қызметкерлер жалдап,
оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-əрекеттер жасаудан
алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге жəне
Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес басқа да iс-əрекеттер жасауға құқылы.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың азаматтар мен заңды тұлғалар
өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-əрекеттер
жасаудың құпиялылығын
сақтауға жəне нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға
жарамды үй-жайы болуға тиiс.
Жекеше нотариус Нотариат туралы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген
нотариаттық əрекеттер жасау нəтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын
мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
сақтандыру шартын
жасасуға мiндеттi жəне оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-əрекеттер жасауға
кiрiсуге құқығы жоқ.
Нотариустың нотариаттық iс-əрекеттер жасауы нəтижесiнде зиян келтiру
салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
сақтандырудың тəртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының
заң актiлерiмен
белгiленедi.
Достарыңызбен бөлісу: