Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №13. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №13. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия 
Нотариус лицензиясын алу тəртібі. Лицензия беруден бас тарту. Нотариус 
лицензиясының күшін тоқтата тұру. Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу. Нотариус 
лицензиясының күшін тоқтату.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша 
Қазақстан Республикасының Əдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) 
нотариусқа нотариаттық iс-əрекеттер жасауға уəкiлдiк бередi. Нотариус лицензиясын 


алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi, лицензия беру мерзімі мен тəртібі тиісті нормативтік 
құқықтық актілермен белгіленеді. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн 
басты лицензия болып табылады жəне ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында 
қолданылады. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену 
тəртiбi салық заңдарымен белгiленедi. Қазақстан Республикасының Əдiлет министрлiгi 
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн 
жүргiзедi жəне ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға 
лицензия берiлген адамдар туралы мəлiметтер жариялайды, онда:


1) нотариустың тегi, аты, əкесiнiң аты;
2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының Əділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын 
тапсырған адамдар, тұрақты судьялар жəне өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар 
жасағаны жəне заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды 
қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк 
нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия 
алуға құқылы. Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға үміткер адамдардың аттестаттаудан 
өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi лицензиялау туралы заңдармен 
белгiленедi. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш иесiне ол 
қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша 
түрде дəлелдi шешiм берiледi. Бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға 
болады.
Нотариус лицензиясының күшiн азаматтардың арыздары, аумақтық əдiлет 
органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, 
сондай-ақ салық қызметiнiң ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы Əдiлет 
министрлiгiнiң шешiмiмен тоқтатыла тұрады. Нотариус лицензиясының күшi алты айға 
дейiнгi мерзiмге мынадай жағдайларда:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясынан айыру жөнiндегi 
талап-арыз iсiн қозғағанда; 
2) нотариус қылмыстық iс бойынша айыпталушы ретiнде тартылған жағдайда;
3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, əкесiнiң атын өзгерткенi, сондай-ақ оның үй-
жайының орналасқан орны өзгергенi туралы мəлiметтердi аумақтық əдiлет органына бiр 
ай iшiнде хабарламағанда; 
4) нотариус осы Заңға сəйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда;
5) нотариус нотариаттық iс-əрекеттердi жасаған кезде Қазақстан Республикасының 
заңдарын бұзғанда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның 
қолданылуын тоқтата тұру себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның күшi 
мұндай шешiм нотариусқа жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға 
себеп болған мəн-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшiн қалпына 
келтiру туралы шешiм шығарады. 
Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-
əрекеттер жасалуына тыйым салуға жəне нотариустың жеке мөрiн аумақтық əдiлет 
органына тапсыруына əкеп соғады. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе 
қалпына келтiру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Əдiлет министрлiгiнiң 
ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата 
тұру 
туралы 
шешiм 
жөнiнде 
сотқа 
шағымдануға 
болады. 
Əдiлет аттестаттау комиссиясының не прокуратура органдарының, не Қазақстан 
Республикасы Əдiлет министрлiгiнiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап 
қоюы 
бойынша 
сот 
шешiмiмен 
мынадай 
жағдайларда:
- жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексiн бiрнеше рет бұзғанда; 
- нотариус нотариаттық iс-əрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының 
заңдарын бiрнеше мəрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке жəне заңды тұлғалардың 
мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;
- лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда; 
- лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дəйектемесiз 
немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда; 
- лицензияның күшi үш мəрте тоқтатылғанда; 
- аттестаттаудың нəтижесi терiс болғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып 
алынады. 


Лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Əдiлет 
министрлiгiнiң шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:
1) нотариус өз тiлегiмен өтiнiш бергенде;
2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен 
тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде; 
3) нотариус қайтыс болғанда; 
4) нотариус қылмыс жасағаны үшiн сотталғанда - үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн;
4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату 
туралы қаулы шыққанда; 
5) нотариус заңдарда белгiленген тəртiппен iс-əрекет жасауға қабiлетсiз не iс-əрекет 
жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғанда; 
6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кəсiптiк мiндеттерiн атқаруы 
мүмкiн болмағанда (медициналық қорытынды негiзiнде);  
7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп 
жарияланғанда нотариус лицензиясының күшi тоқтатылады.  
Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату туралы ұсынысты тиiстi нотариат 
палатасы мен аумақтық əдiлет органы енгiзедi.
Аумақтық əдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi 
тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке 
беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою жəне нотариустың 
жеке мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 
Нотариус лицензиясының күшi тоқтатылуына байланысты даулар сот тəртiбiмен 
шешiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет