырақ, сап-сары; он, он бір, он бірінші, оныншы) жазылуы нақтыланды. Етістік нысандарын жүйелеу олардың жазылуы мен айтылу заңдылықтарының айырмашылығын белгілеу (қуану, қуанбау, қуанған; айтылуы – қуану, қуамбау, қуаңған; шаттану, шаттанбау, шаттанған; айтылуы – шаттану, шаттамбау, шаттаңған) мақсатында, сондай-ақ қатар қайталанатын дыбыстардың жазуда сақталатындығын көрсету үшін ( сөйлету, сөйлетті; сөйлесу, сөйлессе, сөйлесші); етістіктің грамматикалық түрлері мен түбір орфограммасын нақты көрсету үшін (оқу, оқы, оқиды; жылжу, жылжы, жылжиды; нығаю, нығай, нығаяды; ұлғаю, ұлғай, ұлғаяды) тұрғысынан жүзеге асырылды.
Жетіншіден, жалқы есімдер, жер-су атаулары, күрделі атаулар емлесі Орфографиялық сөздіктің соңында жеке тізбе арқылы беріледі. Дегенмен тіл қолданысы үшін мейлінше актуалды Ата заң, Мәңгілік ел, Ақорда, Елбасы, Наурыз мейрамы, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек ата типтес тілдік бірліктер сөзтізбе қатарынан орын алады.
Латын графикасы негізіндегі әліпби бойынша кирилше-латынша параллель орфографиялық сөздіктің белгілі бір лексикографиялық межелерді басшылыққа ала отырып, толықтырылған, сұрыпталған, жүйеленген, жаңартылған нұсқасы қазақ сөзінің кодификациясы мен нормалануының үлгісі ретінде қазақ тілі қолданылатын барлық салаларға қажетті құрал болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет