Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №16. Нотариаттық əрекеттерді жасаудан бас тарту



Pdf көрінісі
бет27/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №16. Нотариаттық əрекеттерді жасаудан бас тарту
Нотариаттық əрекеттерді жасаудан бас тарту негіздері. Нотариаттық əрекеттерді 
жасаудан бас тартуды рəсімдеу. Нотариус əрекеттеріне немесе нотариаттық əрекеттерді 
жасаудан бас тартуға берілетін шағым.
Егер: 
1) мұндай iс-əрекет жасау заңдарға қайшы келсе;
2) iс-əрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса; 


3) нотариаттық iс-əрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi 
өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса; 
4) заңды тұлға атынан жасалатын мəмiле оның жарғысында немесе ережесiнде 
көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе; 
5) мəмiле заңдар талаптарына сəйкес келмесе; 
6) нотариаттық iс-əрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына 
сəйкес келмесе, нотариаттық iс-əрекет жасаудан бас тартылуы мүмкiн. 
Нотариаттық iс-əрекет жасауды өтiнген адамға бас тартылған жағдайда, нотариус 
ол нотариаттық iс-əрекет жасатуға өтiнiш берген күннен бастап, он күннiң iшiнде жазбаша 
түрде бас тарту себебi көрсетiлген дəлелдi қаулыны бередi. Нотариаттық iс-əрекет 
жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-əрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот 
тəртiбiмен шағымдануға болады. 
 
Дəріс №17. Мəмілелерді куəландыру 
 
Мəмілелерді куəландырудың жалпы ережелері. Нотариат арқылы куəландырылған 
мəмілелердің басымдығы.
Нотариус заңдармен мiндеттi нотариаттық куəландыру белгiленген мəмiлелердi 
куəландырады. Тараптардың тiлегi бойынша нотариус басқа мəмiлелердi де куəландыра 
алады. Нотариус пен нотариаттық iс-əрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар 
табыс еткен мəмiле жобасының мазмұны мен мағынасын түсiндiруге жəне оның мазмұны 
тараптардың шын ниеттерiне сəйкес келетiнiн жəне заң талаптарына қайшы келмейтiнiн 
тексеруге мiндеттi. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу жəне кепiлге салу туралы 
шарттар иелiктен алынатын немесе кепiлге салынатын мүлiкке деген меншiк құқықтарын 
растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куəландырылуы мүмкiн. Тiркелуге жататын 
жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу мен кепiлге салу шартын куəландыру сол мүлiк 
тұрған жерде жасалады.
Нотариус пен нотариаттық iс-əрекеттер жасаушы басқа да лауазымды адамдар 
Қазақстан Республикасының заң талаптарына сəйкес iс-əрекетке қабiлеттi азаматтар 
жасаған жəне олардың өздерi нотариусқа табыс еткен өсиеттердi куəландырады. 
Өсиеттердi өкiлдер арқылы куəландыруға жол берiлмейдi. Өсиеттердi куəландырған кезде 
өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлiкке оның меншiк құқығын растайтын 
дəлелдемелер тапсыру талап етiлмейдi. Нотариус жəне нотариаттық iс-əрекеттер 
жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттiң күшiн жою туралы хабарлама алған, сол 
сияқты бұрын жасалған өсиеттiң күшiн жоятын немесе өзгертетiн жаңа өсиет алған 
жағдайда, өсиеттiң нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық iс-əрекеттердi тiркеу 
тiзiлiмiне бұл туралы белгi соғады. Өсиеттiң күшiн жою немесе өзгерту туралы 
хабарламаны нотариат куəландыруға тиiс.
Нотариус пен нотариаттық iс-əрекеттер жасаушы лауазымды адамдар бiр немесе 
бiрнеше адамның атынан бiр немесе бiрнеше адамдардың атына сенiмхаттарды 
куəландырады. Қайта сенiм бiлдiру тəртiбiмен берiлетiн сенiмхат қайта сенiм бiлдiру 
құқығы сөз болған негiзгi сенiмхатты табыс ету бойынша нотариаттық куəландырылуға 
тиiс. Қайта сенiм бiлдiру тəртiбiмен берiлген сенiмхаттың мазмұнында негiзгi сенiмхат 
бойынша берiлген құқықтан артық құқық болмауға тиiс. Қайта сенiм бiлдiру тəртiбiмен 
берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмi оның берiлуiне негiз болған сенiмхаттың 
қолданылу мерзiмiнен аспауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет