ҚОРЫТЫНДЫ 1948 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде ақын Жақан Сыздықовтың «Қос қыран» атты жаңа өлеңдер кітабы жайында Серіктің рецензиясы жарияланды. Бұл оның баспасөз бетінде алғашқы жарық көрген сын еңбегі еді. Рецензия авторы КазПИ-дің филология факультеті екінші курсының студенті болатын.
Сын өнеріне икемін езіне де аңғартып, езгеге де байқатқан осы бастапқы енбегінен кейін, ол сыншылық жолға белді бекем буып түсе бастады. Қаламы да бірте-бірте ұшталып, өткірлене берді. Ойы да қанаттанып өсе берді...
Серіктің творчестволық жолына қарасақ, оның әдеби сапарының қатар жарасып келе жатқан үш саласын байқаймыз. Бір саласы — қазіргі әдебиеттің жай-күйі жайындағы, замандас қаламгер творчествосы хақындағы әдеби-сын мақалалары; екінші тармағы — ұлттық әдебиетіміздің даму кезеңдері, өсу жолының ерекшеліктерін сипаттайтын ғылыми зерттеулері; үшінші саласы — әдеби оқулықтар және әдебиетті оқыту проблемасын қарастыратын методикалық еңбектері.
Бізде сыншы деген атауды, көбінесе бүгінгі әдебиет мәселесіне белсене араласып жүрген қаламгерге, қатысты ғана қолданып, ал әдебиеттің өткен жолын зерттеумен шұғылданушы әріптесімізді әдебиет зерттеуші деп, екеуінің арасына сәл жік қойып сөйлейтін бір әдет бар. Әдеби икемнің қай жағы басым екенін керсету үшін айтылатын болар. Кейбір әріптесімізге қатысты айтылғанда, мүмкін, бұл дұрыс та шығар. Серікті сыншы дегенде, мен сол екі атаудың арасынан жік көре алмаймын. Мұның себебі, біріншіден, Серіктің сыншы ретінде жазған әдеби мақалалары мен зерттеуші ретінде жасаған еңбектерінен бір ғана ортақ сипат табамын, жеңілдің бетімен қалқымай, тереңге бойлап отыратын байсалды ойдың желісін танимын.
Екіншіден, оның бүгінгі әдебиет проблемалары турасында қозғаған сөздерінен әдебиеттің өткенін зерттеуге де қатысы бар келелі ойларды ұшыратамын. Ал, әдебиеттің өткенін сыр шерткен еңбектерінен қазіргі әдебиет мәселелерін де қамтыған ұшқыр пікір өрісін көреміи. Бүгінгі күн тақырыбы жөнінде ой толғай ма, әлде әдебиеттің кешегісі жайында сөз қозғай ма, қай-қайсында да сыншы Серіктің айнымай ұстанып отыратын шарты бар. Ол шарт — әдеби туындының идеялық-керкемдік құнын оның шындыққа қатысына қарап айқындап, қоғамдық мақсат-мұрат тұрғысынан бағалау.
«Әдебиет пен өнер» — мәңгілік әсемдікті жырлаушы. Нағыз керкем туынды бүкіл адам баласына барлық уақытта бірдей қызмет етеді. Бірақ бұған қарап, адамзатқа ортақ құбылыстарды дерексіз жырлай беру қажет емес.
Серіктің сын-зерттеу еңбегінің үлкен бір бөлімі — жеке қаламгер творчествосы туралы сез қозғайтын мақалалары. Бұларда қазақ совет әдебиетінің іргесін қаласқан әйгілі шеберлерден бастап, бүгінгі шаққа дейінгі әр буынның көрнекті өкілдерінің өнер сапары сипатталады. Және айырықша сүйсініп айтарлық жай: сыншы жазушы еңбегі туралы сыр шерткенде, қаламгердің бүкіл өнер жолына көз жіберіп, оның алғашқы қанат қағысын да еске алып, асқан асуларын да, көтерілген биіктерін де көріп, өнерпаздың кей-кейде мүлт кеткен сәттерінде де байқап. бірақ кең тынысын танып, жоғарыдан-жоғарыға шарықтап бара жатқан екпініне қуанады. Серіктің бұл топтағы мақалаларында жазушылардың творчестволық портреттері жасалды. Сыншының Жамбыл, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет, Баймағамбет, Мұхтар, Сәбит, Сабыр, Иса, Қасым, Мәжит Дәулетбаев, Мұқан Иманжанов, Сапарғали Бегалин, Ғабит, Ғабиден, Асқар, Әбділда, Ғали, Қалижан, Хамит, Жұбан, Кәкімбек, Тұманбай, Фариза, Оралхан т. б. қаламгерлер творчествосы туралы жазған сын-шығармаларында дәл осы сипат бар.
Серіктің ғылыми-зерттеу саласындағы бастапқы еңбегі — Спандияр Кебеевтің жазушылық қызметі туралы монографиясы (Ол бұл еңбегінің негізінде 1956 жылы кандидаттық диссертация қорғады). Бұған жалғаса жазылған монографиясы Ғабиден Мұстафин творчествосына арналады.
1962 жылы Серіктің «Сәкен Сейфуллин» атты монографиясы жарық көрді. (Ол осы еңбегінің негізінде 1964 жылы докторлық диссертация қорғады). Серіктің бұл монографиясы — қазақ совет әдебиеттану ғылымына ірі үлес қосқан, сонымен қатар, сыншының өз творчествосының де биіктеп өскенін танытқан елеулі еңбек болды.
Бұл еңбекте автор Ұлы Октябрь социалистік революциясы туғызған советтік жаңа қазақ әдебиетінің ту ұстаушысы — жалынды революционер ақын Сәкеннің жазушылық жолын жан-жақты терең зерттейді және бір адамның өнер сапарының бойын ғана қаулап кетпей, социалистік ұлттық әдебиетіміздің қалыптасу, даму кезеңдерін кең қамтиды.
Екіншіден, монографияда Сәкеннің жазушылық қызметі, енер сапары қазақ совет әдебиетінің даму, өркендеу жолымен тығыз байланысты зерттеледі, күрескер ақынның революцияның дауылды жылдарындағы шығармаларының сипаты, революционер; ақын творчествосындағы социалистік құрылыс жырларының ерекшелігі, Сәкеннің драматургиялық және прозалық туындыларының сапа-қасиеті — осының бәрі де советтік ұлттық әдебиетіміздің өрлеу кезеңдернің ақиқатын танытатындаи дәрежеде, сол өрлеп-дамудың әр кезеңінің түйінді мәселелері қамтыла тексеріледі.
Кітапта Сейфуллин шығармаларының жаңалығы, ерекшелік белгілері заманның жаңалықтарына байланысты түрде сипатталған. Өз емірін езілген халықтың бостандығы, бақыты жолындағы күреске арнаған революционер ақын өзінің бүкіл шығармаларының идеясын осы мақсатқа бағындырды. Сейфуллин шығармаларындағы жаңа әуенді, соны сапаны, өзгеше ерекшелікті көрсетуге зерттеуші, міне, пікірді сол мәселеден шығарып, өрбітіп айтады.
Зерттеуші Сәкен поэзиясының ерекшелік белгілерін, революционер ақынның әдебиетке әкелген жана әуенін оның өлеңдерінің өзгеше құрылысынан поэтикалық тілінен ғана таппайды, ақын жырларының бүкіл рухынан, сарынынан танып айтады. Сәкеннің поэзиясындағы өршіл ақынның тәкаппар үні бар; бірақ Сәкен, Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ, «өзімен, өз табымен тәкаппарлық етеді». Сәкен поэзиясының осы қасиеті Серіктің зерттеуінде жан-жакты жақсы танылады. Автордың бұл монографиясы кейін екінші мәрте қайтадан басылып шықты.
Сыншы-ғалым Серік Қирабаев творчествосының үлкен бір тармағы — оның адебиет пәні оқулықтарын жасау саласындағы еңбегі. Бұл салада 1952 жылдан бері белсенді еңбек етіп келе жатқан ол — республика жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған қазақ совет әдебиеті оқулығының және қазақ орта мектебінің IX—Х-кластарына арналған қазақ әдебиеті оқулықтарының авторы.
Сыншы-ғалымның өнімді творчестволық еңбегімен қатар, ғылыми-қоғамдық және педагогтық қызметін де сүйсініп айтамыз. Серік Қирабаев — филология ғылымдарының докторы, профессор, СССР Педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі. Ол Қазақтың Абай атындағы мемлекетік педагогика институтында әдебиеттен жастарға дәріс беріп, көп жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келеді. Қазір Серік Қирабаев — Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтының директоры. Сыншы-ғалымның әдеби творчестволық ісіне қоғамдық және педагогтық қызметтерін жарасымды ұластыра жүргізуінің өзі — ірі еңбектердің қасиетін танытса керек.