Norton Commander операциялық қабыршығы
Norton Commander мүмкіншілігі.
Norton Commander – қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған программа, онда командаларды пернетақтада термей-ақ тек пернелерді басу арқылы орындауға болады. Ондай операциялық жүйемен жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды «операциялық қабыршық» деп атайды.
Norton Commander қолданушыға келесі мүмкіндіктер береді:
Экранда әрдайым каталог мазмұнын көрсетеді;
Диск, каталог, файл және жедел жады мөлшері туралы информация алуға;
Бір каталогтан екіншісіне көшуге;
Каталогтар құруға, атын өзгертуге, көшіруге және өшіруге;
Каталогтардан файлдарды (тобымен немесе жалғыздан) көшіруге, ауыстыруға, атын өзгертуге және өшіруге;
Кез-келген файлды көруге және мәтіндік файлдарды түзетуге;
Командалық жолдарды түзетіп, DOS-тың кез-келген командасын орындауға болады.
Norton Commander-ді іске қосу.
NC. EXE файлының толық жолынан тұратын келесі команданы теру керек:
C:\NC\NC
бұндағы C: - NC. EXE файлы жазылған диск аты, ал NC – каталог аты.
NC - Norton Commander деген сөздің басқы әріптерінен құралған қысқартылуы, командадағы бірінші NC-каталог атын, екінші NC-программа атын (nc.exe) көрсетеді.
Norton Commander-ден шығу
Norton Commander жұмысын аяқтау үшін: F10 пернесін басу қажет. Экранға сұхбаттық терезе шығады:
Онда «Шынымен Norton Commander – де жұмыс бітті ме» деген сұрақ бар, егер «Yes» (yes –иә) немесе «Enter» (енгізу) пернелерін бассаңыз, экраннан терезелер мен меню жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |